Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:49 3.5.2020

Тәжікстан коронавирустан екі науқас қайтыс болғанын хабарлады

Көшелерді залалсыздандырып жүрген жұмысшылар. Худжант қаласы, 28 сәуір 2020 жыл.
Көшелерді залалсыздандырып жүрген жұмысшылар. Худжант қаласы, 28 сәуір 2020 жыл.

Елде коронавирус барын бірнеше апта бойы жоққа шығарып келген Тәжікстан алғаш рет вирустан екі науқас қайтыс болғанын хабарлады. Тәжікстанның мемлекеттік телеарнасы 2 мамырда коронавирус жұққан екі науқастың көз жұмғанын айтты. Науқастар туралы қосымша мәлімет айтылмайды.

Тәжікстан билігі 30 сәуірде алғаш рет елде коронавирус барын мойындаған. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 70 адамнан коронавирус анықталған. Көрші Өзбекстанда науқастар саны 2 мыңнан асқан. Ал Түркіменстан - Орталық Азия аймағында ресми түрде коронавирус табылмаған жалғыз мемлекет.

Тәжікстан үкіметінің вирус туралы ақпаратты жасыратыны жайлы хабарлама бірнеше апта бойы тараған. Биыл алғашқы төрт айда елде пневмонияға шалдыққандар саны өткен жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда шамамен 20 пайызға артқан. COVID-19 ауруының ауыр түрі кей кезде пневмонияға соқтырады.

Орталық Азияның өзге мемлекеттерінде коронавирус індетінің тарағанына қарамастан президент Эмомали Рахмон шектеу шаралары мен оқшаулау режимін енгізу туралы халықаралық сарапшылар кеңесіне құлақ түрмеген. Биліктің профилактикалық шаралар енгізбеуі қажетті дәрежеде қаржыландырылмаған нашар жабдықталған денсаулық сақтау саласына қауіп төндіруі мүмкін еді.

Қазір үкімет инфекцияның тарауына жол бермес үшін кейбір амалдарды қолданып жатыр. "Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі 30 сәуірде коронавируспен күрес жөніндегі штаб азаматтарды үйден қорғаныш маска тағып шығуға міндеттеді деп хабарлады.

Өткен аптада үкімет мектептерді екі аптаға жауып, футбол матчтарын тоқтатқан.

Әлем елдеріне індетпен күресуге көмектесіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Тәжікстанға 2 мамырда келуі тиіс болған.

10:47 3.5.2020

Қазақстанда коронавирус жұққан 20 адам анықталды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 3 мамыр таңертеңгі сағат 11.20-да коронавирус инфекциясы тағы 20 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 4, Атырау облысында - 1, Ақтөбе облысында 6 адамға вирус жұққаны анықталған.

Барлығы 3877 адамға вирус жұққан. 995 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3877​ адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 1278
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 686
  • Қызылорда облысы – 214
  • Шымкент қаласы – 206
  • Қарағанды облысы – 154
  • Атырау облысы – 175
  • Батыс Қазақстан облысы – 165
  • Түркістан облысы – 134
  • Павлодар облысы – 150
  • Алматы облысы – 145
  • Жамбыл облысы – 146
  • Ақмола облысы – 100
  • Ақтөбе облысы – 128
  • Қостанай облысы – 50
  • Маңғыстау облысы – 63
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 25
11:51 3.5.2020

Қарағанды облысында коронавирустан екінші науқас қайтыс болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысында коронавирустан бір науқас қайтыс болды. Coronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасындағы мәлімет бойынша, науқас 1958 жылы туған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 26 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 8, Шымкентте - 4, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған.

Барлығы 3877 адамға вирус жұққан. Мыңға жуығы жазылған.

13:08 3.5.2020

Басқарма Қарағанды облысында қайтыс болған науқас туралы айтты

Алматыдағы зертханалардың бірінде жұмыс істеп жатқан қызметкер. Көрнекі сурет.
Алматыдағы зертханалардың бірінде жұмыс істеп жатқан қызметкер. Көрнекі сурет.

3 мамырда Қарағанды облысында 1958 жылы туған ер адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Шахтинск қаласының тұрғыны 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық ауруханаға жатқызылған.

Кейінірек одан коронавирус анықталып, 14 сәуірде Нұр-Сұлтандағы ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам пневмонияның ауыр түріне шалдыққан.

"Науқас 19 күн емделді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан науқас 3 мамырда қайтыс болды" делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 26 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 8, Шымкентте - 4, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған. Дәрігерлер олардың көбінде созылмалы ауру түрлері болғанын айтқан.

Елде барлығы 3877 адамға вирус жұққан. Мыңға жуығы жазылған.

Тағы

XS
SM
MD
LG