Қазақстанда 23 адам коронавирустан жазылды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 16 сәуірде күндіз коронавирустан тағы 23 адам жазылып шыққанын хабарлады. Қазақстанда барлығы 263 адам айыққан:
- Нұр-Сұлтанда - 153
- Алматы қаласында - 60
- Шымкент қаласында - 2
- Ақмола облысында - 8
- Ақтөбе облысында - 2
- Алматы облысында - 7
- Атырау облысында - 12
- Жамбыл облысында - 3
- Батыс Қазақстан облысында - 1
- Қарағанды облысында - 2
- Қызылорда облысында - 6
- Маңғыстау облысында - 1
- Павлодар облысында - 1
- Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адам жазылған.
Қазақстанның әр аймағында 16 науқас вирустан қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар 1341 адамға жетті.
Қарай отырыңыз: Қазақстанда вирустың тарау динамикасы
Алматы қаласында коронавирустан бір адам қайтыс болды
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 1960 жылғы ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Науқас 15 сәуірде көз жұмған.
"1960 жылғы науқас 8 сәуірден бері орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімінде емделген, жүрек-өкпе аурулары болғандықтан жағдайы ауыр болған. Анализ алынып, коронавирус бары анықталған" делінген басқарма хабарламасында.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 17 науқас қайтыс болған. Олардың үшеуі - Алматыдан.
Бұған дейін Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада істеген 182 медицина қызметкерінен коронавирус табылып, медициналық мекеме карантинге жабылған болатын. 15 сәуірде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханада емделген 215 адамнан тест алынып, 18 адамнан вирус табылғанын хабарлаған еді.
Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?
Алматы қаласы - коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алда тұр. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 393 адамнан вирус табылған. Олардың алтауы - бала, төртеуі - аяғы ауыр әйел. 60 адам жазылған. Қазір инфекциялық ауруханада 330 адам (біреуі - Алматы облысынан) емделіп жатыр.
Қазақстанда тағы 10 адам коронавирустан жазылды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 16 сәуірде кешке қарай коронавирустан 10 адам жазылып шыққанын хабарлады. Қазақстанда барлығы 273 адам айыққан:
- Нұр-Сұлтанда - 153
- Алматы қаласында - 67
- Шымкент қаласында - 2
- Ақмола облысында - 8
- Ақтөбе облысында - 2
- Алматы облысында - 7
- Атырау облысында - 15
- Жамбыл облысында - 3
- Батыс Қазақстан облысында - 1
- Қарағанды облысында - 2
- Қызылорда облысында - 6
- Маңғыстау облысында - 1
- Павлодар облысында - 1
- Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адам жазылған.
Қазақстанның әр аймағында 17 науқас вирустан қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар 1341 адамға жетті.
Қарай отырыңыз: Қазақстанда вирустың тарау динамикасы
Қазақстанда тағы 21 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 16 сәуір кешкі сағат 17:15-те 21 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 11, Алматы қаласында - 5, Қостанай облысында - 2, Жамбыл облысында 3 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1362 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 398
- Нұр-Сұлтан қаласы – 316
- Қызылорда облысы – 131
- Қарағанды облысы – 84
- Ақмола облысы – 81
- Атырау облысы – 70
- Түркістан облысы – 49
- Жамбыл облысы – 53
- Шымкент қаласы – 43
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29
- Алматы облысы – 29
- Батыс Қазақстан облысы – 25
- Ақтөбе облысы – 14
- Маңғыстау облысы – 12
- Павлодар облысы – 13
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Қостанай облысы – 7
17 науқас қайтыс болған. Барлығы 273 адам айыққан.