Қазақстанда төртінші адамнан вирус табылды
Қазақстанда төртінші адамдан коронавирус табылды. Бұл туралы 13 наурыз кешкісін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип хабарлады.
Оның сөзінше, вирус Алматы қаласының 1976 жылғы тұрғынынан табылды. Ер адам Қазақстанға 13 наурызда Германиядан жолаушылар ұшағымен ұшып келген. Қазір вирус жұқтырған қазақстандық Алматыда арнайы ауруханада жатыр.
Бұған дейін Қазақстанда үш адамнан вирус табылған.
Вирус деген не?
Вирус қалай тарайды? Қандай ортада өмір сүреді? Әлемде қанша вирус түрі бар? Түсіндіреміз.
- Авторы: Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ
Коронавирус "ажиотажы". Қазақстанда азық-түлік жете ме?
Қазақстанда тұрғындар супермаркет пен базарлардан жаппай сауда жасап, азық-түлікке кезек байқалды. Бірақ үкімет "тауар қоры жеткілікті, баға бақылауда" дейді. Ал жкономист жақын күндері тауар бағасы қымбаттайтынын айтады. Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлының репортажы.
Иран елдегі бүкіл көшені дезинфекцияламақ
Иран билігі коронавирустың тарауын тоқтату үшін қарулы күштерге елдегі бүкіл көшелерді 24 сағат ішінде дезинфекциялап тазалауды бұйырды.
Қарулы күштерінің жетекшісі, генерал-майор Мохаммад Баегри 13 наурызда телеарна арқылы “Біздің құқық қорғау және қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігі және аймақ әкімдіктерімен бірігіп, дүкендерді, көшелерді және жолдарды толық тазалайды” деді.
Иран денсаулық сақтау министрлігі 13 наурызда вирустан тағы 85 адам қаза болғанын мәлімдеді. Иранда қазір коронавирустан 514 адам көз жұмды. Қытайдан тараған вирустан көп зардап шеккен Иранда қазір 13364 адам дертке шалдыққан.
Батыс елдері мен сарапшылар Иранда вирус жұқтырғандар мен қаза болғандар саны әлдеқайда көп деген күдік келтіреді. Елде мектептер, университеттер жабылып, діни, мәдени және спорт шаралары тоқтады.
12 наурызда Иран Халықаралық қаржы фондынан 5 миллиард доллар қарыз сұрады. Иран сыртқы істер министрі Мохаммед Жавад Зариф АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін ядролық бағдарлама бойынша салған санкцияларды тез арада алып тастауға шақырды. Зариф санкцияның кесірінен дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғыларды импорттай алмай отырғанын мәлімдеді.