- Авторы: Елена ВЕБЕР
Қарағанды облысы: COVID-19 жұққандардың дені жастар
Сейсенбіде билік Теміртау қаласының 53 жастағы тұрғынынан вирус белгілері анықталғанын хабарлады. Науқас үйінде карантинде болған.
Қарағанды облысының билігі 14 сәуірде жариялаған мәліметте аймақта коронавирус жұқтырған 78 адам бары айтылған:
Қарағанды - 43 адам
Теміртау - 14
Шахтинск - 7
Сарань - 1
Бұқар жырау ауданы - 1
Шет ауданы - 1.
Облыста 1706 адам үйде карантинде отыр. 528 адам дәрігерлердің бақылауында.
Қарағандыдағы науқастардың 11-і өзге аймақтарда тұрады, олардың арасында наурызда Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен келген ұшақ жолаушылары да бар. Биліктің шешімі бойынша, ол ұшақ Қарағанды әуежайына қонған еді.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, коронавирус жұқтырғандардың дені жастар:
14 жасқа толмаған – 15
20-29 жас аралығында – 17
30-39 жас аралығында – 12
40-49 жас аралығында - 12
60 жастан асқандар - 11.
Нью-Йорк штатының губернаторы: Ауыр кезең артта қалған болуы мүмкін
"Пандемияның Нью-Йорктегі ең ауыр кезеңі артта қалған болуы мүмкін" деп мәлімдеді АҚШ-тың Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо.
Губернатор күн сайын өтетін брифингте "инфекцияның таралу деңгейі бақылауға алынғанын" хабарлады. Бұл штатта коронавирустан өлгендер 10 мыңнан асып, азая бастаған.
Куомоның сөзінше, экономикалық белсенділіктің түгелге жуық кідіртілуі, мектептер мен университеттердің жабылуы, өзге де карантин шаралары коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға жәрдемдескен.
Сонымен бірге Эндрю Куомо алты губернатормен бірлесе отырып, кәсіпорындар мен фирмалар жұмысын біртіндеп қайта жандандыру жоспары жасалып жатқанын хабарлады. Әзірге жоспардың егжей-тегжейі жарияланбаған, бірақ ол штат тұрғындарын вирусқа қарсы жаппай тесттен өткізіп, жұқпалы ауру ауқымы жайлы анық мағлұмат жиналған соң басталады деп санайды.
Тоқаев төтенше жағдай тәртібін 1 мамырға дейін созу туралы жарлық шығарды
14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай тәртібін биылғы 1 мамырға дейін ұзарту туарлы жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстанның барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамыр сағат 7:00-ге дейін ұзартылсын.
Үкімет орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын" делінген сейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланған жарлықта. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан сәуірдің 15-іне дейін төтенше жағдай енгізілген. 10 сәуірде Тоқаев төтенше жағдай режимін сәуірдің соңына дейін созған.
Денсаулық сақтау министрлігінің 14 сәуірдегі мәліметіне сай, елде коронавирус жұқтырғандар 1179 адамға жетті. 142 адам сауығып, 14 адам қайтыс болды.
Қазақстандағы коронавирус ахуалы туралы 14 сәуір, сағат 17:00-дегі ресми мәлімет: