Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:46 29.4.2020

Путин шектеу шараларын 12 мамырға дейін ұзартты

Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресейде жұмыссыз апта мерзімі 12 мамырға дейін созылады. Бұл туралы коронавирусқа байланысты үкімет және аймақ басшыларымен жиналыс өткізген Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді. Путин елде коронавирус ахуалы тұрақталды, бірақ қауіпті кезең әлі алда деп санайды.

Азаматтар ережелерді неғұрлым қатаң сақтаса, соғұрлым жылдам қалыпты өмірге оралады деді президент.

"Шарықтау шегі әлі болған жоқ. Эпидемияның ең күрделі кезеңіне таядық" деді Путин.

28 сәуір күнгі отырыста ол сонымен бірге 5 мамырға дейін үкімет оқшаулау режимінен біртіндеп шығу жоспарын дайындайды деп айтты. Бірақ кейбір аймақтарда қатаң шектеу шаралары 11 мамырдан кейін де күшінде қалуы мүмкін деді.

Путиннің сөзіне қарағанда коронавирус індеті кәсіпкерлерге ауыр тиген. Осыған орай президент үкіметке ел экономикасын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін жаңа жоспар әзірлеуді тапсырды.

Сәуір айының басында президент халыққа мәлімдеме жасап, азаматтарды оқшаулау режимін сақтауға шақырған еді және алдағы екі-үш аптаның ең шешуші кезең болатынын айтқан.

"Бәрі өтеді және бұл да өтіп кетеді. Еліміз көптеген сынақты бастан кешірген: кезінде печенегтер де, "половецтер" де қысқан - Ресей бәрін жеңді. Бұл коронавирусты да жеңеміз" деген еді.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде 93,5 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 867 науқас қайтыс болған.

08:26 29.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 36 адамға көбейді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 29 сәуір таңертеңгі сағат 9.10-да коронавирус инфекциясы тағы 36 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 5, Ақмола облысында - 3, Жамбыл облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қостанай облысында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 2, Түркістан облысында - 3, Шымкент қаласында - 6, Атырау облысында 3 адамға вирус жұққаны анықталған.

Қазақстанда барлығы 3063 адамға вирус жұққан. 774 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3063 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 924
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 612
  • Қызылорда облысы – 187
  • Шымкент қаласы – 182
  • Қарағанды облысы – 139
  • Атырау облысы – 131
  • Батыс Қазақстан облысы – 127
  • Түркістан облысы – 124
  • Павлодар облысы – 122
  • Алматы облысы – 113
  • Жамбыл облысы – 113
  • Ақмола облысы – 98
  • Ақтөбе облысы – 65
  • Қостанай облысы – 45
  • Маңғыстау облысы – 34
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17
08:57 29.4.2020

ДДСҰ сапары қарсаңында Түркіменстанда жүздеген адам жатқан стационар босап қалды

Түркіменстандағы ауруханалардың біріндегі палата. Көрнекі сурет.
Түркіменстандағы ауруханалардың біріндегі палата. Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің Түркіменстанға сапары қарсаңында елдегі екінші ірі қала - Түркіменабад қаласында коронавирус жұқтырған болуы мүмкін жүздеген адам жатқан карантин аймағы аяқ астынан босап қалды. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Ақпарат бойынша, Түркіменабад маңындағы карантиндік аймаққа жатқызылған 400-ден астам адам 28 сәуірде аймақтағы кішігірім ауруханалар және психиатриялық клиникаға ауыстырылған.

Бұған дейін ақпарат құралдары келесі аптада Түркіменстанға келетін ДДСҰ өкілдерінен коронавирус ахуалын жасыру үшін билік өкілдері науқастарды уақытша басқа жаққа ауыстыру туралы шешім қабылдады деп хабарлаған болатын.

Түркіменстанда ресми түрде коронавирус табылмаған. Бірақ тәуелсіз БАҚ пен ашықтықтың жоғын алға тартқан сарапшылар бұған күмәнмен қарайды. Елде дәрігерлердің коронавирус туралы айтуына тыйым салынған, медициналық маскалар тағуға рұқсат етілмеген, ғаламдық індет жайлы айтқан азаматтар жазаланады.

Бірақ сонымен қатар билік "жұқпалы ауру тарамас үшін" елде үш карантиндік аймақ құрған.

Өткен аптада халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы коронавирустың барын жоққа шығарып отырған Түркіменстан мен Тәжікстан билігі осылайша азаматтарының өміріне қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеген.

10:29 29.4.2020

Теңіз кенішінде вирус жұқтырғандар көбейді

Теңіз кеніші мұнайшылары тұратын вахталық кенттердің бірі. Атырау облысы. Көрнекі сурет.
Теңіз кеніші мұнайшылары тұратын вахталық кенттердің бірі. Атырау облысы. Көрнекі сурет.

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар 68 адамға жетті. Бұл туралы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аймақ штабының мәліметіне сүйенген жергілікті БАҚ хабарлады. 29 сәуірде мұнда тағы үш адамға вирус жұққаны анықталған еді.

"Науқастар - 1963, 1988, 1990 жылғы үш ер адам. Барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер компаниясында жұмыс істейді" делінген ресми хабарламада.

Коронавирус анықталғанға дейін үш жұмысшы да бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуына байланысты стационар карантинде жатқан. Штаб өкілдері үшеуінің жағдайы бірқалыпты дейді. Екі күн бұрын мұнда 9 жұмысшыдан коронавирус табылған болатын. Сәуір айының бас кезінде Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің кем дегенде екі қызметкерінен коронавирус инфекциясы табылғаны хабарланған.

Атырау облысының Жылыой ауданы аумағындағы "Теңізшевройл" компаниясының вахталық поселкесіндегі "Болашақ" лагерінің жұмысшылары 20 сәуірде лагерь аумағына "коронавирус жұқтырып, карантинде жатып шыққан" адамдарды әкелуге наразылық танытқан болатын. Компания басшылығы олардың вахта ауысымы бітіп, кетіп бара жатқан қызметкерлер екенін, коронавирус жұқтырмағанын айтқан.

Атырау облысында 131 адамнан коронавирус табылған. 60 адам айыққан.

Тағы

XS
SM
MD
LG