Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:36 19.4.2020

Қарағанды облысы: Теміртаудың үш тұрғынынан коронавирус табылды

Теміртауда карантинге байланысты жабылған сауда орталығы. 6 сәуір 2020 жыл.
Теміртауда карантинге байланысты жабылған сауда орталығы. 6 сәуір 2020 жыл.

19 сәуірде Қарағанды облысында үш адамға коронавирус жұққаны анықталған болатын. Coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, үшеуі де Теміртау қаласында тұрады. Бұрын үйде карантинде болған 21 жастағы және 49 жастағы екі әйел және провизорлық стационарда жатқан 36 жастағы ер адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Қарағанды облысында барлығы 93 адамнан коронавирус табылған:

  • Қарағанды қаласында – 47
  • Теміртауда – 25
  • Шахтинскіде – 7
  • Саранда - 1
  • Бұқар жырау ауданында – 1
  • Шет ауданында - 1 адам
  • Қалған облыстан 11 тұрғынға вирус жұққан.

. Бір адам қайтыс болған. 12 науқас жазылған. 30 наурызда облыста Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалалары карантинге жабылған.

19:12 19.4.2020

Лукашенко сынаған ресейлік тест жүйесі Өзбекстанға көмек ретінде берілді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Өзбекстанға коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жүйесін берді. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова хабарлады. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік тестің тиімділігіне күмән келтірген.

Захарованың сөзіне қарағанда, ресейлік "Вектор" ғылыми орталығының тест жүйесі Өзбекстанға көмек ретінде тегін берілген. Захарова коронавируспен күрес бойынша Беларусьпен де ынтымақтастық орнағанын айтып, "Росатом" мемлекеттік корпорациясының Беларусьтің Гроднен облысы Островец ауданындағы ауруханаларға тест жүйесін жеткізгенін айтқан.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко "Вектор" ғылыми орталығы жасап шығарған тест жүйесінің дәлдігі тек 30 пайызды ғана құрайды деп сынаған болатын.

18 сәуірде "Роспотребнадзор" Лукашенко сынына жауап берді. Ресей шенеуніктерінің айтуынша, Минскіге берілген ресейлік тест жүйесі көптеген параметр бойынша тіпті шетелдік аналогтардан асып түседі. Мұндай тест жүйесі COVID-19 ауруына шалдыққан, бірақ белгілері байқалмайтын адамдардан да вирусты анықтай алады.

"Ақпан айының басында Қытайда жүргізілген салыстырмалы сынақ кезінде ресейлік тесттердің тиімді екені дәлелденген" деді ведомство өкілдері.

Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан Беларусь постсоветтік кеңістікте Ресейден кейін екінші орында тұр. Соңғы мәлімет бойынша, Беларусьте 4,5 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 42 науқас қайтыс болған. 85 мыңнан астам тесттен өткен.

Дегенмен Беларусьте ресми түрде карантин жарияланған жоқ, "оқшаулау режимі" енгізілмеді. Шіркеулерге адамдардың келуіне тыйым салынған жоқ, 25 сәуірде елде республикалық сенбілік өтеді. Мектеп оқушларының көктемгі демалысы 20 сәуірге дейін созылған. Беларусь - пандемия кезінде футбол чемпионатын өткізіп жатқан Еуропадағы жалғыз мемлекет.

13 сәуірде Беларусь президенті Александр Лукашенко елде "коронавирустан бірде бір адам қайтыс болған жоқ және қайтыс болмайды да", ал егер өлсе, вирустан емес, көп аурумен ауырғандықтан қайтыс болды деп мәлімдеген.

22:21 19.4.2020

Алматыда коронавирустан 2 науқас қайтыс болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуір түнгі сағат 23:10-да Алматыда коронавирустан екі науқас қайтыс болғанын хабарлады. Олардың бірі - 1958, екіншісі 1931 жылы туған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 19 адам қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігінде созылмалы аурулар болған.

Министрлік жексенбі күні түнде вирус жұқтырғандар 35 адамға көбейгенін хабарлады.

Республика бойынша вирус жұқтырғандар 1711 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 524
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 372
  • Қызылорда облысы – 148
  • Қарағанды облысы – 93
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Түркістан облысы – 60
  • Жамбыл облысы – 61
  • Шымкент қаласы – 67
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 40
  • Батыс Қазақстан облысы – 62
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 15

Коронавирустан 401 адам айыққан. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі осы және алдағы аптада "эпидемия шарықтау шегіне жетеді" деп болжаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні Twitter-дегі парақшасында "Қазақстанда вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр, бірақ геометриялық прогрессия бойынша өсіп жатқан жоқ. Демек шешімдер уақытында қабылданған. Алайда эпидемия шарықтау шегіне жеткен жоқ" деп азаматтарды карантин ережелерін сақтауға шақырды.

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған. Бірқатар қалалар мен облыс, аудандарда, ауылдарда карантин енгізіліп, қозғалыс шектелген.

08:42 20.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1735 адамға жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуір, таңертеңгі сағат 9-дағы мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам анықталды.

Қызылорда облысы - 1,
Нұр-Сұлтан қаласы - 9,
Алматы қаласы - 1,
Шымкент қаласы - 4,
Батыс Қазақстан облысы - 1,
Павлодар облысы - 4,
Қостанай облысы - 4.

Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандар 1735 адамға жетті. 401 науқас COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды.

Карантинге жабылған мекеме аумағына кіріп бара жатқан полиция қызметкері мен қақпа алдында отырған адам. Семей, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған мекеме аумағына кіріп бара жатқан полиция қызметкері мен қақпа алдында отырған адам. Семей, 13 сәуір 2020 жыл.

Тағы

XS
SM
MD
LG