Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:31 20.3.2020

Министр: Қазақстанда комендант сағатын енгізу жоспарда жоқ

Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Алматы, 18 наурыз 2020 жыл.
Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Алматы, 18 наурыз 2020 жыл.

20 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев "елде комендант сағаты енгізу мәселесі талқыланып жатқан жоқ" деп мәлімдеді.

"Комендант сағатын енгізуді қарастырып жатқан жоқпыз. Қазіргі төтенше жағдай режимі мемлекеттің барлық функциясын атқаруға және вирустың таралуын тоқтатуға жеткілікті" деді ол.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы қаласында темір жол және әуе қатынасын толық тоқтату жоспарланған.

16:22 20.3.2020

Испанияда қаза болғандар саны мың адамнан асты

20 наурыз Алматы уақытымен 17.00-дегі жағдай бойынша, әлемде 250 мың адамнан вирус табылды. Қаза тапқандар саны 10 мыңнан асып кетті. 80 мың адам дертінен айыққан. Испания билігі елде вирустан көз жұмғандар мыңнан асқанын хабарлады. Бұл елде 20 мыңнан астам адамнан вирус табылған. Осылайша, Испания – коронавирустан мың адам қаза болған әлемдегі Қытай, Италия, Ираннан кейінгі төртінші ел.

Қытайда жұма күні ел ішінде вирус жұқтырғандар тіркелмеді. 19 наурызда Қытайда вирус жұқтырған 35 адам елге сырттан келген. 

19 наурызда Бразилияның Рио-Де-Жанейро қаласындағы Жарылқаушы Христос ескерткішінде вирус табылған елдердің туы шықты. Олардың қатарында Қазақстанның туы да бар.

 

 

15:48 20.3.2020

Орталық Азия елдері қозғалысты шектеп жатыр

Манас әуежайындағы ұшақ. Бішкек, 18 наурыз 2020 жыл.
Манас әуежайындағы ұшақ. Бішкек, 18 наурыз 2020 жыл.

Өзбекстан көлік министрлігі 20 наурыздан бастап халықаралық бағыттар бойынша әуе, көлік және темір жол қатынасын 40 күнге тоқтатты. Министрлікке сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, шектеудің жүк және сыртқа тауар тасымалдауға қатысы жоқ.

Өзбекстанда коронавирус жұққан алғашқы адам 15 наурызда анықталған еді. Ресми дерек бойынша, қазір елде вирус жұқтырғандар саны 33-ке жетті.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі де 20 наурызда халықаралық баыттар бойынша ұшақ рейстерін тоқтататынын хабарлады. Биліктің айтуынша, коронавирусқа байланысты жағдай "тұрақталғанға дейін" шектеу шаралары күшінде болады. Тек Мәскеу — Бішкек — Мәскеу, Новосібір — Бішкек — Новосібір және Мәскеу — Ош — Мәскеу бағыты бойынша рейстер тоқтамайды.

20 наурыз күнгі дерек бойынша Қырғызстанда коронавирус жұққан алты науқас бар.

Ал Түркіменстан ел астанасы Ашғабатты жауып, қаладан кіріп-шығуға тыйым салды. Бұл елде вирус жұқтырғандар бар-жоғы белгісіз.  

Оқи отырыңыз: Орталық Азия елдерінің коронавируспен күрестегі ала-құла стратегиясы

15:16 20.3.2020

Алматыдағы 22 науқастың жағдайы қалай?

Дене қызуын тексертіп жатқан тұрғын. Алматы, 17 наурыз 2020 жыл.
Дене қызуын тексертіп жатқан тұрғын. Алматы, 17 наурыз 2020 жыл.

Алматыда коронавирус жұқтырған 22 адамның екеуінің жағдайы орташа ауыр. Ал 20 науқастың жағдайы орташа. Жағдайы ауырлағандардың қатарында  екі жасар сәби бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

"Бірінші науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты (диагнозында обструктивті бронхиті болған). 2018 жылғы сәби жиі жөтеледі, рентгенге түсірген кезде оң жақ өкпесінен пневмония анықталды, жағдайы орташа ауыр" деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Набира Эсенова.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.

 

Тағы

XS
SM
MD
LG