Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:14 13.3.2020

Әлемдегі жағдай: Прагада Димаш Құдайбергеннің концерті болмайды

Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген.

109 адамнан вирус табылған Чехия билігі ел аумағында бір ай төтенше жағдай жариялап, көпшілік қатысатын іс-шара өткізуге тыйым салды. Демек, бұған дейін наурыздың 25-і күні Прагада өтеді деп жоспарланған қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің концерті де болмайды. Болгария да елде төтенше жағдай жариялады.

АҚШ-тың жеті штаты 16 наурыздан бастап екі аптаға мектептерді жапты. Португалия да 9 сәуірге дейін мектептерді, түнгі клубтардың жұмысын тоқтатты. Бельгияда, Францияда сәуірдің басына дейін мектептер, мейрамханалар, клубтар, жұмыс істемейді. Катар кинотеатрлар мен балалар ойнайтын алаңдардың жұмысын шектеді. Түркия мектептер мен университеттердегі сабақты үш аптаға тоқтатты.

Испания Каталония аймағындағы төрт қаланы карантинге жапты. Бұл елде вирус жұқтырғандар үш мыңнан асып кетті. 86 адам қаза болды.

 

 

15:07 13.3.2020

Біртанов: Алматыда қазір төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ

Елжан Біртанов, денсаулық сақтау министрі
Елжан Біртанов, денсаулық сақтау министрі

13 наурыздағы брифингте денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов “вирус жұқтырған екі қазақстандық жатқан Алматыда дәл қазір төтенше жағдай жариялауға негіз жоғын” айтты.

“Қазір қалада төтенше жағдай жариялауды жергілікті әкімдік шешеді. Әрине, біз олармен байланыстамыз. Бірақ дәл қазір төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ. Егер коронавирус жұқтырғандар саны өссе, төтенше жағдай жариялануы да мүмкін” деді министр.

Министрліктің дерегінше, вирус жұқтырған екі қазақстандықтың бірі 1974 жылы, екіншісі 1984 жылы туған. 

15:02 13.3.2020

Қазақстанда қанша адам карантинде жатыр?

Қазақстанда 16 наурыздан бастап оқушылар ерте каникулға шығады. Ал студенттер толығымен онлайн оқу жүйесіне көшеді. Елде кинотеатрлар жұмысын уақытша тоқтатты. Наурыз мерекесіне арналған шаралар да өтпейді. Қазақстан билігі Қытай, Иран, Италия, Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Испания, Швейцария, Сингапур, Гонконг, АҚШ сынды елдерден келгендерді карантинге жібереді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір Қазақстанда үш мыңға жуық адам карантинде. 

14:45 13.3.2020

Қолды қалай жуу керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан сақтану үшін қолды тазалап жууға кеңес береді. Қолды қалай жуу керек? Бір минутыңызды бөліп көріп шығыңыз.

Қолды қалай жуу керек? Қолды қалай жуу керек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

 

Тағы

XS
SM
MD
LG