Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:16 15.4.2020

Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар 2 миллион адамға жуықтады

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университеттің мәліметінше, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар 1 млн 982 мың адамға жеткен. 125 мыңнан астам адам қайтыс болған. 487 мыңнан астам адам дерттен жазылған.

Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны жағынан алда тұрған АҚШ-те жарты миллионнан астам адамға вирус жұққан. Испанияда - 172 500, Италияда – 159 500, Францияда – 137 800, Германияда – 130 400 адамға вирус жұққаны анықталған.

Халықаралық валюта қоры Африканың 19 мемлекетінің қарызын кешірді. Олардың арасында Мали, Буркина-Фасо, Нигер, Малави және Мозамбик бар. ХВҚ атқарушы директоры Кристалина Георгиеваның пікірінше, қарызды кешіру кедей елдерге қаржы ресурсын вируспен күресуге жұмсауға мүмкіндік береді.

Жедел жәрдем көлігі науқас адамды ауруханаға жеткізді. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігі науқас адамды ауруханаға жеткізді. Көрнекі сурет.

11:23 15.4.2020

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар 15 адамға жетті

15 сәуірде сағат 12-ге қарай Денсаулық сақтау министрлігі Қостанай облысында 1945 жылы туған ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Министрлік марқұм туралы әзірге өзге мәлімет берген жоқ.

Қазақстанда осы кезге дейін коронавирустан барлығы 15 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Алматы қаласы - 2,
  • Шымкент - 2
  • Ақмола облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 1
  • Қостанай облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Түркістан облысы - 1.

Елде коронавирус жұқтырғандар 1275 адам болды. 203 адам дерттен жазылған.

11:44 15.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар сегіз адамға көбейді

Қазақстан денсаулық сақтау министрлінің 15 сәуірде жарияланған мәліметінде тағы сегіз адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғаны айтылған.

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 1
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 1
  • Қызылорда облысы - 2.

Сәрсенбі күні сағат 12:30 кезіндегі ресми мәліметке сай, 1275 адамға коронавирус жұққан, 203 адам дерттен айыққан, 15 адам қайтыс болған.

14:53 15.4.2020

Қазақстанда тағы 17 адам дерттен айықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тағы 17 адамның COVID-19 дертінен айығып шыққанын хабарлады: Нұр-Сұлтан – 8, Ақмола облысы – 4, Қызылорда облысы – 2, Алматы облысы – 2, Қарағанды облысы – 1.

Елде барлығы 220 адам дерттен айықты. Олар мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 118
  • Алматы қаласы – 58
  • Атырау облысы – 12
  • Ақмола облысы – 8
  • Алматы облысы – 7
  • Қызылорда облысы – 4
  • Жамбыл облысы – 3
  • Шымкент қаласы – 2
  • Ақтөбе облысы – 2
  • Батыс Қазақстан облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1

Тағы

XS
SM
MD
LG