Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:18 7.4.2020

Алматыда бір күнде 59 адам әкімшілік жазаға тартылған

Алматыдағы блокбекеттердің бірі. 19 наурыз 2020 жыл.
Алматыдағы блокбекеттердің бірі. 19 наурыз 2020 жыл.

Алматы қаласында соңғы бір күннің ішінде "карантин режимін бұзған" 59 адам әкімшілік жазаға тартылған. 26 адам қамалған, 32 адамға айыппұл салынған. Бір адамға ескерту берілген. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған ресми БАҚ хабарлады.

Алматыда 19 наурызда коронавирусқа байланысты карантин режимі енгізілген болатын. Сол уақыттан бері сот 411 адамды төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартқан. 298 адам қамауға алынған. 194 адамға айыппұл салынған. 14 адамға ескерту берілген.

Соңғы мәлімет бойынша Алматыда 119 адамнан коронавирус табылған. 21 адам жазылған. Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада Нұр-Сұлтаннан (222) кейін екінші орында тұр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ірі қалаларда коронавирус жұқтырғандар санының тұрақтана бастағанын, керісінше аймақта көбейіп жатқанын хабарлаған болатын.

16:31 7.4.2020

Әлемдегі қазіргі жағдай

Ресейлік дәрігерлер коронавирус жұқтырған адамды әкетіп барады. Мәскеу, 4 сәуір 2020 жыл.
Ресейлік дәрігерлер коронавирус жұқтырған адамды әкетіп барады. Мәскеу, 4 сәуір 2020 жыл.

Құрметті оқырман коронавирус бойынша әлемдегі жағдайды бір шолып шығыңыз.

  • Кейінгі 24 сағатта Испанияда коронавирустан 743 адам қайтыс болып, өлім-жітім қайта өсті. Бұл елде үш күн қатарынан коронавирустан көз жұмғандар аз болған еді. Испанияда COVID-19 дертінен 13798 адам бақилық болды. Дегенмен, вирус жұқтырғандар саны төрт күн қатарынан азайып келеді. Қазір 140500 астам адамнан вирус табылған. Испания вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан (368 мыңнан астам) кейін тұр.
  • Қытайда қаңтардың басынан бері алғаш рет адам өлімі тіркелген жоқ.
  • Оңтүстік Кореяда екі күн қатарынан вирус жұқтырғандар елуден аз.
  • Жапония премьер-министрі Синдзо Абе Токио, Осака және тағы бес қалада бір айға төтенше жағдай жариялады.
  • Ресейде алғаш рет бір күнде 1000-нан астам адамнан вирус табылды – 1154. Қазір бұл елде 7497 адамға вирус жұққан.
  • АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде вирус жұқтырғандар 1,3 миллионнан асты. 76 мыңдай адам қайтыс болды. 290 мыңдай адам дерттен айықты.
16:30 7.4.2020

Қазақстанда коронавирустан 50 адам айықты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Coronavirus2020.kz сайтының дерегінше, Қазақстанда 50 адам коронавирустан айыққан. Нұр-Сұлтанда - 27, Алматыда - 21, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам жазылып шыққан.

Эпидемия басталған уақыттан бері 6 науқас қайтыс болған. Жалпы науқастардың саны 685 адам болды.

16:24 7.4.2020

Жамбыл облысында "карантин режимін бұзды" деп айыпталған белсенді 10 тәулікке қамалды

Белсенді Бағдат Бақтыбаев.
Белсенді Бағдат Бақтыбаев.

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны азаматтық белсенді Бағдат Бақтыбаев 6 сәуірде "төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін" он тәулікке қамалды. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің әйелі хабарлады.

- Бағдат өзіміз тұратын аудан орталығындағы "Қазпошта" ғимаратында мемлекет беруге уәде еткен 42 500 теңгені алуға үмітті адамдардың тобын көріп, Facebook желісіне тікелей эфирге шығып, "үкімет карантин жағдайында халыққа жағдай жасамай жатыр" деген мазмұнда наразылығын білдірген. Кейін осы мәселемен жергілікті әкімдікке барған. Түс кезінде сол жерден полиция бөлімшесіне жеткізіп, онлайн сот өтіп, 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарған, - деді белсендінің әйелі Диана.

Оның сөзінше, күйеуіне сәуірдің 6-сы күнгі Шу аудандық сотының 10 тәулік қамауға алу туралы жазасына тағы 18 күн қосылған.

- Биыл қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өткен "қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесті" деп айыпталған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының сотына қолдау көрсетуге барғанда "полицияға бағынбады" деп айыпталып, сол жақта 36 сағат қамауда отырып, қосымша 80 сағат қоғамдық жұмыс жасау міндеттелген. Бірақ Бағдат "жұмыс істемеймін" деген соң 80 сағатты 18 тәулік қамауға ауыстырған болатын. Сәуір айының 16-сында мерзімі келіп, қамауға алынуы тиіс еді. Енді міне сот болып, 10 тәулікке сол 18 тәулікті қосып, бас-аяғы 28 тәулікке қамалды, - дейді белсендінің әйелі.

Іске қатысты соттан қандайда бір комментарий алу мүмкін болмады. Алайда сот кабинетінің ресми сайтында жарияланған қаулыда Бағдат Бақтыбаевтың Әкімшілік кодекстің 478-бабын бұзғаны жазылған. Сот қаулысында жауапкердің Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы "Қазпошта" ғимаратында тұрған халықты "заңсыз іс-әрекетке итермелегені", "карантин режимін" бұзғаны жазылған.

Бақтыбаев өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Жауапкер жақ сот қаулысын апелляцияға бере ме, жоқ па әзірге белгісіз.

46 жастағы белсенді Бағдат Бақтыбаев биыл ақпанда Алматыда "Қазақстанда заң жоқ" деген жазуы бар плакатпен жалғыз адам пикетке шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын. Сот бұл пикетті "заңсыз" деп таныған. Бұған дейін оның Шыңжаң қазақтары Мұсаханұлы мен Әлімұлының сотында "полицейлерді балағаттап, сот залында ысқырғаны үшін" деп айыпталғаны хабарланған еді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG