Қазақстанда бір күнде 199 адамнан коронавирус табылды, 297 адам жазылды
Өткен тәулікте Қазақстанда 199 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтан қаласында - 37, Қарағанды облысында - 33, Алматы қаласында 31 жаңа науқас анықталған. Жалпы өсім 1,6 пайызды құраған. Бұл туралы 6 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде барлығы 12 511 адамға вирус жұққан:
- Алматы қаласы –31 (Барлығы 2821)
- Нұр-Сұлтан қаласы - 37 (Барлығы 2416)
- Атырау облысы – 11 (Барлығы 1196)
- Шымкент қаласы – 8 (Барлығы 932)
- Қарағанды облысы – 33 (Барлығы 1105)
- БҚО – 8 (Барлығы 784)
- Жамбыл облысы – 9 (Барлығы 421)
- Түркістан облысы – 3 (Барлығы 392)
- Алматы облысы – 9 (Барлығы 422)
- Қызылорда облысы – 4 (Барлығы 456)
- Ақтөбе облысы – 15 (Барлығы 388)
- Павлодар облысы – 13 (Барлығы 242)
- Маңғыстау облысы – 4 (Барлығы 323)
- Ақмола облысы – 2 (Барлығы 174)
- Қостанай облысы – 3 (Барлығы 198)
- ШҚО – 9 (Барлығы 177)
- СҚО – 0 (Барлығы 64)
Бір күнде 297 адам жазылған. Барлығы 6903 адам айыққан. 52 адам қайтыс болған.
Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған ер адам ауруханаға жағдайы ауыр күйде түскен
Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған ер адамда ілеспе аурулар болған, ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болған.
"Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған адам 1958 жылы туған. Провизорлық госпитальге түскен кезде дене қызуы 38,7 болған, демігіп, жөтеліп, әлсіздік барын, асқа тәбеті жоғын, дәм, иіс сезу қабілетінің азайғанын айтқан. COVID-19 ауыр түрі және екіжақты пневмония диагнозы анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Коронавирус ауруын асқындырып жіберген" деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері.
Науқаста екінші дәрежедегі қант диабеті, артериалды гипертензия сияқты ілеспе аурулар болған.
Қарағанды облысында коронавирустан 5 адам қайтыс болған. 1072 адамға вирус жұққан. 379 адам жазылған. Денсаулық сақтау министрлігі 4 маусымда түнде коронавирустан төрт адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Елде коронавирустан барлығы 52 адам қайтыс болған. Бейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұққан тағы 37 адам көз жұмған, бірақ олардың өліміне коронавирус емес, басқа ауру себеп деп мәлімдеді.
- Авторы: Аян ҚАЛМҰРАТ
"Тауар қымбат, алушы аз". Карантиннен соң қайта ашылған Алматы базарының жағдайы
Алматының ел арасында "барахолка" атанып кеткен базары маусым айынан бастап қайта ашылды. Саудагерлер қымбаттап кеткен тауарды сатып алушы азайғанын айтады. Азаттық тілшісі екі ай карантиндегі мәжбүрлі үзілістен соң қайтадан жұмысқа кіріскен базарды аралап, ондағы адамдардың жағдайымен танысып қайтты.
Алматыдағы бірнеше базар бойлай орналасқан солтүстік айналма жолы қазір көлікке толы. Жолда іркес-тіркес кептелген машинаға қарап, бұл көшенің екі ай бойы қаңырап тұрғанын елестету қиын.
Карантин мен сақтық шаралары базар өмірін де өзгерткен. Сауда орнына бұрынғыдай қалаған жерден кіре алмайсыз. Қолына дене қызуын өлшейтін құрал ұстаған формадағы күзетші антисептик бүркіп тұрған өткелді нұсқайды. Кірген жолыңмен шыға да алмайсың: бір қатар – шығатын, келесісі – кіретін жол. Толығырақ оқу үшін >>>
Қазақстанда бір күнде 245 адамнан коронавирус табылды. Барлығы 12 312 адам болды
Өткен тәулікте Қазақстанда 245 адамнан коронавирус табылды. Алматы қаласында - 49, Қарағанды облысында - 48, Нұр-Сұлтанда - 35, Батыс Қазақстан облысында 22 жаңа науқас анықталған. Жалпы өсім 2 пайызды құраған. Бұл туралы 5 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде барлығы 12 312 адамға вирус жұққан:
- Алматы қаласы – 49 (Барлығы 2790)
- Нұр-Сұлтан қаласы - 35 (Барлығы 2379)
- Атырау облысы – 10 (Барлығы 1185)
- Шымкент қаласы – 15 (Барлығы 924)
- Қарағанды облысы – 48 (Барлығы 1072)
- БҚО – 22 (Барлығы 776)
- Жамбыл облысы – 7 (Барлығы 412)
- Түркістан облысы – 5 (Барлығы 389)
- Алматы облысы – 11 (Барлығы 413)
- Қызылорда облысы – 3 (Барлығы 452)
- Ақтөбе облысы – 6 (Барлығы 373)
- Павлодар облысы – 5 (Барлығы 229)
- Маңғыстау облысы – 11 (Барлығы 319)
- Ақмола облысы – 5 (Барлығы 172)
- Қостанай облысы – 4 (Барлығы 195)
- ШҚО – 9 (Барлығы 168)
- СҚО – 0 (Барлығы 64)
Бір күнде 366 адам жазылған. Барлығы 6606 адам айыққан. 52 адам қайтыс болған. 4 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 62 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 63 жасқа шыққан әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 76 жасқа шыққан әйел адам, Шымкент қаласында 70 жасқа шыққан әйел адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.