Accessibility links

Мостар. Кеше және бүгін

Босния мене Герцеговинаның тарихи ескерткіштерінің бірі - Мостар 1993 жылғы қарашаның 9-ы күні соғыстан қатты бүлінді. Қалада 1566 жылы Осман империясы тұсында салынған ескі көпірді босниялық мұсылмандармен кескілескен шайқаста хорват зеңбіректерінің оғы талқандап кетті.

Тарихи көпірді жоюға бұйрық берген бұрынғы босниялық хорваттар қарулы күшінің басшысы Слободан Пральякты бұрынғы Югославия бойынша құрылған халықаралық трибунал 2013 жылы соғыс қылмыстарына айыпты деп атаған. 1993 жылы тарихи нысанды құртуға бұйрық берген кезде Пральяк «бұл бар болғаны ескі көпір ғана» деп айтқан деседі. Прильякқа 20 жыл түрме жазасын беру туралы үкімді 2017 жылғы қарашаның 29-ы күні Гаагада апелляциялық сот күшінде қалдырды. Сол күні Пральяк у ішіп өлді.

Соғыстан кейін Мостарда қираған көпірді ескі тастардан қалап, 2004 жылы жаңғырту жұмыстарынан кейін қайта қалпына келтірген. Ол соғысты тоқтату туралы бейбіт бітімнің нышанынан айналды. Азаттық Мостардың соғыс кезіндегі және одан кейін қайта қалпына келтірілген тарихи ескерткіші туралы фотогалерея ұсынады.

XS
SM
MD
LG