Рамазан айының алғашқы күндері Минск мешітіне ондаған мұсылман келді. Азаттықтың Белорусь қызметінің фотогалереясы.
Минскідегі Рамазан
1
Минск мешітіндегі тарауық намазы. Бұл мешіт осы жердегі ескі мешіттің орнына былтыр салынған.
2
Минскідегі мешіт құрылысын қаржыландыруға Түркия да көмектескен.
3
Мешіттің 2016 жылы қарашада өткен ашылу салтанатына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысқан.
4
Мешітте Құран оқып отырған адам.
5
Минск мешітіне келушілер арасында Беларусьте бірнеше ғасырдан бері тұратын татар-липка мұсылмандары да бар.
6
Беларусьтегі татар-липка қауымы салған ескі мешіт Совет Одағы тұсында қиратылған еді.
7
Беларусь татар-липкалары бұл елге 13 және 14-ғасырларда келген.
8
Шағын татар-липка қауымдары Беларусьте, Польшада, Литвада бар.
9
Күндіз ораза тұтқан жұрт кешкісін сумен немесе сүтпен ауыз ашады.
10
Қасиетті Рамазан айында Минск мешітінде күнделікті ауызашар беріледі.
11
Татар-липка қауымы өкілдерінің көбі тілдерін ұмытқан. Алайда олар діндерін сақтап қалған.
12
Кейбір мәліметтерге қарағанда, татар-липкалар саны 11 мың адамнан асады. Олардың жеті мыңдайы Беларусьте тұрады.
13
Тарихшылар татар-липка қауымын Алтын Ордадан Литва князьдігіне келген алғашқы татарлардың ұрпағы деп біледі.
14
15
Минск мешітіндегі тарауық намазы.