Accessibility links

Қырғызстан президенті Атамбаевтың Өзбекстанға сапары

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 5 қазанда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайында оны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, өзбек сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усманов және Қырғызстандағы Өзбекстанның төтенше және өкілетті елшісі Коми Рашидов қарсы алды.

Сапар барысында Қырғызстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

2 қазанда Атамбаев Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы 2017 жылғы 5 қыркүйекте Бішкекте қол қойылған келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған. Үкіметтің ақпараты бойынша, ұзындығы 1378 шақырым жалпы шекараның 1170 километріне (85 пайыз) қатысты келісім жасалған. Қалған 208 шақырым (15 пайыз) жыл соңына дейін нақтылануы мүмкін деп хабарланды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қыркүйектің басында Қырғызстанға сапармен барған соң қырғыз-өзбек шекарасында бірнеше өткізу бекеті ашылған.
Түгелін оқыңыз

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев әйелі Раиса Атамбаевамен бірге Өзбекстанға келді. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.
1

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев әйелі Раиса Атамбаевамен бірге Өзбекстанға келді. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан басшысын Ташкент әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен оның зайыбы Зироатхон Хошимова қарсы алды.
2

Қырғызстан басшысын Ташкент әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен оның зайыбы Зироатхон Хошимова қарсы алды.

Алмазбек Атамбаев пен Шавкат Мирзияев амандасып тұр.
3

Алмазбек Атамбаев пен Шавкат Мирзияев амандасып тұр.

Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері және олардың жұбайлары салтанатты қарауыл қойылып, қызыл кілем төселген Ташкент әуежайының ұшу алаңымен келе жатыр.
4

Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері және олардың жұбайлары салтанатты қарауыл қойылып, қызыл кілем төселген Ташкент әуежайының ұшу алаңымен келе жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG