Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

00:14 5.6.2020

Қазақстанда тағы төрт адам коронавирустан қайтыс болды. Барлығы 60 жастан асқан

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 62 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 63 жасқа шыққан әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 76 жасқа шыққан әйел адам, Шымкент қаласында 70 жасқа шыққан әйел адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.

Министрліктің ақпаратынша, өлім-жітімдерді зерттеу жөніндегі комиссия үш марқұмның өлімін коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деген шешім қабылдады.

Қазақстанда, ресми мәліметке сай, коронавирустан 52 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған 37 адамды "басқа дерттен қайтыс болды" деп, ресми статистикаға қоспады.
 
Коронавирустан қайтқан 52 марқұм мына аймақтарда:
 
  • Алматы қаласы – 10
  • Шымкент қаласы – 10
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 9
  • Қарағанды облысы – 5
  • Павлодар облысы – 5
  • Ақмола облысы – 4
  • Атырау облысы – 2
  • Қостанай облысы – 2
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 1
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1
19:50 4.6.2020

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар көбейіп барады

Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдетіліп жатқанда коронавирус құрбандары көбейіп барады. Кейінгі төрт тәулікте он адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі ахуалға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Тұрғындар "билік ақпаратты жасырады" дейді.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар көбейіп барады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

 

19:49 4.6.2020

Демалысқа барғыңыз келе ме? Коронавирус тестін тапсырыңыз

Қазақстан екі жарым ай карантинде шығынға батқан саланың бірі – туризм. Ел ішінде саяхат ұйымдастыратын компания жетекшісі туроператорлар жұмысы тоқырағанын айтады. Ал Шығыс Қазақстанда курорт аумағына демалысқа бару үшін коронавирус тестін тапсыру қажет.​

Демалысқа барғыңыз келе ме? Коронавирус тестін тапсырыңыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

 

17:49 4.6.2020

 

Денсаулық сақтау министрі карантин кезінде жұрттың митингіге шыққанынан қарсы

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 4 маусымда өткен онлайн брифингте жұртты карантин кезінде митингіге шықпауға шақырды.

"Карантин кезінде жұрт көп жиналатын шараларға тыйым салынады. Бұл адамдар үшін қауіпті. Заңды сақтау керек. Пандемия кезінде, эпидемия кезінде бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтау керек. Митинг ұйымдастырушыларға айтарым, мұндай шараларды кейінге шегере тұрған дұрыс. Митинг вирустың жаппай тарауына әсер етеді. Біз бұған қарсымыз" деді министр.

Қазақстан билігін сынаушы, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов пен "Қазақстанның демократиялық партиясын" құрғысы келетін бастамашыл топтың жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай жұртты 6 маусымға билікке қарсы митингіге шақырған.

Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы 2018 жылы елде "экстремистік ұйым" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Ал Әблязов Қазақстан сотының шешімімен келіспейді. Еуропарламент 2019 жылғы наурыздағы резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

Мұхтар Әблязовқа Қазақстанда "ақша жымқыру", "қылмыстық топ құру", "адам өлтіруді ұйымдастыру" сияқты бірнеше баппен екі рет сырттай сотталды. Әблязов Қазақстан билігі таққан айыптың бәрін жоққа шығарып, "билікке оппозиция болғаным үшін өш алғысы келеді" деп санайды.

Ал Жанболат Мамай бастаған белсенділер елде "Демократиялық партия" құрғысы келген. Бірақ Мамай билік тарапынан қысымға шағымданған. Биыл ақпанда бастамашыл топ "партияның құрылтай съезін өткізуге билік кедергі жасап, съезге келетін делегаттарды жолдан алып қалды" деп мәлімдеген.

Құқық қорғаушылар елде ықтимал митинг қарсаңында белсенділер қамалып, митинг болады деп белгіленген орындардың қоршауға алынатыны әдетке айналған. Бұл жолы да Қазақстанның түрлі аймағында бірнеше белсенді жазаланды.

Тағы

XS
SM
MD
LG