Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:49 22.4.2020

Тұтқынның туыстары "дене қызуы көтеріліп, жөтелген" жақынының денсаулығына алаңдайды

Заречныйдағы түрме. Алматы облысы. Көрнекі сурет.
Заречныйдағы түрме. Алматы облысы. Көрнекі сурет.

Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Тимур Жұмабаевтың бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, жөтел қысқан. Туыстарының сөзінше, колония басшылығы жағдайды білгенімен еш әрекет етіп отырған жоқ.

- Өткен сенбі күні, 18 сәуірде Тимур аға менің әкеме телефон шалды. Оның алдында күнара хабарласып отыратын. Осы жолы неге ұзақ хабарсыз кеткенін сұрап еді, өзінің төрт күннен бері ыстығы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болғанын, тыныс алуы қиындағанын айтқан. Мекеменің дәрігеріне айтқанымен ондағылар «шыдай тұр, босап шыққанан кейін ауруханаға барарсың» деген екен. Ағамыз сәуірдің 30-да босап шығуы керек. Ағамыздың сөзінше, колония басшылығы өздерінде вирус анықталып, карантинге жабылып қаламыз бе деп қорқып отырған көрінеді, - дейді жазасын өтеп жатқан Тимур Жұмабаевтың туысы Ринат Жұмабаев.

Оның сөзінше, ағасына бауыры хабарласқаннан кейін жәдел жәрдем шақыртылған. Алайда «дәрігерлер келер алдында дене қызуын түсіретін дәрі беріп, жедел-жәрдем температурасын тексеріп, дене қызуы 37,8 болғаннан кейін кетіп қалған».

Алайда Алматы облысының Заречный кентіндегі 155/14 колониясының бастығы Жәнібек Қосжанов Азаттыққа бұл фактіні жоққа шығарады.

- Бізде ондай жағдай болса карантин жарияланып, арнайы мамандарды шақырар едік. Ол адамға қатысты прокуратураға да жауап бердік. Экспресс тест өткіздік. Коронавирус белгілері жоқ. Ол бірінші топ мүгедегі болғандықтан, ол мекемеменің медициналық бөлімінде келгелі бері жатыр. Сол жерде күнделікті бақылауда, температурасы жоқ. Ол адамға қатысты 14 сәуірде Қылмыстық кодекстің 75-бабы бойынша Қапшағай қалалық сотымен шешім қабылданып, денсаулық жағдайы бойынша босату туралы қаулы шыққан. Қаулы 30-ында күшіне енеді, - деді колония бастығы.

22 сәуірде қылмыстық атқару жүйесі комитеті елдегі түзеу мекемелерінде COVID-19 анықталмағанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, «келіп түсіп жатқандардан коронавирустан тест алынып, 15 тәулікке карантинге жатқызылады» екен. Мекемелердегі медициналық бөлімдерде инфекциялық изоляторлармен жабдықталған. «Тиісті дәрі-дәрмекпен қамтылған» делінген ақпаратта.

Өткен аптада Қазақстанның бірнеше өңірінде уақытша қамау изоляторында бірнеше адамнан коронавирус табылғаны анықталған еді.

Қазақстанда барлығы 2047 адамнан коронавирус табылған. 489 адам жазылған. 19 адам қайтыс болған.

Оқи отырыңыз: Түрмеде сақтық шараларын күшейтуді талап еткен Әбішев карцерге қамалды

13:11 22.4.2020

Қырғызстанда 12 милиционерге коронавирус жұққан

Маска таққан милиционер. Қырғызстан, Бішкек. 21 сәуір 2020 жыл.
Маска таққан милиционер. Қырғызстан, Бішкек. 21 сәуір 2020 жыл.

Қырғызстанда 12 милиционерге коронавирус жұққан. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады. Оның айтуынша, біреуі реанимацияға жатқызылған.

"Оларға жұмыс барысында вирус жұққан. COVID-19 ауруына шалдыққандармен араласқан" деді Усенбаев.

Жақында Қырғызстанның ішкі істер министрлігі оннан астам қызметкердің обсервацияға жатқызылғанын, алғашқы анализ қорытындысы бойынша олардан вирус анықталмағанын хабарлаған.

22 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 612 адамнан коронавирус табылған. 133-і - Бішкектен анықталған.

Сәрсенбі күні Усенбаев Бішкектегі жеке зертханада тұрғындарды коронавирустан жаппай тексеру жұмыстары басталғанын да хабарлаған болатын. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда эпидемия тараған уақыттан бері 7 адам қайтыс болған.

14:22 22.4.2020

Қазақстанда 16 адам коронавирустан жазылды

Дәрігерлер құрылғыны тексеріп жатыр. Көрнекі сурет.
Дәрігерлер құрылғыны тексеріп жатыр. Көрнекі сурет.

Ресми орындар 22 сәуірде күндіз Қазақстанда 16 адамның коронавирустан жазылғанын хабарлады. Атырау облысында - 6, Қарағанды облысында - 2, Қызылорда облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Шымкент қаласында 1 адам жазылған. Барлығы 505 адам жазылған.

Қазақстанда алғаш рет 13 наурызда бірнеше адамнан коронавирус табылған. Содан бері вирус жұқтырғандар 2047 адамға жетті. Вирустан 19 адам қайтыс болды.

16 наурызда елде төтенше жағдай жарияланып, қозғалысқа шектеу енгізілді, кейбір қалалар мен облыс орталықтары, аудандар мен ауылдар карантинге жабылды. Студенттер мен оқушылар қашықтан оқып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 21 сәуірде жергілікті ақпарат агенттіктеріне берген сұхбатында Қазақстанда "эпидемия шарықтау шегіне жетті" деп мәлімдеді.

15:51 22.4.2020

Шымкент: 36 қызметкерінен вирус табылған ТЖ департаменті карантинге жабылды

Көшеде ары-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған полиция қызметкерлері. Шымкент, 22 сәуір 2020 жыл.
Көшеде ары-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған полиция қызметкерлері. Шымкент, 22 сәуір 2020 жыл.

Шымкентте қалалық төтенше жағдай департаменті карантинге жабылды. 17-21 сәуір аралығында департаменттің 36 қызметкері мен олардың 15 туысынан коронавирус табылған. Бұл туралы 22 сәуір күні Азаттыққа қалалық тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Түлебаев айтты.

Департаменттің баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызының сөзінше, департаментте жұмыс істейтін туысынан коронавирус анықталған. Онымен қарым-қатынаста болғаны үшін өзі және отбасы карантинге жіберілген.

Түлебаевтың айтуынша, 6 сәуір күні төтенше жағдай департаментінің төрт қызметкерінің денсаулығы нашарлап, қалалық полиция департаментінің емханасында емделген. Жағдайы тәуір болған соң үйіне оралған. Кейіннен өздерінен және олармен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелері мен әріптестерінен вирус анықтала бастаған.

- 92 адамның 36-сынан коронавирус анықталды. Қазір басшылық қызметте жұмыс істейтін 23 адам департамент ғимаратында казармалық жағдайда оқшауланды. Коронавирус жұқтырғандардың отбасы мүшелері мен департаменттің ондаған қызметкері карантинге жабылды, - дейді Түлебаев.

Төтенше жағдай департаментінің бас ғимаратында 92 адам жұмыс істеген. Одан бөлек түрлі деңгейде қызмет көрсететін бөлімшелерде 700-ден аса жұмысшы бар.

Төтенше жағдай департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов департаменттің басшылық құрамы карантинге жабылғанын растап, жұмысты жұмыс кабинетінде казармалық жағдайда жалғастырып отырғанын айтты.

22 сәуір күнгі дерек бойынша, Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Олардың төртеуі - 3 жасқа дейінгі балалар. 17 адам жазылып шыққан. Жазылып шыққандар арасында екі айлық сәби де бар.

Шымкент қаласы 4 сәуірден бастап карантинге жабылған. 19 сәуірде рұқсат етілген жұмысшы топтан бөлек адамдардың жаяу және жеңіл көлікпен жүруіне тыйым салынған.

Тағы

XS
SM
MD
LG