Қазақстанда тағы 27 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 29 сәуір кешкі сағат 17.35-те коронавирус инфекциясы тағы 27 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы облысында - 8, Шымкент қаласында - 5, Қарағанды облысында - 3, Маңғыстау облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында 3 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда барлығы 3105 адамға вирус жұққан. 798 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3105 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 926
- Нұр-Сұлтан қаласы – 616
- Қызылорда облысы – 187
- Шымкент қаласы – 189
- Қарағанды облысы – 142
- Атырау облысы – 131
- Батыс Қазақстан облысы – 130
- Түркістан облысы – 124
- Павлодар облысы – 122
- Алматы облысы – 122
- Жамбыл облысы – 116
- Ақмола облысы – 98
- Ақтөбе облысы – 65
- Қостанай облысы – 45
- Маңғыстау облысы – 45
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 17
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.
4 мамырдан бастап шаштараз, стоматология ашылады. Сыртта жаттығу жасауға болады
Қазақстан үкіметі 4 мамырдан бастап бірқатар сауда орыны, шаштараз, стоматология, медицина орталықтарын ашу туралы шешім қабылдады. Келесі дүйсенбіден бастап көшеде спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға болады. Бұл туралы 29 сәуірде Қазақстан үкіметінде құрылған төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия жиынында айтылды.
Комиссия шешіміне сай, 4 мамырдан бастап мына кәсіпкерлік субъектілері қызметіне қайта кіріседі:
- Аумағы 500 шаршы метрге дейін жететін азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
- Фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
- Шаштараздар (алдын ала жазылу керек);
- Медицина орталықтары (алдын ала жазылу керек);
- Стоматология клиникалары (алдын ала жазылу керек);
- Жылжымайтын мүлікпен операцияларын жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- Шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, ақша айырбастау орындары;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге ұшақтар ұша бастайды. Рейстер санитарлық талаптар күшейтіліп, аз жолаушылармен ұшады және бортта арақашықтықты сақталуы тиіс.
Қазақстанда 29 сәуір 18.00-дегі мәліметке сай, елде 3105 адамға вирус жұққан. 798 адам жазылған. 25 адам қайтыс болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созған. Бірақ карантин шаралары біраз жеңілдеген.
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.
Елде 3138 адамға вирус жұқты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 29 сәуір 22.00-ден кейін елде тағы 33 адамнан вирус табылғанын хабарлады: Алматы қаласында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 8,
Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Павлодар облысында - 5, Атырау облысында - 4.
Бұған қоса, 21 адам дерттен айықты: Түркістан облысы - 9, Алматы қаласы - 3, Алматы облысы - 2, Павлодар облысы - 2, Шымкент қаласы - 1, Ақмола облысы - 1, Қызылорда облысы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 1. Нұр-Сұлтан қаласы - 1.
Осылайша, елде вирус жұқтырғандар 3138 адамға жетті. 819 адам аурудан жазылды. 25 адам қайтыс болды.
Ұлыбритания вирустан қайтыс болғандар саны жағынан Еуропада екінші орынға шықты
Ұлыбритания COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар саны жағынан Еуропада Испанияны қуып жетіп, екінші орынға шықты. Соңғы мәлімет бойынша, Біріккен Корольдікте 26 мыңнан астам адам қайтыс болған. Испанияда 24 мыңнан астам науқас көз жұмған. Еуропада адам өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш - Италияда. Мұнда коронавирустан 27,5 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Ұлыбритания осы аптада алғаш рет ауруханадан тыс жерде - үйінде немесе қарттар үйінде коронавирустан қайтыс болғандарды ресми статистикаға қосты. Осылайша соңғы тәулікте вирустан қайтыс болғандар 4419 адамға жеткен. Соңғы бір күнде ауруханада қайтыс болғандар саны (765) алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.
Ұлыбританияда СOVID-19 ауруынан 166 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 26 мыңнан астам адам қайтыс болған.