Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:37 22.4.2020

Қазақстанда тағы 30 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 сәуір таңертеңгі сағат 9.25-те тағы 30 адамнан вирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 2, Қостанай облысында - 7, Маңғыстай облысында - 2, Павлодар облысында - 3, Жамбыл облысында - 6, Батыс Қазақстан облысында 2 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2025 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 680
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 401
  • Қызылорда облысы – 151
  • Қарағанды облысы – 101
  • Ақмола облысы – 83
  • Атырау облысы – 82
  • Түркістан облысы – 66
  • Жамбыл облысы – 76
  • Шымкент қаласы – 103
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 55
  • Батыс Қазақстан облысы – 72
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 16
  • Павлодар облысы – 37
  • Шығыс Қазақстан облысы –11
  • Қостанай облысы – 34

489 адам COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 500-ден астамы - дәрігер.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.

09:54 22.4.2020

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрінен коронавирус табылды

Карантинге жабылған орталық қалалық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған орталық қалалық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Оның айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты Камалжан Надыров қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі болып тағайындалады деп жоспарланған. Алайда оның COVID-19 ауруына шалдыққаны анықталған.

"Кеше кешкісін (21 сәуір) Камал Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол ауруханаға жатқызылды. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды" деп жазды Біртанов Facebook-та.

Кейінгі аптада Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейген. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 680 адамнан коронавирус табылған. Жартысына жуығы - медицина қызметкерлері. Қалада вирус жұқтырғандар арасында Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлері көп. Дертке шалдыққан медқызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымованың "вирус жұқтырған медқызметкерлер сақтық шараларын сақтамаған" деп сөзіне наразы болып, сотқа шағымданған. Осы шағым бойынша тергеу басталған тұста Молдағасымова қызметінен кетіп, оның орнына бұрын Қазақстанның бас санитарлық дәрігері болған Жандарбек Бекшин келді.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

21 сәуірдегі дерекке сай, Қазақстанда 2025 адамға вирус жұқты. 477 адам дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды.

11:27 22.4.2020

Бішкекте тұрғындарды коронавирустан жаппай тексере бастады

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бішкекте жеке зертханада тұрғындарды коронавирустан жаппай тексеру басталды. Бұл туралы 22 сәуірде Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады.

"Бүгін "Сеть Бонецкого" мекемесінің мемлекеттік ұйымдармен бірігіп ұйымдастырған зертханасы жұмысқа кіріседі. Сол жаққа барып, коронавирус инфекциясына тексерілуге болады" деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік вирусология зертханасы 35 мыңнан астам ПЦР-анализ өткізген, адам қарасы көбейсе, жеке зертхана көмектеседі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі белгілі бір категорияларға жататын адамдарға тест тегін болатынын, ал қалған азаматтар ақылы түрде сынақтан өтетінін айтқан. Тестен өту құны - 2 мың сом.

Тұрғындарды жаппай тестен өткізу туралы бастаманы демеушілер мен кәсіпкерлер көтерген.

22 сәуір таңертеңгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 612 мың адамнан коронавирус табылған. 254 адам жазылып шыққан. 7 адам қайтыс болған.

12:06 22.4.2020

Қазақстанда тағы 22 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 сәуір түскі сағат 12.50-де тағы 22 адамнан вирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 13, Алматы облысында - 7 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2047 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 693
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 403
  • Қызылорда облысы – 151
  • Қарағанды облысы – 101
  • Ақмола облысы – 83
  • Атырау облысы – 82
  • Түркістан облысы – 66
  • Жамбыл облысы – 76
  • Шымкент қаласы – 103
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 62
  • Батыс Қазақстан облысы – 72
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 16
  • Павлодар облысы – 37
  • Шығыс Қазақстан облысы –11
  • Қостанай облысы – 34

489 адам COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 500-ден астамы - дәрігер.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.

Тағы

XS
SM
MD
LG