Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:30 14.4.2020

Қазақстанда тағы 53 адам COVID-19 дертінен айықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 18.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 53 науқас COVID-19 дертінен айықты. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда - 46 адам, қалған жетеуі Атырау облысынан. Осылайша, елде коронавирус жұқтырған 203 адам аурудан жазылды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 110,
  • Алматы қаласы – 58,
  • Атырау облысы – 12,
  • Алматы облысы – 5,
  • Ақмола облысында – 4,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Қызылорда облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 1,
  • Қарағанды облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Қазақстанда 1199 адамнан вирус табылды. 14 адам қайтыс болды.

19:46 14.4.2020

Шымкентте вирустан қайтыс болған екінші адамның жерлеуіне бір туысы ғана қатысты

Шымкентте коронавирус жұқтырып, 14 сәуір күні таңертең қайтыс болған 58 жастағы ер адам кешке Абай ауданындағы «Жібек жолы» мұсылмандар зиратына жерленді. Бұл туралы қалалық мешіттің баспасөз хатшысы Мұхамеджан Естеміров айтты.

Естеміровтің сөзінше, марқұмның жаназасын зират басында Құрсай мешітінің имамы Бауыржан Байжанов 15 метр қашықта тұрып оқыған. Жаназаға марқұмның бір туысы мен үш маман қатысқан.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Түлебаев жаназаға және жерлеу рәсіміне қатысқандар індетке қатысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтағанын айтады.

Шымкент қаласы әкімдігінің дерегінше, қайтыс болған 58 жастағы ер адам – Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны. 11 сәуір күні дене қызуы көтеріліп, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Бұған дейін артериялық гипертензия ауруымен ауырған. 14 сәуір күні таңертең жан сақтау бөлімінде қайтыс болған. Онымен қарым-қатынаста болған баласы оқшауланған.

Қазығұрт аудандық әкімдігінің өкілі Ораз Қазыбаевтың айтуынша, марқұм баласымен бірге Қарағанды мен Новосібірге жүк тасыған. Осыдан бес жыл бұрын әйелі қайтыс болған. Кейінгі жылдары Шымкенттегі баласымен бірге тұрған. Ауылдағы үйінде ешкім тұрмайды.

5 сәуірде Шымкентте коронавирустан 1964 жылы туған Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент ауылының тұрғыны қайтыс болған еді. Марқұм қала шетіндегі христиан зиратына жерленген.

Шымкентте 39 адамнан коронавирус табылды. Екі науқас дерттен айықты.

20:23 14.4.2020

COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны әлемде екі миллионға жуықтады. Індет 120 мың адамның өмірін қиды. Сауығып шыққандар да аз емес.

COVID-19 жұқтырғандар 2 миллионға жуықтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

22:39 14.4.2020

Қазақстанда тағы 33 адамнан вирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 14 сәуір 23.20-дағы мәліметіне сай, елде тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Олардың басым бөлігі - Нұр-Сұлтан (14 адам), Алматы, (8 адам) және Атырауда (6 адам). Қалғандары Қызылорда облысы (2 адам), БҚО, Павлодар облысы, Ақтөбе облысында (бір-бір адам).

14 сәуірде елде 141 адамнан вирус табылды. Бұған дейін Қазақстанда бір күнде мұнша адамнан вирус анықталмаған.

Қазақстанда қазір 1232 адамнан коронавирус анықталды. 203 адам дерттен айықты. 14 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG