Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:28 11.6.2020

Қазақстанда бір күнде 632 адамнан коронавирус анықталды, 6 адам қайтыс болды

10 маусым күні Қазақстанда 632 адамнан коронавирус табылды. Бірақ вирус жұқтырғандардың жалпы санына оның 239-ы ғана енді. "Ауру белгісі байқалмаған" 393 науқас "тасымалдаушылар" қатарына енген.   

Қазақстан билігі 6 маусым күні вирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек санауға көшкенін, ауру белгісі жоқтар немесе "тасымалдаушыларды" бұдан былай негізгі статистикаға кіргізбейтінін хабарлаған еді. Кейінірек бас санитарлық дәрігер санақты бұлай жүргізудің 3 маусымнан басталғанын айтты.

Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Өткен тәулікте 330 адам жазылып, 6 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбі күні түнде Нұр-Сұлтан қаласында 47, 68, 59, 70 жасқа шыққан ер адамдар, Батыс Қазақстан облысында 79 жасқа шыққан әйел адам, Қарағанды облысында 67 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмғанын хабарлады. Елде вирустан қайтыс болғандар 67 адамға жетті. Ең көп адам өлімі Нұр-Сұлтан қаласында (14) тіркелген. Бұған дейін билік елде коронавирус жұққан науқастардың өлімін арнайы комиссия зерттеп, қорытынды шығарады деп мәлімдеген. Егер науқастың өліміне коронавирус себеп болмаса, ол коронавирус бойынша негізгі статистикаға енгізілмейді деп айтқан. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар ресми деректе айтылғаннан көп пе?

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 13558 адам коронавирус індетімен ауырған, одан бөлек ауру белгісі жоқ 2529 адам бар. Бірақ биліктің коронавируспен күрес жөніндегі coronavirus2020.kz сайтында тек бірінші сан көрсетілген, "тасымалдаушылар" саны басты бетте жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Джонс Хопкинс университеті Қазақстан туралы мәлімет бергенде осы сайтқа сүйеніп, вирус жұқтырғандарды азайтып көрсетуге үлес қосып жатыр.

07:17 11.6.2020

Тәжікстан: Эпидемиология ережелерін бұзғандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалуы мүмкін 

10 маусымда Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы айналаға қауіпті ауруды таратқаны үшін 2 жыл мен 5 жылға аралығында бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Егер бұл жағдай қайталанса, күдікті 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.  

Дезинфекция шаралары. Тәжікстан, мамыр айы 2020 жыл.
Дезинфекция шаралары. Тәжікстан, мамыр айы 2020 жыл.

Әділет министрі Музаффар Ашуриен жазаның санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғандарға қатысы бар деп мәлімдеді. 

Қазіргі заң бойынша, жұқпалы ауруды қасақана таратқандарға 5,8 мың доллар көлемінде айыппұл салу немесе 2 жылға дейін түзету мекемесіне жіберу жазасы қарастырылған. 

Жаңа құжатқа сай, көшеге маскасыз шыққандарға - шамамен 28 доллар көлемінде айыппұл, пандемия туралы жалған ақпарат таратқандарға: жеке тұлғаларға - 112 доллар, заңды тұлғаларға 11290 доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған. 

Соңғы мәлімет бойынша, Тәжікстанда 4690 адамнан коронавирус табылған, 48 адам қайтыс болған. Әлеуметтік желі қолданушылары, тұрғындардың көбі ресми статистикаға күмән келтіріп, елде науқастар билік айтқаннан гөрі әлдеқайда көп деп есептейді. 

00:15 11.6.2020

Елде тағы алты адам вирустан көз жұмды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тағы алты адам коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында 47, 68, 59, 70 жасқа шыққан ер адамдар, Батыс Қазақстан облысында 79 жасұа шыққан әйел адам, Қарағанды облысында 67 жасқа шыққан ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл марқұмдардың өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешім шығарған.

Қазақстада коронавирустан 67 адам қайтыс болды.

16:09 10.6.2020

Қазақстан симптомы жоқты COVID-19 статистикасына қоспай отыр. Пандемия салдарын жұмсарту емес пе?

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 кесірінен қайтыс болғандар мен вирус жұқтырған деген диагноз қойылғанымен, "басқа ауру себебінен" көз жұмған адамдардың статистикасын екі бөлек жүргізетінін мәлімдеді. Министрлік коронавирус жұққан, бірақ ауру белгісі жоқ науқастарды да жеке тіркейтінін хабарлады. Маусымның 3-інен бастап COVID-19 жұқтырғанымен ауру белгісі жоқ азаматтар жалпы статистикаға кірмейді. Азаттық сарапшылардан коронавирус жұқтырған науқастарды мұндай есептеу әдісінің қандай салдары болуы мүмкін екенін сұрады. Толығырақ оқу үшін >>>

Коронавирусты анықтайтын тест орталығы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.
Коронавирусты анықтайтын тест орталығы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.

 

Тағы

XS
SM
MD
LG