Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

21:30 25.4.2020

Қазақстанда тағы 37 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір түнгі сағат 22.20-да тағы 37 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 13, Ақмола облысында - 2, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 2, Түркістан облысында 9 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2601 адам болды:

  • Алматы қаласы – 827
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 471
  • Қызылорда облысы – 170
  • Шымкент қаласы – 161
  • Қарағанды облысы – 113
  • Жамбыл облысы – 103
  • Батыс Қазақстан облысы – 103
  • Ақмола облысы – 91
  • Атырау облысы – 108
  • Түркістан облысы – 107
  • Алматы облысы – 86
  • Павлодар облысы – 91
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 43
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

646 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

08:16 26.4.2020

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 200 мыңнан асты

Карантин кезінде жоғары сынып оқушылары емтихан тапсырып жатыр. Германия, 22 сәуір 2020 жыл.
Карантин кезінде жоғары сынып оқушылары емтихан тапсырып жатыр. Германия, 22 сәуір 2020 жыл.

Американың Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 200 мыңнан асты. 2 млн 800 мыңнан астам адамға вирус жұққан. 830 мың адам жазылған.

Бес мемлекеттің билігі коронавирустан қайтыс болғандар 20 мыңнан асты деп мәлімдеді: АҚШ, Испания, Италия, Франция және Ұлыбритания.

АҚШ індеттен қатты зардап шеккен: 53 мың адам қайтыс болған, 930 мың адамнан вирус табылған. Италияда 26 мың адам қайтыс болған, 195 мың науқас бар. Испанияда вирустан 22 600 адам көз жұмған, 224 мың адам COVID-19 ауруына шалдыққан. Францияда 22 600 адам қайтыс болған, 160 мың науқас бар. Ұлыбританияда 20 380 адам қайтыс болған, 149 500 адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Германияда 156 мың адамнан вирус табылған, 5846 адам қайтыс болған. Канцлер Ангела Меркель Германия медицинасы қиындықтарды жеңді деп бірнеше рет мәлімдеді. Соңғы кезде билік бизнес өкілдеріне шектеулерді азайтқан. Бірақ әлі де болса адамдардың топтасып жиналуына рүқсат етілмеген.

Ресейде барлығы 681 адам қайтыс болған. Бір күнде 6 мыңға жуық адамнан вирус табылған. Вирус жұқтырғандар 74 588 адамға жеткен.

08:51 26.4.2020

БАҚ: Арқалықта коронавирус жұққан зейнеткер қайтыс болды

Көшені залалсыздандырып жүрген жұмысшылар. 28 наурыз 2020 жыл.
Көшені залалсыздандырып жүрген жұмысшылар. 28 наурыз 2020 жыл.

Қостанайлық "Наша газета" басылымы 25 сәуірде Арқалықта коронавирус жұққан әйел адамның қайтыс болғанын хабарлады. Науқас 1937 жылы туған. Шұғыл ақпарат штабының мәліметіне сүйенген басылым әйелге ПЦР-анализ жасалғанын, 25 сәуірде коронавирус бары анықталғанын жазады. 20 сәуірде әйел қан қысымы көтерілгенін айтып, дәрігерді шақыртқан.

"Учаскелік дәрігер үйіне барып тексерген кезде әйелдің баяу тыныс алып жатқанын анықтаған, пневмония деген алдын ала диагноз қойған. Зейнеткердің ұлы анасын ауруханаға жатқызудан бас тартты" деді штаб өкілдері.

Зейнеткер 25 сәуірде үйінде көз жұмған.

Ал Қостанай облысы әкімдігі әйелдің өлімін денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия тексеретінін хабарлады. Әр аймақтан құрылған мұндай комиссиялар коронавирус табылған адамдардың өлімінің себебін зерттейді. Әкімдік зерттеу қорытындысы қосымша хабарланатынын айтты.

Әзірге денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанда ресми дерек бойынша, 25 адам коронавирустан қайтыс болған. 2601 адамнан коронавирус табылған. 646 адам жазылған.

09:55 26.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұққан 51 адам анықталды

Жедел жәрдем қызметі.
Жедел жәрдем қызметі.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 сәуір таңертеңгі сағат 10.45-те тағы 51 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 15, Ақмола облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Түркістан облысында - 1, Павлодар облысында - 3, Шымкент қаласында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 1, Қызылорда облысында 7 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2652 адам болды:

  • Алматы қаласы – 842
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 479
  • Қызылорда облысы – 177
  • Шымкент қаласы – 162
  • Қарағанды облысы – 113
  • Жамбыл облысы – 104
  • Батыс Қазақстан облысы – 116
  • Ақмола облысы – 92
  • Атырау облысы – 108
  • Түркістан облысы – 108
  • Алматы облысы – 86
  • Павлодар облысы – 94
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 43
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 27
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

646 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған. 25 сәуірде жергілікті БАҚ Арқалық қаласында коронавирус жұққан зейнеткердің қайтыс болғаны хабарланды. Жергілікті билік зейнеткердің өлімін арнайы комиссия зерттейді деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ.

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

Тағы

XS
SM
MD
LG