Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:35 25.4.2020

ДДСҰ және әлем басшылары коронавируспен күресу үшін қаржы жинауға уәде берді

Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен.
Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен.

Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса және бірқатар саясаткер мен мемлекет өкілдері жұма, 24 сәуірде коронавирус індетімен күрес мәселесіне арналған жаңа халықаралық бастаманы талқылау үшін видеоконференция өткізді.

Бұл бастама жылдам уақыт аралығында COVID-19 ауруын анықтайтын қауіпсіз әрі тиімді тест пен екпе, дәрі-дәрмектер шығаруды көздейді. Конференцияға қатысушылар аурудың алдын алу және емдеу құралдары бай мен кедейге бірдей қолжетімді болғанын қалайды.

"Бәріміздің алдымызда қауіп тұр, оны бірігіп, күш жұмылдырып жеңе аламыз" деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейесус.

Оның сөзіне қарағанда, дәрі-дәрмек пен препараттар болған күннің өзінде оған әртүрлі топтағы науқастардың бірінің қолы жетеді, бірінікі жетпейді.

"Бұған жол беруге болмайды" деді ДДСҰ жетекшісі.

Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен халықаралық қауымдастықтың жаңа ауруды анықтау, одан қорғану және емдеу жұмыстарына 7,5 млрд еуро көлемінде қаржы жинауды жоспарлап отырғанын айтты.

09:33 25.4.2020

Қазақстанда тағы 66 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір таңертеңгі сағат 10.15-те тағы 66 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 4, Жамбыл облысында - 2, Түркістан облысында - 8, Шымкент қаласында - 5, Қызылорда облысында - 6, Павлодар облысында - 12, Қарағанды облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 10, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында 5 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2482 адам болды. 604 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

24 сәуірде Қазақстанда бес адамның коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың біреуі - Маңғыстау облысында әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен 1980 жылы туған әскери қызметкер. Ол төтенше жағдай кезінде Ақтау көшелерін залалсыздандыруға атсалысқан.

Вирус табылған 2482 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 791
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 454
  • Қызылорда облысы – 170
  • Шымкент қаласы – 146
  • Қарағанды облысы – 111
  • Жамбыл облысы – 103
  • Батыс Қазақстан облысы – 102
  • Ақмола облысы – 88
  • Атырау облысы – 98
  • Түркістан облысы – 93
  • Алматы облысы – 73
  • Павлодар облысы – 88
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 39
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 25
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

10:03 25.4.2020

АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінде 3500 сарбаздан коронавирус табылған

АҚШ-тың әскери-теңіз күштеріне тиесілі "Теодор Рузвельт" ұшақ тасығышы.
АҚШ-тың әскери-теңіз күштеріне тиесілі "Теодор Рузвельт" ұшақ тасығышы.

Пентагон Кариб теңізінде АҚШ әскери-теңіз күштеріне тиесілі эсминецте коронавирус ошағы анықталғанын, бір теңізшінің эвакуацияланғанын растады.

24 сәуірде Пентагондағы баспасөз мәслихаты кезінде Kidd тобындағы эсминецте инфекция таралғаны туралы ақпарат ресми түрде расталды. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, инфекция таралғаны туралы ақпаратты бірінші болып Reuters агенттігі хабарлаған. Пентагондағы құпия дереккөзге сүйенген агенттік оннан астам теңізшіден вирус табылғанын жариялаған еді.

Эсминец экипажы Кариб теңізінде есірткі трафигімен күрес бойынша тапсырма орындаған.

CNN арнасының хабарлауынша, АҚШ әскери-теңіз күштерінің 26 кемесінде теңізшілерден коронавирус табылған. Бұл кемелердің барлығы қазір порттарда немесе жөндеуге жіберілген.

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі коронавирус жұққан теңізшілер мен кемелер саны туралы айтпады. CNN телеарнасының хабарлауынша, 3578 америкалық сарбаздан коронавирус табылған. Екеуі қайтыс болған. "Теодор Рузвельт" ұшақ тасығышында 800 теңізшіден коронавирус табылған. Бір адам қайтыс болған.

11:48 25.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұққан 43 адам анықталды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір түскі сағат 12.40-та тағы 43 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 2, Алматы облысында - 13, Шымкент қаласында - 15, Түркістан облысында - 5, Атырау облысында - 6, Маңғыстау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында 1 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2525 адам болды. 604 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

Вирус табылған 2482 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 793
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 454
  • Қызылорда облысы – 170
  • Шымкент қаласы – 161
  • Қарағанды облысы – 111
  • Жамбыл облысы – 103
  • Батыс Қазақстан облысы – 103
  • Ақмола облысы – 88
  • Атырау облысы – 104
  • Түркістан облысы – 98
  • Алматы облысы – 86
  • Павлодар облысы – 88
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 39
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

Тағы

XS
SM
MD
LG