Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:39 20.4.2020

Қазақстанда 428 адам дерттен айықты

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуір 16.20-дағы мәліметіне сай, Қазақстанда тағы 11 адам COVID-19 дертінен айықты: Алматы қаласы - 4, Ақтөбе облысы - 2, Түркістан облысы - 2, Алматы облысы - 1, Қостанай облысы - 1, Қарағанды облысы - 1.

Осылайша, елде 428 адам коронавирус індетінен жазылды. Олар мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 180
  • Алматы қаласы – 88
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Қызылорда облысы – 25
  • Атырау облысы – 21
  • Ақмола облысы – 18
  • Түркістан облысы – 13
  • Қарағанды облысы – 13
  • Шымкент қаласы – 12
  • Ақтөбе облысы – 9
  • Алматы облысы – 9
  • Жамбыл облысы – 6
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 1
  • Қостанай облысы - 1
17:13 20.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1775 адамға жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуір 16.40-дағы мәліметіне сай, елде тағы 18 адамнан вирус табылды. Олардың басым бөлігі Алматыда - 14 науқас. Шымкентте үш, Қостанай облысында бір адам.

Осылайша, елде 1775 адамға коронавирус жұқтырды. 442 науқас (дүйсенбіде 41 адам) дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды. Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вирус инфекциясы шарықтау шегіне жеткенін, бірақ әлі шектен өтпегенін мәлімдеді. Үкімет елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжайды.

Вирус жұқтырған 1775 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 383
  • Алматы қаласы – 549
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 83
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Батыс Қазақстан облысы – 63
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 44
  • Павлодар облысы – 30
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
21:31 20.4.2020

Қазақстанда бір уақытта 77 адамнан вирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 20 сәуір 22.15-те елде тағы 77 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Алматыда - 77 адам. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында - 7, Алматы облысында - 6, Павлодар облысында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Батыс Қазақстан облысында 1 адамнан вирус анықталды.

Осылайша, Қазақстанда 20 сәуірде 176 адам COVID-19 індетіне шалдыққаны белгілі болды. Бұған дейін Қазақстанда бір күнде осыншама адамнан вирус табылмаған.

Қазір елде барлығы 1852 адамнан вирус анықталды. 447 адам дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды. Қазақстанда қазір 1386 адам COVID-19 дертімен ауырып жатыр.

Алматы қаласында вирус жұқтырғандар 606 адамға жетті. Олардың біраз бөлігі - дәрігер. Өткен аптада қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда 800 адамға вирус жұғуы мүмкін деп болжаған.

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вирус инфекциясы шарықтау шегіне жеткенін, бірақ әлі шектен өтпегенін мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжайды.

Вирус жұқтырған 1852 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 386
  • Алматы қаласы – 606
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 90
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Батыс Қазақстан облысы – 64
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 50
  • Павлодар облысы – 33
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
08:30 21.4.2020

Букер сыйлығын тапсыру рәсімі кейінге қалды

Әдебиет саласындағы халықаралық беделді жүлделердің бірі - Букер сыйлығын тапсыру рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалды. Сыйлық иегері жылдағыдай мамырда емес, биыл жаздың аяғында жарияланбақ. Бұл туралы Букер қоры таратқан мәлімдемеде айтылған.

Халықаралық Букер сыйлығы екі жылда бір беріледі. 2004 жылы тағайындалған сыйлық ағылшын тілінде жазатын немесе шығармалары ағылшын тіліне аударылған жазушыға табыс етіледі.

Биылғы сыйлыққа үміткерлер арасында Шокуфех Азар (Иран), Габриела Камара (Аргентина), Даниель Кельман (Германия), Фернанда Мельхор (Мексика), Йоко Огава (Жапония) және Марике Лукас Риневелд (Нидерланд) бар.

Тағы

XS
SM
MD
LG