Өткен демалыс күндері Германияға 20 мыңға жуық мигрант келді. Мюнхеннің теміржол вокзалында жергілікті тұрғындар мигранттарды қарсы алды. Бірақ олардың келгеніне наразылар да бар. Германиядағы босқындарды орналастыру орталықтарында екі бірдей өрт шықты. Полиция өрттің бірін мигранттардың келуіне қарсылар шығарған дейді. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі мекемесі Еуропа Одағын (ЕО) 200 мыңға жуық босқынды қабылдауға шақырды. Франция президенті Франсуа Олланд дүйсенбі күні "Еуропа комиссиясының ЕО елдерінің әрқайсысына босқындар квотасын белгілеуге дайындалып жатқанын, мигранттардың санын 120 мың деп есептеп отырғанын" мәлімдеді. Олланд Францияның 24 мың босқынды қабылдай алатынын айтты.
Еуропадағы босқындар
Өткен демалыс күндері Германияға 20 мыңға жуық мигрант келді. Мюнхеннің теміржол вокзалында жергілікті тұрғындар мигранттарды қарсы алды. Бірақ олардың келгеніне наразылар да бар. Германиядағы босқындарды орналастыру орталықтарында екі бірдей өрт шықты.

1
Венгриядағы лагерьге орналастырылған Таяу Шығыс және Африка елдерінен келген мигранттар. 7 қыркүйек 2015 жыл.

2
Сербиядағы Субботица ауылындағы лагердегі мигранттар мен босқындар. 7 қыркүйек 2015 жыл.

3
Берлин маңындағы уақытша орналастыру лагеріне әкелінген босқындар отбасының балалары. 7 қыркүйек 2015 жыл.

4
Мюнхен маңындағы мигранттардың уақытша лагері. 7 қыркүйек 2015 жыл.

5
Венгриядан Австрия астанасы Венаға әкелінген босқындар пойыздан түсіп жатыр. 7 қыркүйек 2015 жыл.

6
Македониядағы босқындар лагеріндегі шоқпар ұстаған полицей. 6 қыркүйек 2015 жыл.

7
Грекия мен Македония шекарасында тіркеуді күтіп отырған босқындар. 7 қыркүйек 2015 жыл.

8
Македония полициясы Венгрияға баратын пойызға асыққан босқындарды тоқтатуға тырысып жатыр. 7 қыркүйек 2015 жыл.