Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

19:52 28.3.2020

Әлемдегі жағдай. Испанияда бір күнде 823 адам қайтыс болды

Коронавируспен күресіп жатқан испаниялық дәрігерлер. 2020 жылдың наурызы
Коронавируспен күресіп жатқан испаниялық дәрігерлер. 2020 жылдың наурызы

Испания денсаулық сақтау министрі 24 сағатта коронавирустан 823 адам қайтыс болғанын, елде барлығы 5690 адам көз жұмғанын хабарлады. Испанияда 72248 адам вирус жұқтырды. Қазір Испания – коронавирустың эпицентріне айналған елдердің бірі.

Иранда 24 сағатта 3000 адамнан вирус табылды. Қазір бұл елде 35400 адам дертке шалдыққан. Қайтыс болғандар – 2517 адам.

Түркияда бір апта ішінде вирус жұқтырғандар 5698 адамға жетті. 92 адам көз жұмды. Ел билігі пойыздарды, автобустарды, халықаралық рейстерді тоқтатып жатыр. Тұрғындардың басқа қалаға баруына тыйым салынды.

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмғандар мыңнан асты.

Вирус шыққан Қытайдың Ухань қаласы екі ай карантиннен кейін жартылай ашылды. Халық қалаға кіре алады. Бірақ қаладан шығуға әлі рұқсат жоқ.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде 615 адамнан вирус табылды. 28717 адам қайтыс болды. 135735 адам дерттен айықты.

19:32 28.3.2020

Қарағанды облысында үш адамнан, Атырау облысында бір адамнан вирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 20.28-дегі дерегі бойынша, Қарағанды облысында - үш адамнан, Атырау облысында бір адамнан коронавирус табылды. 

Қазір Қазақстанда 208 адам вирус жұқтырды. Елде 15 адам Covid-19 дертінен айықты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған. Оның вирус жұқтырғаны қайтыс болған соң белгілі болған. 

18:05 28.3.2020

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз

Бұл видео 3-8 жастағы балаларға арналған. Бала тілімен үйде отыру не үшін маңызды екенін бүлдіршіндерге бірге түсіндірелік.

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

 

15:51 28.3.2020

Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғын бес тәулікке қамалды

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде бешатар ұйымдастырған 30 жастағы тұрғын бес тәулікке қамалды. Оған “Төтенше жағдай ережесін бұзды” деген айып тағылды. Ал полиция беташар жасаған асабаға ескерту жасаған.

Осыған дейін желіде "Коронавирус кет, кет" әніне билеп, той өткізіп жатқан видео тараған.

"Коронавирус кезінде той жасаған халық ЭКСПО өткізген үкіметке ұқсайды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:25 0:00

 

Тағы

XS
SM
MD
LG