Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:13 20.4.2020

Жексенбіде Алматыда қайтыс болған екі науқас туралы

Денсаулық сақтау министрлігінің дүйсенбі, 20 сәуірде таратқан мәліметі бойынша, жексенбі күні Алматыда ауруханада қайтыс болған екі науқастың біреуі - 1958 жылы туған ер адам. Коронавирус жұқтырған науқастың панкреатит, ауыр дәрежелі қан аздығы, артериалды гипертония тәрізді аурулары болған. Ол жүрегі тоқтап қайтыс болған.

Екінші науқас - 1931 жылы туған әйел. Ол жүректің ишемиялық дерті, артериялды гипертензия, дисциркуляторлы энцефалопатия сияқты аурулармен ауырған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 19 адам көз жұмды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Алматы қаласы - 5
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 1
  • Қостанай облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Түркістан облысы - 1.

Қазақстан бойынша 1735 адам коронавирус жұқтырған, 401 науқас дерттен айыққан.

Карантинге жабылған қалалық орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған қалалық орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

10:22 20.4.2020

Министр Нұрымбетов: 42500 теңгені қателесіп алғандар жауапқа тартылмайды

Қазақстанда үкімет бөлген 42500 теңге әлеуметтік көмекті қателесіп алған адам қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы 20 сәуірде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Ол төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін "42500 төңгені алғандардың кейбірі бұл қаржыны үкіметке қайтармаса қылмыстық жауапқа тартылады" деген түрлі ақпарат көбейгенін айтты.

- Ештеңені уайымдамаңыздар, халықтың басым бөлігінің табысы аз екені, жалақы, жәрдемақының көп еместігі түсінікті. Сондықтан біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Мәселе, жұмысын тоқтатпаған жұмыс берушілер мен жалақысын алып отырса да 42500 теңге алу жөнінде өтініш бергендерге байланысты туған болатын, - деді министр.

"42 500 теңге неге барлық азаматқа берілмейді" деген сұраққа Нұрымбетов "Төтенше жағдай кезінде мелекет халыққа әртүрлі әлеуметтік көмек ұсынған. 42500 теңге алмаған азаматтар басқа көмектерді ала алады" деп жауап берді.

Министрдің сөзінше, қазірге дейін 3 миллион 960 мың адамға 42500 теңге тағайындалып, оған 157 миллиард теңге бөлінген.

Мемлекеттен берілетін 42500 теңге әлеуметтік көмек аударылатын есепшот ашу үшін поштаға келген азаматтар. Қызылорда қаласы, 13 сәуір 2020 жыл.
Мемлекеттен берілетін 42500 теңге әлеуметтік көмек аударылатын есепшот ашу үшін поштаға келген азаматтар. Қызылорда қаласы, 13 сәуір 2020 жыл.

10:39 20.4.2020

Қазақстанмен көрші елдердегі коронавирус ахуалы

Кейінгі мәлімет бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 42853 адамға жетті. Жексенбі күні елде науқастар қатарына 6060 адам қосылды. Бұл дүниежүзі бойынша бір тәулік ішінде тіркелген көрсеткіш жағынан АҚШ-тан кейінгі (онда 25352 науқас танықталған) екінші орын. 3291 науқас жазылып, 361 адам көз жұмды.

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар 568 адамның арасында 140 медицина қызметкері бар. 201 науқас дерттен айығып, жетеуі өлген.

Өзбекстанда 1565 адамға коронавирус жұққан. 225 науқас жазылып, бес адам вирустан қайтыс болды.

Жедел жәрдем қызметкерлері науқас адамды ауруханаға апара жатыр. Мәскеу, Ресей, 17 сәуір 2020 жыл.
Жедел жәрдем қызметкерлері науқас адамды ауруханаға апара жатыр. Мәскеу, Ресей, 17 сәуір 2020 жыл.

10:57 20.4.2020

Коронавирус жұқтырғандардың 12-і дерттен айықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуірде сағат 11:30-дағы мәліметінше, төрт облыста барлығы 12 науқас коронавирустан айығып шыққан.

  • Солтүстік Қазақстан облысы - 7
  • Шығыс Қазақстан облысы - 3
  • Ақмола облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 1.

Осылайша Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар 413 адамға жетті. Бұған дейін елде барлығы 1735 адам вирус жұқтырған, 19 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қалалық орталық жедел жәрдем станциясы көлігі. 15 сәуір 2020 жыл.
Нұр-Сұлтан қалалық орталық жедел жәрдем станциясы көлігі. 15 сәуір 2020 жыл.

Тағы

XS
SM
MD
LG