Ядролық апаттан зардап шеккен Чернобыль аймағында күннен қуат алатын жаңа электр станциясы бой көтерді
Чернобыльдағы жаңа электр станциясы

1
Күннен қуат алатын электр станциясының желісін құрастырып жатқан жұмысшылар. Олардың арғы жағында алыстан көрініп тұрған - 1986 жылы апат болған ядролық реактордың мұнарасы. Чернобыль атом электр станциясы адамзат тарихындағы ең ірі ядролық апат болған нысан ретінде белгілі.

2
Жаңа станцияда Күннен қуат алатын 3800 панель болады. Жобаны атқарып жатқан украин-неміс бірлескен компаниясы 10 қаңтарды France-Press (AFP) агенттігіне болашақта жаңа электр станциясы өндіретін электр қуаты ірі ауылды немесе 2 мың тұтынушыны қамтамасыз ете алады деп хабарлады.

3
Жобаны жүзеге асырушы компания қаңтар айында құны 1,2 миллион доллар тұратын жаңа қуат станциясы "бірнеше аптаның ішінде іске қосылады" деп мәлімдеген.

4
Чернобыль атом электр станциясынан үш шақырым жердегі Припять қаласында ешкім тұрмайды. 1986 жылғы апаттан соң аумағы Люксембургпен бірдей аймақ өмір сүруге қауіпті және ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз деп танылған.
AzattyqTV
Фотогалерея
-
Премьер-министрлер
Қазақстан үкіметін басқарғандар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Үкімет отставкасы: Билік ауысуының басы ма әлде...?
-
Аймақ баспасөзі
Тайсойғандағы қытайлар және полиция қысымы
-
Арман Евниев
"Халықпен жұмыс дұрыс жүрмей тұр"
-
БҰҰ жиыны алдында
Қытай дипломаттардың төртінші тобын Шыңжаңға апармақ