Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:10 18.4.2020

Шымкентте коронавирус жұққан науқастарды емдеуге арналған госпитальдің құрылысы тоқтап тұр

Коронавирус жұққан науқастарды емдеуге арналған госпиталь салынады деген жер. Шымкент, 16 сәуір 2020 жыл.

Шымкенттегі "Ақжайық" шағын ауданында салынады деп жоспарланған коронавирус жұққан науқастарды емдеуге арналған госпитальдің құрылысы тоқтап тұр. Қала әкімдігінің Азаттыққа хабарлауынша, бірінші жоба жарамсыз деп танылған, ал жаңа жоба талқыланып жатыр.

"Ақжайық" шағын ауданында қалалық балалар ауруханасының жанынан госпитальге жер бөлінген. Жан-жағы қоршалған аумақ пен ондағы әртүрлі көліктерді BI GROP құрылыс компаниясының он шақты қызметкері күзетіп жүр.

Қала әкімдігінің айтуынша, құрылыс сапасына байланысты госпиталь құрылысы тоқтап қалған. Бастапқы жобада госпиталь контейнерлермен салынады деп жоспарланған. Госпиталь жабылып, ғимарат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөліміне берілетіні ескеріліп, контейнерлерден салу тоқтатылған.

«Миллионнан аса тұрғыны бар Шымкентте 180 орындық жалғыз жұқпалы аурулар ауруханасы бар. Оның жартысы балалар бөліміне тиесілі. Балаларға бөлек аурухана салу жоспарда болғанмен қаражат қаралмаған. Госпитальды жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөлімі ретінде қалыптастыру үшін нысанды контейнермен емес, темір-бетоннан салу туралы тоқтамға келдік» делінген Шымкент қалалық әкімдігі жіберген хатта.

Әкімдік өкілдері хатта госпитальді шағын аудан аумағына салу себебін де түсіндірген.

"Қала шетіне салу тиімсіз. Біріншіден, қала шетіне аурухана салу бұрыннан қала құрылысы жобасында жоқ. Екіншіден, қала шетінде ауруханаға қажетті ауыз су, газ, электр қуаты, автомобиль жолы, байланыс, кәріз сияқты инфрақұрылым тартылмаған. Оған кететін қомақты қаражат бюджетте қарастырылмаған. Оның үстіне тым көп уақыт алады" делінген хатта.

6 сәуір күні қала әкімі Мұрат Әйтенов 200 адамға шақталған госпитальдың құрылысы басталғанын мәлімдеген. Құрылыс жұмысына 400 адам тартылған. Билік өкілдері құрылыс жұмысына тартылған жұмысшылардың вирустан барынша қорғанатынын да жеткізген.

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін Шымкенттен бөлек Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында да госпиталь салынып жатыр. Үш қалада да аурухананы BI GROP құрылыс компаниясы салады.

10:17 18.4.2020

Әлемде оқушылар қашықтан қалай білім алып жатыр?

Әлем елдерінде коронавирус індетіне байланысты көптеген мектептер жабылды. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі технология көмегімен оқуды жалғастыруға тырысып жатыр. Пандемия оқу процесіне қандай өзгеріс әкелді?

Интернет үшін төбеге шығу, кереуетте сабақ оқу. Әлемде оқушылар қалай білім алып жатыр?

Мұғалім оқушылармен видеоконференция өткізіп, сабақты түсіндіріп жатыр. Новосибирск, Ресей.

1/12

Мұғалім оқушылармен видеоконференция өткізіп, сабақты түсіндіріп жатыр. Новосибирск, Ресей.

Әлем елдерінде коронавирус індетіне байланысты көптеген мектептер жабылды. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі технология көмегімен оқуды жалғастыруға тырысып жатыр. Пандемия оқу процесіне қандай өзгеріс әкелді?

Оқушы Егор Павлишек сабақ оқып отыр. Жанында иті Пинки де отыр. Евпатория, Украина.

2/12

Таза ауада сабақ оқып отырған Джулио Джованнини. Интернет байланысы жақсы болу үшін оқушы қала маңындағы төбеге шыққан. Скансано қаласы, Италия.

3/12

Тегеранда мұғалім оқушылармен видеоконференция өткізіп жатыр.

Әлемде оқушылар қашықтан оқуға әрқалай бейімделіп жатыр. Лондондағы оқушылардың бірі New York Times тілшісіне кейбір мұғалімдердің "өтіп кеткен сабақтарды жіберіп, тапсырманы қашан өткізу керектігін айтпады" деген.

4/12

Беларусьтің Колодищи ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін Евгения Гущина онлайн-сабақ өткізіп жатыр.

5/12

Интернет жақсы тартатын жерге көлікпен келіп, ноутбукпен сабақ оқып отырған жоғары сынып оқушылары. Челябинск, Ресей.

6/12

Мәскеудегі мектептердің бірінде үш оқушымен сабақ өткізіп тұрған мұғалім. Қалған оқушылар онлайн трансляция арқылы қарап отыр.

7/12

Пәкістандық оқушы Мұхаммед Ибрагим интернет арқылы сыныптастарымен бірге ағылшын тілін оқып отыр.

8/12

Алиса және Джозеф Уилкинсон дене шынықтыру сабағында үйде жаттығу жасап жатыр. Манчестер, Англия.

9/12

Сабақ оқып отырған оқушы. Брюссель.
10/12 Сабақ оқып отырған оқушы. Брюссель.
Әлем елдерінде коронавирус індетіне байланысты көптеген мектептер жабылды. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі технология көмегімен оқуды жалғастыруға тырысып жатыр. Пандемия оқу процесіне қандай өзгеріс әкелді?

Токиода кейбір университеттер диплом тапсыру рәсімін осылайша iPad-тың көмегімен өткізген.

11/12

Токио мектептерінде оқушылар бір-бірінен алшақ отырғызылған. 5 сәуірде кейбір мектептер ашыла бастады.

Жапония - коронавирус инфекциясы туралы алғаш хабарлаған мемлекеттердің бірі. 27 ақпанда елде барлық мектептер жабылған. Жапонияда ата-аналардың бірі бірнеше аптадан кейін стресске шалдыққанын айтқан, ұлының теледидарды көп көретінін айтып алаңдаған.

12/12

Previous slide
Next slide

11:04 18.4.2020

Алматы облысында тағы екі адамнан коронавирус табылды

Денсауық сақтау министрлігі 18 сәуір түскі сағат 12.00-де Алматы облысында екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Облыста вирус жұқтырғандар 39 адамға жеткен.

Қазақстанда коронавирус жұққан 1593 адам анықталған. 17 адам қайтыс болған. 347 адам жазылған.

11:48 18.4.2020

Қазақстанда 14 адам коронавирустан жазылды

Аурухана терезесінен қарап тұрған науқас. Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 18 сәуірде түсте коронавирустан 7 адамның жазылып шыққанын хабарлады. Қазақстанда барлығы 361 адам жазылған:

• Нұр-Сұлтан қаласы – 172
• Алматы қаласы – 79
• Қызылорда облысы – 21
• Атырау облысы – 21
• Шымкент қаласы – 11
• Ақмола облысы –16
• Солтүстік Қазақстан облысы – 8
• Алматы облысы – 8
• Түркістан облысы – 7
• Жамбыл облысы – 6
• Қарағанды облысы – 5
• Ақтөбе облысы – 3
• Батыс Қазақстан облысы – 2
• Маңғыстау облысы – 1
• Павлодар облысы – 1 адам.

Тағы

XS
SM
MD
LG