- Авторы: Жаңагүл ЖҮРСІН
Ақтөбеде фермерлер вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге ақша аударды
Коронавируске қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында қазақстандықтар ақша аударып жатыр. Ақтөбеде 117 ұсақ шаруа қожалығының басын біріктірген фермерлер орталығы 18 наурыз күні банкке барып, 750 мың теңге салды.
"Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"
Қазақстанда дәрігерлер коронавирус қаупіне байланысты тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Әлеуметтік желіде дәрігерлер "Сіз үшін жұмыста қалдық, біз үшін үйде болыңыз" деген челлендж бастады.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар екі жүз мыңнан асып кетті
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан, қаза болғандар саны сегіз мыңнан асты. Вирус 170 елден табылды. Вирус шыққан Қытайда кейінгі 24 сағатта 13 адам ғана дертке шалдыққан. Бірақ бұл елде қаңтардың басынан бастап 80800 астам адамға вирус жұғып, 3200 адам қайтыс болды. Дәл қазір вирустан Италия (31000 адамнан вирус табылып, 2500 адам қаза болды), Иран (17300, 1135), Испания (13700, 616), Германия (10 мың, 26), Франция (7700, 175), АҚШ (6400, 116) елдері көп зардап шегіп жатыр. Оңтүстік Кореяда үшінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны жүзден аз. Бұл елде барлығы 8400 адам дертке шалдығып, 84 адам опат болды.
Қазақстанда қазір 36 адам Covid-19 дертімен ауырып жатыр.
Covid-19 дерті басқа дерттерге қарағанда қаншалықты қауіпті, қаншалықты тез жұғады? Салыстырып көрдік.