Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:12 19.4.2020

Шымкентте қоғамдық көлік тоқтайды

Шымкенттегі блокбекеттердің бірі. 2 сәуір 2020 жыл.
Шымкенттегі блокбекеттердің бірі. 2 сәуір 2020 жыл.

Шымкентте 19 сәуірден бастап карантиндік шаралар күшейді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсат Исақов хабарлады.

"Бір күннің ішінде 12 адамнан коронавирус табылды (Барлығы 58 адам - ред.). Осыған байланысты қалада сақтық шаралары күшейді. Қаулыға сәйкес, қала аумағында 19 сәуір түнгі сағат 00.00-ден бастап 1 мамыр таңертеңгі сағат 7.00 аралығында бірқатар шектеу шарасы енгізілді" деді қала әкімінің орынбасары.

Қалада айырбас пунктері, шағын қаржы ұйымдарының жұмысы шектеліп, онлайнға көшеді. Қоғамдық көлік тоқтайды. Тек ресми түрде тіркелген 11 компания жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді. Тіркелмеген жүргізушілерге тасымалдауға тыйым салынған.

Қаланы полиция, ұлттық гвардия сарбаздары мен әскерилер бақылайды.

11:17 19.4.2020

Ресей билігі мигранттарға мерзімі өтіп кеткен патентпен жұмыс істеуге уақытша рұқсат берді

Мәскеудің Внуково әуежайында қалып қалған еңбек мигранттары. 24 наурыз 2020 жыл.
Мәскеудің Внуково әуежайында қалып қалған еңбек мигранттары. 24 наурыз 2020 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин еңбек мигранттарына мерзімі өтіп кеткен патентпен 15 маусымға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Жарлық Кремль сайтында жарияланды.

Құжат жұмыс берушілерге мерзімі өтіп кеткен патенті бар еңбек мигранттарын жалдауға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайда мигранттарға әкімшілік айыппұл салмауы тиіс. Бұған қоса, депортациялау, визаның күшін жою, рұқсат қағазын тартып алу сияқты шаралар қолданбауы тиіс.

Бұған дейін еңбек мигранттары Ресей билігінен коронавирусқа байланысты жарияланған карантин уақытында еңбек патентін төлеуді кейінге шегеруді сұраған.

2019 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, Мәскеу қаласында шетел азаматтарына 463,7 мың еңбек патенті беріліп, қала бюджетіне 18,3 млрд рубль көлемінде табыс түскен. Патенттердің жартысы - Өзбекстан азаматтарына, 38 пайызы Тәжікстан азаматтарына берілген.

Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше Қазақстан және Қырғызстан азаматтарынан еңбек патенті сұралмайды.

11:24 19.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 7 адамға көбейді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуір түскі сағат 12:15-те тағы 7 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 1, Шымкент қаласында 4 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1661 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 513
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 371
  • Қызылорда облысы – 147
  • Қарағанды облысы – 90
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 79
  • Түркістан облысы – 57
  • Жамбыл облысы – 60
  • Шымкент қаласы – 62
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 37
  • Батыс Қазақстан облысы – 46
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 22
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 15

19 сәуірде министрлік сонымен бірге Ақмола облысында - 1, Қызылорда облысында 3 адамның коронавирустан жазылғанын хабарлады.

Коронавирустан жалпы 382 адам айыққан. 17 адам қайтыс болған.

12:10 19.4.2020

Қырғызстанда коронавирус жұққан дәрігерлер 134 адам болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда коронавирус инфекциясы жұққан дәрігерлер 134 адамға жетті.

19 сәуір күнгі брифинг кезінде Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев жаңа анықталған 18 науқастың барлығы медицина қызметкері екенін хабарлады. Төртеуі - Бішкектен. Қалғаны Нарын, Жалалабад, Ош, Баткен облыстары мен Ош қаласынан.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда 554 адамнан коронавирус табылған. 133 науқас жазылған. Бес адам қайтыс болған.

Вирус жұқтырғандар мына қала мен облыстардан:

  • Бішкек – 111;
  • Ош қаласы – 83;
  • Ош облысы – 147;
  • Баткен облысы – 6;
  • Жалалабад облысы – 102;
  • Шу облысы – 30;
  • Ыстыккөл облысы – 8;
  • Нарын облысы – 67;
  • Талас облысы - 0.

Тағы

XS
SM
MD
LG