Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:24 21.4.2020

Ресейде коронавирус жұқтырғандар 50 мыңнан асты

Ресейде коронавирус жұқтырған 52763 адам анықталған. Оның 29433-і Мәскеуде тіркелген. Осы кезге дейін коронавирустан 456 адам қайтыс болды. 3873 науқас дертінен сауықты.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар Ресейдің барлық аймағында бар. Науқас саны жағынан тізім басында мемлекет астанасынан бөлек Мәскеу облысы (5959), Санкт-Петербург (1973), Нижегород облысы (860) мен Коми республикасы (507) тұр.

Карантин кезінде Қызыл алаңда жүрген полиция қызметкерлері. Мәскеу, 20 сәуір 2020 жыл.
Карантин кезінде Қызыл алаңда жүрген полиция қызметкерлері. Мәскеу, 20 сәуір 2020 жыл.

16:47 21.4.2020

Алматыдағы коронавирус ахуалы туралы

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының 21 сәуірдегі мәліметі бойынша, кейінгі бір тәулікте қалада коронавирус жұқтырған 145 адам анықталған. Оның ішінде:

Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері - 104
№12 қалалық емхана қызметкерлері - 12
қазіргі кезде провизорлық орталықта жатқан қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері - 11
бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандар - 18.

Алматы қаласы бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 669 адам. Оның 88-і дерттен жазылып шыққан.

Екі науқастың жағдайы өте ауыр, алтауының жағдайы ауыр, 168 - орташа және
401 - қанағаттанарлық деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.

Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

16:54 21.4.2020

Тағы 24 адам коронавирустан жазылып шықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 21 сәуір, сағат 17:00-дегі мәліметіне сай, елде коронавирус диагнозы қойылғандардың 24-і дерттен айыққан:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 17
  • Қарағанды облысы - 2
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Түркістан облысы - 4.

Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар - 1967 адам, оның 476-сы жазылып шықты. 19 адам қайтыс болды.

Дәрігерлер коронавирус диагнозы қойылған науқасқа көмек көрсетіп жатыр. Көрнекі сурет.
Дәрігерлер коронавирус диагнозы қойылған науқасқа көмек көрсетіп жатыр. Көрнекі сурет.

19:14 21.4.2020

Вирус жұқтырғандар тағы он адамға көбейді

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 21 сәуір сағат 20:00-де таратқан мәліметіне сай, елде коронавирус жұқтырған тағы 10 адам анықталған:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Алматы қаласы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 2,
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Қостанай облысы - 2.

Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандар 1977 адамға жетіп отыр. 476 науқас жазылып, 19 адам қайтыс болды.

Карантин кезінде көшеде жүрген көлікті тоқтатып, тексеріп тұрған полиция қызметкері. Алматы, 14 сәуір 2020 жыл.
Карантин кезінде көшеде жүрген көлікті тоқтатып, тексеріп тұрған полиция қызметкері. Алматы, 14 сәуір 2020 жыл.

Тағы

XS
SM
MD
LG