Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:45 9.6.2020

Жаңа Зеландия коронавирустан арылғанын хабарлады

Жаңа Зеландия туы.
Жаңа Зеландия туы.

Жаңа Зеландияда коронавируспен ауырған адамдардың барлығы айықты деп хабарлады ел үкіметі. COVID-19 жұқтырған осыдан екі күні бұрын жазылған. Елде кейінгі екі аптада коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген.

8 маусымнан Жаңа Зеландия эпидемияға байланысты барлық шектеуді алып тастады. Тек шекара әзірге жабық тұр.

Елде коронавирусқа байланысты карантин 25 наурызда енгізілген. Ал сәуірдің соңынан шектеулер біртіндеп алына бастаған.

Бес миллион тұрғыны бар Жаңа Зеландияда коронавирусты 1504 адам жұқтырған. Оның 22-сі қайтыс болған. Қалғаны жазылған.

Жаңа Зелания коронавирустан құтылған ең ірі елге айналды. Бұған дейін Еуропада Черногория індеттен арылған. Исландия, Словения мен Хорватияда инфекция жұқтырған санаулы адам қалған.

Әлемде вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр. Олардың қатарына күн сайын кемінде 100 мың адам қосылады. Әсіресе АҚШ пен Оңтүстік Америка елдерінде өршіп тұр. Коронавирустың таралуы бойынша сенімді ақпарат көзіне айналған Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, вирусты жұқтырғандар 7 миллионнан асып, 3,5 миллион адам жазылған, 400 мың адам қайтыс болған.

08:14 9.6.2020

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар 15 мыңға жуықтады

Алматы көшесінде жүрген адамдар. Көрнекі сурет.
Алматы көшесінде жүрген адамдар. Көрнекі сурет.

Өткен тәулікте Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі тағы 554 адамнан (339-ы - ауру белгісі жоқ) коронавирус анықталғанын хабарлағаннан кейін елде індет тарағалы COVID-19 жұқтырғандардың жиынтық саны 15 мың адамға жуықтады. Министрлік өткен аптадан бастап ауру белгісі жоқ адамдарды бөлек есептеуге көшкендіктен, вирус жұқтырған 1696 адамды ресми статистикаға кіргізбеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазірге дейін елде 7737 адам аурудан айығып, 58 адам қайтыс болған. Ал вирус жұққаны анықталған кемінде 37 адамды министрлік "өзге дерттен қайтыс болды" деп, ресми статистикаға қосқан жоқ.

Әлем бойынша COVID-19 коронавирусын 7 миллионнан аса адам жұқтырған. 3,3 миллионға жуық адам дерттен жазылып, 400 мыңнан астам адам қайтыс болды.

00:11 9.6.2020

Елде тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысында 63 жастағы әйел адам және Нұр-Сұлтан қаласында 54 жастағы ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Елде

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия екі марқұмның өліміне коронавирус әсер еткен деген шешім шығарған.

Қазақстанда 58 адам COVID-19 дертінен қайтыс болды.

17:38 8.6.2020

Қазақстан симптомы жоқтарды неге статистикаға қоспайды? Бас санитарлық дәрігердің айтқаны

Қазақстан бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова
Қазақстан бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова

COVID-19 жұқтырып, ауру белгісі бар адамдардың вирусты тарату ықтималдығы жоғары. Бұл туралы Қазақстан бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріпке берген сұхбатында мәлімдеді.

Есмағамбетованың айтуынша, ауру белгісі бар бір адам вирусты орташа есеппен үш адамға жұқтыра алады. Бұл көрсеткіш кейде жеті адамға жетеді. Ал ауру белгісі жоқ үш адам вирусты орташа есеппен бір адамға жұқтырады.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, ауру белгісі жоқ адамдардың бәрі үйінде емделіп жатыр.

6 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгісі жоқ адамдарды ресми статистикаға кіргізбей, бөлек есептей бастайтынын айтқан болатын. Есмағамбетова есеп жүргізудің бұл тәртібі 3 маусымда басталғанын айтты.

ДСМ дерегінше, 3-7 маусым аралығында вирус жұқтырған 1063 адам ресми статистикаға кірген де, ауру белгісі жоқ деген 1357 адам жалпы санға кірмеген. Ауру белгісі жоқ адамдарды тізімге алмай есептегелі, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 12859 болып тұр.

Вирус жұқтырғандардың есептеудің бұл тәртібін ДСМ "бұл халықаралық тәжірибе және түрлі елдерде қолданылып келеді" деп ақтады. Азаттықтың мұндай әдіс Ресейден өзге қай елдерде қолданылады деген сұрағын Диас Ахметшәріп елеусіз қалдырды.

28 мамыр күні Ресей ауру белгісі жоқ адамдарды ресми статистикаға қоспайтынын мәлімдеген болатын.

 

Тағы

XS
SM
MD
LG