Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

22:35 31.5.2020

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан бір науқас қайтыс болды 

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды. Науқас 1967 жылы туған. Бұл туралы 31 мамырда түнде денсаулық сақтау министрілігі хабарлады. 

Медицина қызметкерлері құжат толтырып жатыр. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері құжат толтырып жатыр. Көрнекі сурет.

"Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деген шешім қабылдады" делінген ресми хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұққандар арасында адам өлімі болмаған. Бұл облыста тіркелген алғашқы өлім. 

Жексенбі кешкі уақыттан бері министрлік осымен үшінші адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлап отыр. Бірнеше сағат бұрын ведомство Шымкент қаласы мен Павлодар облысында 1959 жылғы ер адам мен 1966 жылғы әйел адамның қайтыс болғанын хабарлаған

Елде коронавирустан барлығы 41 адам қайтыс болды. Бұған дейін Азаттық Қазақстанда коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық барын жазған. 

Елде барлығы 10 858 адамнан коронавирус табылған. 5 мыңнан астам адам жазылған.

17:55 31.5.2020

Әлемде вирус жұқтырғандар 6 млн адамнан асты

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 6 миллионнан асты. Соңғы уақытта науқастар санының ұлғаюы байқалады. Өткен тәулікте әлемде 120 мыңнан астам жаңа науқас анықталған.

Сатушыларды қорғайтын құралдар. АҚШ, мамыр айы 2020 жыл.
Сатушыларды қорғайтын құралдар. АҚШ, мамыр айы 2020 жыл.

Сенбі күні әлемде орташа есеппен 4-5 мың адам қайтыс болған. Эпидемия басталғалы бері барлығы 370 мың адам қайтыс болған. Worldometers мәліметі бойынша, 2,7 млн адам жазылған. Ауруы аяқталғандар саны (жазылғандар мен қайтыс болғандар) емделіп жатқандардан көп.

Науқастар саны жағынан АҚШ әлемде алда тұр. Мұнда 1,8 млн адамнан коронавирус табылған. 103 мыңнан астам қайтыс болған. Соңғы кезде АҚШ-тан гөрі Бразилияда инфекцияның жылдам тарап бара жатқаны байқалады. Латын Американың ең ірі елінде жарты миллионға жуық адамнан вирус табылған. Үшінші орында тұрған Ресейде 400 мыңнан астам адамға вирус жұққан. 4600-ден астам қайтыс болған. 171 мыңнан астам адам жазылған.

17:29 31.5.2020

Коронавирус кімге қауіпті? Індеттің таралуы жайлы не білеміз?

COVID-19 алты айда жаһанға түгел жайылып, 6 миллионнан астам адамға жұқса да, біздің бұл вирус жайлы білмейтініміз әлі де көп. Вирус кімге, қайда және қаншалық қатты әсер етіп жатыр?

“Таңқаларлық жағдайларды көп кездестіріп жатырмыз” дейді Нью-Йоркте тұратын эпидемиолог Маджори Поллак (ханым). Ол - жаңа індеттер мен улы заттардың әлемде таралуы жөнінде дабыл қағатын “Жаңа індеттерді бақылау бағдарламасы” (ProMED) редакторының орынбасары.

Зертхана. Көрнекі сурет.
Зертхана. Көрнекі сурет.

Поллак Уханьдегі желтоқсанның 30-ы күнгі коронавирус дабылын таратуға көмектесіп, содан бері аурудың жер-жаһанға жайылуын жіті бақылап келеді.

“Сіз білмейтін нәрсе әлі де өте көп болуы мүмкін” деді ол Азаттыққа.

Эпидемиологтар, зерттеушілер және демографтар коронавирустың кімдерге қауіптірек екенін талқыға салған еді. Негізгі пікірлерді ұсынып отырмыз. Толығырақ оқу үшін >>>

17:11 31.5.2020

Шымкент қаласы мен Павлодар облысында коронавирустан екі науқас қайтыс болды 

Шымкент қаласы мен Павлодар облысында коронавирустан екі науқас қайтыс болды. Бұл туралы 31 мамырда кешке қарай денсаулық сақтау министрілігі хабарлады. 

Шымкентте - 1959 жылғы ер адам, Павлодар облысында 1966 жылғы әйел адам көз жұмған. 

"Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқастар коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деген шешім қабылдады" делінген ресми хабарламада.

Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 40 адам қайтыс болған. Бірақ COVID-19 диагнозы қойылған қайтыс болғандар саны ресми көрсеткіштен көп.

Осы аптада Азаттық тілшілері Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық барын анықтады. Билік коронавирус инфекциясы диагнозы қойылып, көз жұмған науқастардың бәрін бірдей COVID-19 вирусынан қайтыс болды деп тіркей бермейтінін айтады.

Қазақстанда барлығы 10858 адамнан коронавирус табылған. 5 мыңнан астам адам жазылған.

Тағы

XS
SM
MD
LG