Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:32 17.1.2021

Кейінгі 5 айдағы рекорд. Қазақстанда коронавируспен 978 науқас тіркелді

Коронавирус індеті кезінде көшеде маска тағып кетіп бара жатқан ер кісі. Алматы, 4 қаңтар 2021 жыл.
Коронавирус індеті кезінде көшеде маска тағып кетіп бара жатқан ер кісі. Алматы, 4 қаңтар 2021 жыл.

16 қаңтар күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавируспен 978 науқас анықталды. Бұл – 6 тамыздан бергі рекордтық көрсеткіш. Ол күні 980 науқас тіркелген. Содан күнделік науқас саны біртіндеп азайып, 20 қыркүйек күні 45-ке дейін төмендеген. Бірақ одан кейін науқас саны біртіндеп арта бастаған.

Аймақтар бойынша, көш басында – Павлодар облысы. Онда бір күнде 135 науқас анықталған. Облыста бұрын-соңды мұншалық көп Covid науқасы тіркеле қоймаған. Бұған дейінгі рекорд 29 қараша күні болған. Ол күні 121 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Содан бері тәулік ішінде тіркелетін науқастар саны бір азайып, бір көтеріліп ауытқып келеді. Облыста 11 қаңтар күні-ақ 23 қана науқас тіркелге. Бұл сан келесі күні 48-ге, одан кейін 70-ке, сосын 75-ке дейін, 15 қаңтар күні 110-ке дейін жетті. Облыста осымен барлығы 10 418 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталып отыр.

16 қаңтар күні індеттің тарауы жөнінен "қызыл аймаққа" кірген Нұр-Сұлтанда 128 науқас тіркелді. Астана үшін бұл да кейінгі бес айдағы рекорд болып отыр. Қалада вирус жұқтырғаны расталғандар саны осымен 19 895-ке жетті.

Қалған аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласында - 20347(+115 адам жаңадан қосылды),
Шығыс Қазақстан облысында - 19520 (+30),
Атырау облысында - 14881 (+91),
Қарағанды облысында - 12720 (+57),
Батыс Қазақстан облысында - 9888 (+46),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9507 (+54),
Қостанай облысында - 8597 (+72),
Ақмола облысында - 8242 (+79),
Алматы облысында - 8098 (+92),
Шымкент қаласында -5707 (+13),
Жамбыл облысында - 5247 (+23),
Маңғыстау облысында - 3869 (+17),
Түркістан облысында - 3879 (+16),
Ақтөбе облысында -3798 (+7),
Қызылорда облысында -3483 (+3).

Осымен елде вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған адамдар саны 168 096-ға жетті. Оның 153 035-і жазылып шыққан. 16 қаңтардағы дерек бойынша, вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында барлығы 2397 адам қайтыс болған. Бұдан бөлек, коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурадан қайтыс болды" деген жүздеген адам бар.

Қазақстан үкіметі сондай-ақ 1 тамыздан бастап коронавирус екені ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының есебін жүргізе бастады. 16 қаңтардағы мәліметке қарағанда, пневмонияның бұл түрімен тамыздан басынан бері барлығы 46 737 науқас тіркелген. Оның 534-і қайтыс болған.

12:36 16.1.2021

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте (15 қаңтар) Қазақстанда коронавирус жұқтырған 972 кісі, ал оған ұқсас пневмониямен 71 кісі тіркелді, 11 адам Covid-тен, бір адам соған ұқсас пневмониядан көз жұмды.

Денсаулық министрлігі коронавирустың аймақтар бойынша статитистикасын күн сайын жариялайды, бірақ Covid-ке ұқсас пневмония бойынша мұндай мәлімет бермейді.

Елдің ең ірі екі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен тәулікте дерті ПТР тестімен нақтылғанған 121 кісіден тіркелген.

Аймақтар арасында Павлодар облысы алда келеді. Ресеймен шекаралас бұл облыста 15 қаңтарда коронавируспен 110 адам тіркелген. Елдің батысындағы мұнай өндіретін, бұл да Ресеймен көрші жатқан Атырау облысы екінші орында, мұнда 91 адамнан вирус анықталған.

Ірі қала – Алматыны қоршап жатқан Алматы облысында 89 науқас, ал астана маңындағы Ақмола облысында — 78 науқас тіркелді.

Қостанай облысында — 73, Солтүстік Қазақстанда — 53, Шығыс Қазақстанда — 52, Қарағанды облысында — 50, Батыс Қазақстанда — 49, в Түркістан облысында — 26, Жамбыл облысында — 20, Шымкентте — 17, Қызылорда облысында — сегіз, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында — жеті науқастан тіркелді.

Қазақстанда коронавируспен тіркелгендердің ресми саны 167 118 адамға жетті. Кей дәрігерлер мен әлеуметтанушылар бұл мәліметтің растығына күмән келтіреді, олардың айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бұдан әлдеқайда көп.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабымен Covid анализдермен анықталмаған, бірақ симптомдары соған ұқсас адамдардың статистикасын 1 тамыздан жүргізе бастады. Содан бері елде "ковид тектес" пневмониямен 46 737 адам тіркелді, 534 адам бұл індеттен қайтыс болды.

Денсаулық министрлігінің мәліметі бойынша, былтырғы наурыз айынан бері Қазақстанда Covid-тен 2 397 адам көз жұмған.

16:33 15.1.2021

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында әуе қатынасы қалпына келді

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында әуе қатынасы қалпына келді. Бұл туралы 15 қаңтарда Тәжікстан азаматтық авиация агенттігінің директоры Икром Субхонзода Озоди радиосына (Азаттықтың Тәжік қызметі) хабарлады.

Жаңа кестеге сәйкес, Душанбе мен Ташкент арасында рейстер сәрсенбі сайын тұрақты түрде ұшырыла бастайды. Екі ел арасында жолаушыларды тәжіктің "Сомон Эйр" және өзбектің "Узбекистон ҳаво йуллари" әуе компаниялары тасымалдайды. Субхонзоданың мәліметінше, Өзбекстанмен әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешімді коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб қабылдаған.

Ташкент әуежайы.
Ташкент әуежайы.

Өзбекстан мен Тәжікстанда әуе қатынасы былтыр наурыз айының ортасында коронавирусқа байланысты тоқтатылған еді.

Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 78 мыңға жуықтаған. 76 мыңнан астамы жазылған. Наурыз айынан бері 619 адам Covid-тен қайтыс болған. 13 қаңтарда Тәжікстан елде коронавируспен ауыратын соңғы үш науқастың ауруханадан шыққанын, елде "коронавирусқа шалдыққан науқас" қалмағанын мәлімдеді. Бірақ тәуелсіз сарапшылар бұған күмән келтіреді. Орталық Азиядағы авторитар режимдер коронавирус туралы шынайы деректі жасырады деп санайтындар да бар. Тәжікстанда ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурызы мен 2021 жылдың қаңтар аралығында 13 мыңнан астам коронавирусқа шалдыққан. 100-ге жуық адам қайтыс болған.

15:59 15.1.2021

Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?

  • Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір елде 5732 адам коронавирус инфекциясымен ауруханада жатыр. 357 адам жансақтау бөлімінде.
  • 15 қаңтардағы ресми дерек бойынша, Қазақстанда 213 мыңдай адам індетке шалдығып, 2800-ден аса адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да; анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген.
  • Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырған және коронавирустық пневмонияға шалдыққан 186 мыңнан аса адам дерттен айықты.
  • Министрліктің мәліметінше, қазір елде 6142 адам ауруханада жатыр. 285 науқастың жағдайы ауыр. Олардың ішінде 47 адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
  • 13 қаңтардағы денсаулық министрлігінің мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жағдайы "нашарлап", ел "жасыл аймақтан" "сары аймаққа" өткен.
  • Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов 13 қаңтарда өткен брифингте елде коронавирустың екінші толқыны басталып келеді деген. "Екінші толқын екенін түсінеміз, дегенмен біз бірінші толқын, екінші толқын деп бөлмейміз, қазір вирус жұқтырғандар артып келе жатқанын байқап отырмыз" деді ол.
  • Министрліктің хабарлауынша, Қостанай мен Ақмола облысы "қызыл аймақта", Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау облысы, Павлодар облысы БҚО және СҚО "сары аймақта", қалған облыстар "жасыл аймақта". Нұр-Сұлтан "қызыл аймаққа" жақындап келеді. Министрлік вирустың тарауына байланысты елдегі облыстар мен ірі қалаларды "қызыл", "сары" және "жасыл" деп үш аймаққа бөлген. Вирус қатты тарап жатқан облыстар "қызыл", ал вирус жұқтырғандар саны аз облыстар "жасыл аймақта".
  • Бас санитарлық дәрігер Қиясов 13 қаңтарда елде тек екі облыс "қызыл аймақта" болғандықтан дәл қазір "қатаң локдаун енгізудің қажеті жоғын" атап өткен.
  • Министрлік Қазақстанда коронавирустың британиялық штамы тіркелген жоқ деп мәлімдеді. Елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов бұл штамның Қазақстанда анықталуын "жоққа шығармайды".

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG