Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:36 17.4.2020

Министрлік: 4 мыңға жуық оқушы пошта байланысы арқылы оқып жатыр

Сабаққа кетіп бара жатқан оқушы. Орал қаласы, 4 наурыз 2020 жыл.
Сабаққа кетіп бара жатқан оқушы. Орал қаласы, 4 наурыз 2020 жыл.

17 сәуірде білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова екі апта бұрын қашықтан оқу жүйесіне көшкен Қазақстан мектептеріндегі жұмыс қалыпты режимге көшті деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір 2,4 млн оқушы мен мұғалім түрлі интернет-платформаларды ("Күнделік", "Білім Лэнд", "Дарын Онлайн" т.б) қолданып жатыр.

Мұғалімдер мен оқушылар арасында кері байланыс электрондық журналдар жүйесі, түрлі мессенжерлер арқылы жүреді. Республика бойынша 4 мыңға жуық оқушы пошта байланысы арқылы оқып жатыр.

- Штаттық режимде оқып жатқан мектептер де бар. Бүгінгі күні олардың саны - 433. 25 мыңнан астам оқушы күнделікті штаттық кесте бойынша оқып жатыр. 4 мыңға жуық оқушы пошта байланысы арқылы оқып жатыр. Интернет жылдамдығы төмен немесе интернеті жоқ елді мекендерде осындай жұмыстар ұйымдастырылып, барлық мектептер жұмыстарын қалыпты жалғастырып жатыр, - деді Шолпан Каринова.

Бұған дейін министрлік өкілдері интернет арқылы оқуға мүмкіндігі жоқ мектеп оқушыларына оқу материалдары "Қазпошта" арқылы жеткізіліп, педагогтарға орындалған тапсырмаларды оқушылар пошта арқылы жіберіп отырады деген болатын.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда Қазақстанда 800 мың оқушы күнделікті телеарналардан көрсетілетін видеосабақтарды көріп жатыр. Ондағы кейбір сабақтардан кеткен қателік туралы сұраққа жауап берген Шолпан Каринова олардың сапасын жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Министрлік өкілінің сөзіне қарағанда биыл 9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырмайды. Олардың жыл бойы алған бағалары негізінде аттестаттарына қорытынды баға түсіріледі. Мектептерде соңғы қоңырау болмайды.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, шектеу шаралары енгізілген болатын. Наурыз айының ортасында - cтуденттер, сәуір айының басында оқушылар қашықтан оқи бастаған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1480 адамнан коронавирус табылған.

17:32 17.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1500-ге жуықтады

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 17 сәуір кешкі сағат 18:25-те тағы 18 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы облысында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында 8 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1498 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 461
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 341
  • Қызылорда облысы – 143
  • Қарағанды облысы – 87
  • Ақмола облысы – 81
  • Атырау облысы – 72
  • Түркістан облысы – 56
  • Жамбыл облысы – 53
  • Шымкент қаласы – 46
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 37
  • Батыс Қазақстан облысы – 32
  • Ақтөбе облысы – 18
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 15
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 7

Министрлік, сонымен қатар, тағы да 34 адам дерттен айыққанын мәлімдеді: Алматы қаласы - 12 адам, Шымкент қаласы - 9 адам, Нұр-Сұлтан қаласы - 4 адам, Жамбыл облысы - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысы - 3 адам, Түркістан облысы - 1 адам, Алматы облысы - 1 адам, Қарағанды облысы - 1 адам.Осылайша елде 340 адам дерттен айықты.17 науқас қайтыс болған.

Аурудан жазылған 340 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 167
  • Алматы қаласы – 79
  • Қызылорда облысы – 17
  • Атырау облысы – 16
  • Шымкент қаласы – 11
  • Ақмола облысы – 9
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8
  • Алматы облысы – 8
  • Түркістан облысы – 7
  • Жамбыл облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 5
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
18:19 17.4.2020

Қазақстанда 423 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан

Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 17 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда барлығы 423 медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі - Алматыда (53%). Дегенмен елде дәрігерлер тапшылығы жоқ деді Есмағамбетова. Бірнеше сағат бұрын Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы қалада 234 медицина қызметкерінің COVID-19 ауруына шалдыққанын хабарлаған болатын.

- Дәрігерлер тапшылығын жою мақсатында әр өңірде 10-20 пайыз аралығында резерв қарастырылған. Сондықтан қазір медицина қызметкерлері жеткілікті, - деді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитар дәрігер бұған қоса 14 сәуірде қабылданған карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыға сілтеме жасап, барлық медициналық мекемелердің күшейтілген режимге көшетінін айтты. Оған сәйкес, әрбір медициналық мекемедегі науқас "коронавирус жұқтырған адам" ретінде қарастырылады. Дәрігерлердің барлығы қорғаныш құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

Бас санитар дәрігер жұма күнгі брифинг кезінде Қызылорда және Атырау облыстарында уақытша қамау изоляторында екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Бұған дейін Азаттық Ақтөбе облысында уақытша қамау изоляторында отырған бір тұрғыннан вирус табылғанын жазған еді. Дегенмен брифинг кезінде Ақтөбедегі жағдай айтылмады.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1498 адамнан коронавирус табылған. 17 адам қайтыс болған. 340 науқас жазылған. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың көбеюі деңгейі 15 пайызға дейін ауытқып тұр. Алайда кейбір аймақта бұл көрсеткіш 20-60 пайызға жеткен. Бас санитар дәрігер сол себепті аймақта карантин шараларын күшейту қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, алдағы уақытта аймақтарда қоғамдық көлік тоқтайды, жеке көліктердің жүруіне шектеу қойылады. Азық-түлік базарлары, айырбастау пунктері, банктер жабылады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай жарияланған. Бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және өзге қалалар мен облыстарда карантин жарияланған болатын.

18:30 17.4.2020

Қазақстандағы қазіргі жағдай: 21 адамның халі ауыр

17 сәуірде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова арнайы брифинг өткізіп, коронавирус бойынша осы аптадағы жағдайды қорытындылады. Бас санитарлық дәрігердің айтқан деректерін шолып шығыңыз:

  • Қазақстанда вирус жұқтырған 1490-нан астам адамның 159-ы сырттан келген. 1002 адам вирус жұқтырғандармен байланыста болып, дертке шалдыққан. 204 адам елде жұқтырған. Қалғандарының вирусты қалай жұқтырып алғаны анықталып жатыр.
  • Вирус жұққан 21 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде екеуінің жағдайы тым ауыр. Дертке шалдыққандардың 79 пайызында симптомдар аз я байқалмайды.
  • Қазақстанда 423 медициналық қызметкерге вирус жұққан. Олардың 53 пайызы Алматы қаласында, 33 пайызы Нұр-Сұлтан қаласында.
  • Вирус жұқтырғандармен байланыста болған 31500-ден астам анықталып, олардың 98 пайызы оқшауланған.
  • Елде вирус инфекциясының тарауының көрсеткіші 15 пайызды құрайды. Вирустың таралу көрсеткіші бір апта көлемінде тұрақты түрде 2-5 пайызды құрағанда карантин шарттары жеңілдей бастайды.
  • Қазақстанда түрме изоляторында отырған екі адамнан коронавирус табылған.
  • 17 сәуір 19.00-дегі мәліметке сай, Қазақстанда 1498 адамнан вирус табылды. 340 адам дерттен айықты (жұмада 63 адамның аурудан жазылғаны хабарланды). 17 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG