Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:26 15.4.2020

Ақтөбе: Дәрігерлерден ақпарат жасырған науқас қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Жедел жәрдем қызметкерлері. Ақтөбе қаласы.
Жедел жәрдем қызметкерлері. Ақтөбе қаласы.

Ақтөбеде 71 және 75 жастағы ерлі-зайыптылардың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Егде әйел жедел жәрдемді қан қысымы көтерілген соң шақырған.

- Шақыртуға қорғаныш костюмінсіз барған фельдшерлер қарт адамның дене қызуы көтеріліп, әлсіреп отырғанын көрген. Науқастың қан қысымы қалыпты болған. Сондай-ақ, ол фельдшерлерден жақын туысының коронавируспен ауруханаға түскенін де жасырып қалған. Дәрігерлер оларда жедел респираторлық вирустық инфекция болуы мүмкін деп болжаған. Анализ ерлі-зайыптылардың коронавирус жұқтырғанын анықтады, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде коронавируспен күреске жедел жәрдемнен арнайы бригадалар жасақталған. Диспетчер жедел жәрдем шақырған адамнан «вирус жұқтырған болуы мүмкін» деп күдіктенсе, ол жерге қорғаныш костюмі бар арнайы бригадалар ғана жіберіледі.

Эпидемиологтар таратқан мәліметке қарағанда, ерлі-зайыптылар 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған туысымен байланыста болған. Әкімдік таратқан ақпаратта ерлі-зайыптыларға вирус күйеу баласынан жұққан деп айтылады. 29 жастағы азамат наурыздың 20-сы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыдан іссапардан оралған. Кейін оның коронавирусты әйеліне де жұқтырғаны анықталып, екеуі де оқшауланған.

- Коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан азамат өзімен байланыста болған адамдарды (ата-енесін) жасырып қалған. Сондықтан ол Қылмыстық кодекстің 305-бабымен қылмыстық жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Вирус жұқтырған отбасы қала орталығындағы супермаркетке жиі барып, жақындарымен жиі араласқан. 14-15 сәуір күндері осы отбасымен тығыз араласқан 5 адам оқшауланған. Тағы 31 адам үйде карантинде отыр.

16:37 15.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1300-ге жуықтады

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 15 сәуір кешкі сағат 17:25-те 15 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 3, Алматы қаласында - 10, Алматы облысында - 1, Қызылорда облысында 1 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 1290 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 380
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 297
  • Қызылорда облысы – 127
  • Қарағанды облысы – 81
  • Ақмола облысы – 80
  • Атырау облысы – 70
  • Түркістан облысы – 49
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 40
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26
  • Алматы облысы – 25
  • Батыс Қазақстан облысы – 18
  • Ақтөбе облысы – 13
  • Маңғыстау облысы – 11
  • Павлодар облысы – 11
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 5

15 науқас қайтыс болған. Барлығы 220 адам айыққан.

16:38 15.4.2020

Қазақстандағы қазіргі жағдай бойынша шолу

Азаттықтың жазбаша Live парақшасына енді ғана кірсеңіз 15 сәуір Қазақстанда болған ең маңызды оқиғаларды шолып шығыңыз.

  • Сәрсенбіде тағы 58 адамға вирус жұққаны, 17 адам аурудан жазылғаны хабарланды. 15 сәуір 17.45-тегі мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 1290 адамнан коронавирус табылды. 220 науқас COVID-19 дертінен айықты. 15 адам қайтыс болды.
  • 15 сәуір таңертең Қостанай облысында коронавирус жұқтырған бір қайтыс болды. 1945 жылы туған ер адамда пневмония болған.
  • Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада 218 медқызметкерге вирус жұққан: 182-сі - қалалық орталық клиникалық аурухана қызметкері, 30-ы балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында істейді. Науқастар арасында жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері және қаладағы бірнеше клиникалық ауруханада істейтін төрт адам бар. Бұдан бөлек, қалалық орталық клиникалық ауруханада басқа диагнозбен емделіп жатқан 18 науқастан да вирус табылды.
  • 15 сәуірде Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы қалада вирус жұқтырған 311 адам ауруханада жатқанын, үшеуінің халі ауыр екенін хабарлады. Науқастар арасында төрт бала, аяғы ауыр үй әйел бар.
  • Нұр-Сұлтандағы “Шарапат” қарттар үйінің жеті қызметкерінен коронавирус табылды.
18:46 15.4.2020

Шымкентте коронавирус жұқтырған адам қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 15 сәуір 17.00-де Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды. 1954 жылы туған марқұм бұрын пневмония, бауыр циррозы және қант диабетімен ауырған.

Сондай-ақ министрлік 15 наурыз кешкі 19.00-де елде тағы 20 адам (Нұр-Сұлтанда - 18, Алматыда-2 науқас) дерттен айыққанын мәлімдеді. Осылайша, сәрсенбіде 58 адамға вирус жұққаны, 27 адам аурудан жазылғаны, екі адам қайтыс болғаны хабарланды.

Қазір Қазақстанда барлығы 1290 адамнан вирус табылды. 240 адам дерттен айықты. 16 адам көз жұмды. Олар мына аймақта:

  • Ақмола облысы – 4
  • Шымкент қаласы – 3
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 2
  • Алматы қаласы – 2
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 1
  • Қостанай облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1

Тағы

XS
SM
MD
LG