Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:21 18.4.2020

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты велосипед тебуге уақытша тыйым салды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан билігі коронавирусқа байланысты велосипед тебуге уақытша тыйым салды. Велосипедпен жұмысқа барып, қайтуға ғана рұқсат.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Шохрух Гиясовтың айтуынша, велосипедпен жұмысқа баратындардың қолында үш құжат болуы керек: төлқұжат, жұмыс орнынан анықтама және қызметкердің жұмыс уақытында кеңседе немесе ғимаратта болатыны туралы хат.

17 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Өзбекстанда 1390 адамнан коронавирус табылған, төрт адам қайтыс болған.

Көрші Тәжікстанда дін қызметкерлері 24 сәуірде басталатын Рамазан айында мешітке жиналып, намаз, тарауық оқуға тыйым салды.

Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанда да мешіт өкілдері бұған дейін осыған ұқсас шектеу енгізген.

Тәжікстан мен Түркіменстан коронавирус табылғаны туралы ресми хабарламады. Бірақ үкімет жұмысының жабықтығы мен тәуелсіз БАҚ-тың жоқтығын алға тартқан сарапшылар бұған күмән келтіреді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1593 адамнан коронавирус табылған, 17 адам қайтыс болған.

Қырғызстанда шамамен 500 адамнан коронавирус табылған. 5 адам қайтыс болған.

15:00 18.4.2020

Коронавирус табылған үй тұрғындары дезинфекция дұрыс жасалмағанын айтады

Нұр-Сұлтанда COVID-19 коронавирусын жұқтырған адамдардың анықталуына байланысты карантинге жабылған кейбір көпқабатты үйдің тұрғындары дезинфекцияға көңілі толмайды. Ал қалалық санитарлық эпидемиология станциясы қаулыда бүкіл үйді тазалау туралы жазылмағанын айтады.

Коронавирус табылған үй тұрғындары дезинфекция дұрыс жасалмағанын айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:19 0:00

16:56 18.4.2020

Ресейде бір күнде 5 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

Метро алдында полиция қызметкеріне телефонындағы QR-кодты көрсетіп тұрған тұрғын. Мәскеу, 17 сәуір 2020 жыл.
Метро алдында полиция қызметкеріне телефонындағы QR-кодты көрсетіп тұрған тұрғын. Мәскеу, 17 сәуір 2020 жыл.

Ресейде бір күннің ішінде 4785 адамнан коронавирус табылды. Эпидемия басталғалы бері мұндай жоғары көрсеткіш болмаған. Әсіресе соңғы бір апта ішінде вирус жұқтырғандар тұрақты түрде көбейген. Бұл ақпаратты Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 36 мыңға жеткен. Ресей әлемде бұл көрсеткіш бойынша оныншы орында тұр. Індет тарағалы бері 313 адам қайтыс болған. 3 мыңнан астам адам жазылған.

Соңғы бір күн ішінде 40 адам көз жұмған, 467 адам жазылған.

Вирус жұқтырғандардың 50 пайыздан астамы Мәскеуде анықталған.

Ресейдің басым бөлігі наурыз айының соңынан бері "оқшаулау режиміне" көшкен. Адамдардың топтасып жиналуына тыйым салынған, үйден шығуына шектеу қойылған. 30 сәуірге дейін жұмыс тоқтайды деп жарияланған. Бірақ көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Бірақ ресми түрде төтенше жағдай режимі енгізілмеген.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,2 млн адамға жетті. 154 мыңнан астам адам қайтыс болған. 556 мыңнан астам адам айыққан. АҚШ-та - 700 мың, Испанияда — 190 мың, Италияда —172 мың, Францияда — 149 мың, Германияда 141 мың адамға вирус жұққан.

21:40 18.4.2020

Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 18 сәуір түнгі сағат 22:30-да тағы 15 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 1, Қостанай облысында - 6, Батыс Қазақстан облысында - 7 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1630 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 506
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 366
  • Қызылорда облысы – 143
  • Қарағанды облысы – 89
  • Ақмола облысы – 81
  • Атырау облысы – 76
  • Түркістан облысы – 57
  • Жамбыл облысы – 58
  • Шымкент қаласы – 58
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 37
  • Батыс Қазақстан облысы – 46
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 18
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 15

Коронавирустан 378 адам айыққан. 17 адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG