Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:44 30.4.2020

АҚШ Федералдық резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25 пайыз деңгейінде сақтап қалды

АҚШ Федералдық резерв жүйесінің жетекшісі Джэром Пауэлл.
АҚШ Федералдық резерв жүйесінің жетекшісі Джэром Пауэлл.

АҚШ Федералдық резерв жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені жылына 0-0,25 пайыз деңгейінде сақтап қалды.

Коронавирус індеті кезінде экономиканы қолдау үшін қаржы нарығын реттеуші орган наурыз айында пайыздық мөлшерлемені жоспардан тыс екі рет азайтқан.

"Қазіргі дағдарыс алдағы уақытта экономикалық белсенділік, жұмыспен қамту және инфляцияға айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге орташа мерзімде экономикаға қауіп төндіреді" делінген Федералдық резерв жүйесінің хабарламасында.

Федералдық резерв жүйесі экономика толығымен қалпына келгенге дейін базалық пайыздық мөлшерлеменің деңгейі осы күйде қалады дейді.

Бұған дейін АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі алғашқы төрт айда өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға азайған болатын. Сарапшылар эпидемия Америка экономикасына толығымен әсер етіп үлгерген жоқ деп санайды.

Коронавирус жұқтырғандар және одан қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Мұнда бір миллионнан астам адамға вирус жұққан, 60 мыңнан астам адам қайтыс болған.

08:54 30.4.2020

Қазақстанда тағы 67 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір таңертеңгі сағат 9.40-та коронавирус инфекциясы тағы 67 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 7, Шымкент қаласында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Қызылорда облысында - 11, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 8, Ақтөбе облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Қазақстанда барлығы 3205 адамға вирус жұққан. 819 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3205 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 944
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 627
  • Қызылорда облысы – 198
  • Шымкент қаласы – 190
  • Қарағанды облысы – 149
  • Атырау облысы – 135
  • Батыс Қазақстан облысы – 146
  • Түркістан облысы – 124
  • Павлодар облысы – 128
  • Алматы облысы – 122
  • Жамбыл облысы – 116
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 82
  • Қостанай облысы – 49
  • Маңғыстау облысы – 46
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.

10:06 30.4.2020

Қырғызстанда жүзден астам медицина қызметкері коронавирустан жазылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда соңғы бір күнде 4 медицина қызметкерінен коронавирус табылды. Бұл туралы республикалық штаб ақпаратына сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі жазды. Бішкекте - 1, Шу облысында - 2, Ош облысында 1 медицина қызметкеріне вирус жұққан.

Барлығы 195 медицина қызметкеріне COVID-19 диагнозы қойылған. Олардың 105-і айығып, стационардан шыққан.

30 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда барлығы 746 адамнан коронавирус табылған:

  • Бішкек қаласы – 183;
  • Ош қаласы – 111;
  • Ош облысы – 163;
  • Баткен облысы – 9;
  • Жалалабад облысы – 114;
  • Шу облысы - 61;
  • Ыстықкөл облысы – 10;
  • Нарын облысы – 95;
  • Талас облысы - 0.

Эпидемия тарағалы бері коронавирустан 8 адам қайтыс болған.

12:34 30.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұққан 68 адам анықталды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір түскі сағат 13.20-да коронавирус инфекциясы тағы 68 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 44, Шымкент қаласында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Жамбыл облысында - 3, Алматы облысында 13 адамға вирус жұққаны анықталған.

Қазақстанда барлығы 3273 адамға вирус жұққан. 829 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3273 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 988
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 631
  • Қызылорда облысы – 198
  • Шымкент қаласы – 192
  • Қарағанды облысы – 149
  • Атырау облысы – 135
  • Батыс Қазақстан облысы – 146
  • Түркістан облысы – 124
  • Павлодар облысы – 128
  • Алматы облысы – 135
  • Жамбыл облысы – 119
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 82
  • Қостанай облысы – 49
  • Маңғыстау облысы – 48
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20

Тағы

XS
SM
MD
LG