Accessibility links

live Қазақстанда карантин қашан аяқталады? Бас санитарлық дәрігерден сұрадық


Көрнекі сурет.

Негізгі деректер

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 112 млн 513 мыңнан асты. 63 млн 472 мың адам жазылған. 2 млн 495 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:12 12.1.2021

Бір күнде 692 аданың ПТР-тесті оң шыққан

11 қаңтарда Қазақстанда 692 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы қаласында (110) тіркелген. Алматы облысында - 75, Атырау облысында - 74, Нұр-Сұлтанда - 67, Қостанай облысында - 62, Ақмола облысында - 60, Солтүстік Қазақстан облысында - 52, Батыс Қазақстан облысында - 47, Қарағанды облысында 41 адамнан коронавирус анықталған. Шығыс Қазақстан облысында - 27, Павлодар облысында - 23, Түркістан облысында - 20, Жамбыл облысында 17 адамның ПТР-тесті оң шыққан. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар онға жетпейді. Маңғыстау облысында науқас тіркелмеген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 163 711 адамға жеткен.

09:31 11.1.2021

Тағы 27 адам коронавирус пневмониясына шалдықты, бір адам қайтыс болды

10 қаңтарда 27 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 1 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 11 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Коронавирус жұққан науқасты жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқасты жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін де Covid деп анықтауға кеңес берген. Бірақ Қазақстанда ПТР-тесті оң шыққандар мен ПТР-тесті теріс, бірақ клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа келетіндер бөлек есептеледі. 1 тамыздан бері 46 350 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 525 адам қайтыс болған. 33 904 адам жазылған.

Наурыз айынан бері 163 019 адамның ПТР-тесті оң шыққан, 2360-ы қайтыс болған. 149 082 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 498 адам (11 577-інің ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 272 адамның жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр. 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

08:53 11.1.2021

Ресейде "британдық коронавирус штамы" анықталды

Ресейде алғаш рет "британдық коронавирус штамы" тіркелді. Бұл туралы Роспотребнадзор жетекшісі Анна Попова хабарлады. Вирус Ұлыбританиядан оралған Ресей азаматынан анықталған. Нақты қай кезде анықталғаны белгісіз. Қазір екі ел арасында әуе қатынасы тоқтаған.

Мамандар коронавирустың жаңа түрі кәдімгісіне қарағанда 50-70 пайыз жылдам таралатынын айтып отыр. Вирус мутациясы Ұлыбританияда шапшаң жайылып барады, соның салдарынан аталған елде кейінгі күндері бір тәулікте 50 мыңнан астам науқас тіркеліп жүр. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Билік қайтадан жаппай локдаун енгізуге мәжбүр болған.

Дәмхана маңынан өтіп бара жатқан маска таққан адам. Санкт-Петербург, қаңтар айы 2021 жыл.
Дәмхана маңынан өтіп бара жатқан маска таққан адам. Санкт-Петербург, қаңтар айы 2021 жыл.

Ұлыбританияда Covid-тің өзгергені жайлы ақпарат алғаш рет желтоқсан ортасында айтыла бастаған. Инфекционистердің пікірінше, жаңа штамм коронавирусты жеңе алмаған иммунитеті әлсіз науқас ағзасында жетіліп, дамыған болуы мүмкін.

Коронавирустың жаңа штамы қазір Қытай, Испания, Швеция, Франция, Дания, Нидерланд, Италия, Германия және Азия мен Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде анықталған. Соған байланысты 20-дан астам ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі басқарма жетекшісі Майк Райан індет кезінде жаңа штамның пайда болуы қалыпты құбылыс, соған бола жағдай бақылаудан шықты деп айтуға болмайды деп санайды.

Ресейде ресми мәлімет бойынша, кейінгі күндері желтоқсанмен салыстырғанда коронавирус жұққандар азайған. Мұнда күніне 23-25 мың адамнан инфекция анықталып жүр. Дегенмен Попова жағдай жақсарды деп айтуға әлі ерте деп есептейді.

08:19 11.1.2021

Бір күнде 746 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды

10 қаңтарда Қазақстанда 746 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы қаласында (120) тіркелген. Атырау облысында - 73, Павлодар облысында - 65, Қостанай облысында - 63, Алматы облысында - 63, Ақмола облысында - 59, Нұр-Сұлтанда - 55, Солтүстік Қазақстан облысында - 52, Батыс Қазақстан облысында - 46, Қарағанды облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 38 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Кейінгі кезде салыстырмалы түрде науқас аз анықталып жүрген оңтүстік өңірлерде де ауру өсімі байқалады. Шымкентте - 20, Жамбыл облысында - 16, Түркістан мен Қызылорда облысының әрқайсында 8 адам Covid-ке шалдыққан. Ақтөбе облысында - 10, Маңғыстау облысында 10 науқас тіркелген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 163 019 адамға жеткен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG