Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:08 19.4.2020

Алматыда балалар инфекциялық ауруханасында 6 дәрігерден коронавирус табылды

Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

Денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуірде Алматыда тағы 8 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған болатын. Олардың алтауы - балалар қалалық инфекциялық ауруханасының қызметкері, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханасында істейді. Коронавирус жұққан науқастармен араласып, провизорлық стационарға жатқызылған тағы бір адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Алматы - коронавирус жұқтырғандар мен вирус жұққан дәрігерлер саны жағынан республикада алда тұр. Қалада жалпы 513 адамнан коронавирус табылған. Олардың кемінде 234-і - дәрігер. 200-ден астам қызметкерінен коронавирус табылған орталық қалалық клиникалық ауруханасы (халық арасында N12 аурухана деген атпен белгілі) карантинге жабылған, басшысы ауысқан. 18 сәуірде қаланың бас санитар дәрігері ауысты.

Оқи отырыңыз: Жандарбек Бекшин Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инфекциялық стационарда 427 адам емделіп жатыр (арасында Алматы облысынан келген бір науқас бар). Үш адамның жағдайы - өте ауыр, алтауының жағдайы - ауыр, 121 науқастың жағдайы - орташа ауыр, қалғандарыныкы - бірқалыпты.

Бұған дейін қалада 84 адам жазылған. Үш адам қайтыс болған. 19 наурыздан бері қалада карантин жарияланған, көшеде қозғалыс шектелген. Бұған дейін төтенше жағдай жөніндегі комиссия өкілдері 20 сәуірден бастап қалада ірі кәсіпорындардың жұмыс істей бастайтынын айтқан.

15:03 19.4.2020

Қазақстанда 11 адам коронавирустан айықты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуірде түстен кейін коронавирустан 11 адамның жазылып шыққанын хабарлады. Қазақстанда барлығы 400 адам жазылған:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 177
  • Алматы қаласы – 84
  • Қызылорда облысы – 24
  • Атырау облысы – 21
  • Шымкент қаласы – 11
  • Ақмола облысы –17
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 18
  • Алматы облысы – 8
  • Түркістан облысы – 11
  • Жамбыл облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 12
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1 адам.
16:31 19.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұққан 15 адам анықталды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуір кешкі сағат 17:20-да 15 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 5, Қарағанды облысында - 3, Атырау облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Павлодар облысында 4 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1676 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 518
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 372
  • Қызылорда облысы – 147
  • Қарағанды облысы – 93
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Түркістан облысы – 57
  • Жамбыл облысы – 61
  • Шымкент қаласы – 62
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 37
  • Батыс Қазақстан облысы – 46
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 15

Коронавирустан жалпы 400 адам айыққан. 17 адам қайтыс болған.

16:41 19.4.2020

Трамп: Егер Қытай індеттің тарауына саналы түрде жол берген болса, салдарын тартады

АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Қытай коронавирус індетінің тарауына саналы түрде жол берген болса, салдарын тартады деп мәлімдеді.

18 сәуірде Ақ үйде өткен брифинг кезінде Трамп АҚШ коронавирустың қалай таралғанын зерттейді деді. Оның айтуынша, егер Қытай кездейсоқ қателік жіберген болса, оны кінәлаудың қажеті жоқ. Ал саналы түрде жол бергені анықталса - "мәселе басқа" деді. Трамп нені меңзегенін ашық айтпады.

"Індетті Қытайдың өзінде тоқтатуға болар еді, бірақ олай болған жоқ, енді қазір бүкіл әлем зардап шегіп жатыр" деді Трамп.

Коронавирус жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ әлемде алда тұр. Мұнда соңғы мәлімет бойынша, 715 мыңнан астам адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Трамп сенбі күнгі брифинг кезінде Қытайдың коронавирус туралы ресми дерегіне сенбейтінін де жеткізді. Қытай билігі коронавирустан 4 мыңнан астам адам қайтыс болды деп мәлімдеген. АҚШ-та вирустан қаза болғандар 40 мыңға жуықтады.

  • Бірнеше күн бұрын америкалық Fox News арнасы арнайы қызмет өкілдеріндегі құпия дерекөзге сүйене отырып, коронавирус инфекциясы жұққан алғашқы адам Ухань қаласындағы зертханада жұмыс істеген, сол жерден вирус әлемге тараған деп хабарлаған болатын.
  • Болжам бойынша, Уханьдағы Қытай ғылым академиясына қарасты вирусология институтында істеген қызметкерге вирус зертханада жарқанаттан жұққан. Мәселемен таныс құпия дереккөзіне сүйенген телеарна вирус адамға сыртқы ортадан жұқпаған деген тұжырымға дәлел көп екенін айтады.
  • Дегенмен Fox News арнасы "вирус жасанды түрде шығарылған және қасақана түрде таратылды" деген тұжырым жасамайды. Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ билігі вирустың пайда болуын мұқият зерттеп жатыр.
  • Бұған дейін Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь коронавирус жасанды түрде шығарылды деген болжамға дәлел жоғын айтқан.

Тағы

XS
SM
MD
LG