Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

00:37 30.3.2020

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған екінші адам - Түркиядан келген студент

Ақтөбе облысының бір тұрғыны коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша бұл аймақта коронавирус жұқтырғандар саны екі адам болды. Науқас 29 наурыз күні Ақтөбеге Ақтау арқылы Стамбулдан ұшып келген. Ол 1-курста оқитын қыз. Бұл туралы 29 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 22:00-дегі онлайн брифинг кезінде тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева хабарлады.

Беркімбаеваның айтуынша, Түркиядан ұшып шығып, алдымен Ақтауға, одан Ақтөбеге келген жолаушы  әуежайдан бірден оқшауланған. Науқас қазір инфекциялық аурухана жатыр.

Нұрсұлу Беркімбаева коронавирус жұқтырған қызбен бір ұшақта болған 17 жолаушының анализінің қорытындысы әлі шықпағанын айтты.

Наурыздың 31-іне қараған түні Ақтөбе облысының аумағында ерекше жағдайдағы шектеу режимі енгізіледі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хабарлады.

31 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Ақтөбе қаласының және барлық аудандардың сыртқы периметрлеріне блокпостар қойылады.Облыс аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады. Әуе, теміржол және автокөлікпен жолаушы тасымалы түгел тоқтатылады. Дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа нысандардың бәрі уақытша жабылады.

22:42 29.3.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 284 адамға жетті. Тағы екі адам дертінен айықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 23:30-дағы дерегіне сай, елде тағы 13 адамнан коронавирус (Атырау облысында алты, Алматыда үш, Алматы облысында екі, Нұр-Сұлтанда бір, Ақтөбе облысында бір) табылды. 

Бұдан бөлек, министрлік Алматыда екі адам Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады. 

Қазір елде науқастар саны 284 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

 

 

17:04 29.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы төрт адамнан вирус табылды. Қалада 166 науқас бар

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 17:40-тағы дерегіне сай, Нұр-Сұлтанда төрт адамнан коронавирус табылды. Қалада барлығы 166 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Қазақстан астанасында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін демалыс жарияланбақ, қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды.

29 наурыз Қазақстанда 42 адамға вирус жұққаны белгілі болды. Коронавирус елдің 12 облысында, республикалық маңызы бар үш қаласында тіркелді. Вирус Түркістан облысы мен Қостанай облысында табылған жоқ. 

Қазір елде науқастар саны 271 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

15:44 29.3.2020

Коронавирус Батыс Қазақстан облысына да жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 16:40-тағы дерегіне сай, Батыс Қазақстан облысында екі адамнан коронавирус табылды. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, вирус жұқтырғандардың бірі 48 жастағы әйел, Атырау облысынан келген,  ал екіншісі 53 жастағы әйел, Ресейден келген.

29 наурыз Қазақстанда 38 адамға вирус жұққаны белгілі болды. Коронавирус елдің 12 облысында, республикалық маңызы бар үш қаласында тіркелді. Вирус Түркістан облысы мен Қостанай облысында табылған жоқ. 

Қазір елде науқастар саны 267 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

 

Тағы

XS
SM
MD
LG