Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:13 3.5.2020

Шымкентте коронавирустан бесінші науқас қайтыс болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкент қаласында коронавирустан бесінші науқас қайтыс болды. Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасы хабарлады. Науқас туралы әзірге мәлімет айтылмады.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 27 адам қайтыс болды. Жексенбі күні түсте Қарағанды облысында 1958 жылы туған ер адам қайтыс болған. Дәрігерлер оның пневмонияның ауыр түріне шалдыққанын айтты.

Ресми мәлімет бойынша, 3 мамырда кешке қарай коронавирус жұққан тағы 36 адам анықталған. Алматы қаласында - 7, Маңғыстау облысында - 2,
Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Атырау облысында - 2, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында - 5, Жамбыл облысында - 2, Түркістан облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында 9 адамға вирус жұққан.

Барлығы 3913 адамға вирус жұққан. 1000 адам жазылған.

17:54 3.5.2020

Шымкентте қайтыс болған әйелде артериалды гипертензия, бронхит болған

3 мамырда кешке қарай Шымкент қаласында коронавирустан бір адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1942 жылы туған әйел Шымкент қаласының Абай ауданында тұрған. Жедел респираторлық вирус инфекциясы диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Тексеру барысында науқаста коронавирус бары анықталған.

29 сәуірде науқас реанимация бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, әйелде коронавируспен қатар артериалды гипертензия (3-дәрежесі), созылмалы бронхит болған. Емдеу шараларына қарамастан науқастың жағдайы ауырлап, 3 мамырда таңертеңгі сағат 10:20 шамасында қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 27 адам қайтыс болды. Жексенбі күні түсте Қарағанды облысында 1958 жылы туған ер адам қайтыс болған. Дәрігерлер оның пневмонияның ауыр түріне шалдыққанын айтты.

Барлығы 3913 адамға вирус жұққан. 1000 адам жазылған.

21:24 3.5.2020

Қазақстанда тағы 7 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында - 1, Атырау облысында - 4, Жамбыл облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында 1 адамға вирус жұққан. Барлығы 3920 адамнан коронавирус анықталған.

1084 адам жазылған. 27 адам қайтыс болған.

Жексенбі, 3 мамырда Қарағанды облысы және Шымкент қаласында коронавирус жұққан екі науқас қайтыс болды.

08:45 4.5.2020

Майк Помпео: Қытай коронавирус жайлы жалған сөзі үшін жауап береді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жексенбі күні ABC News телеарнасына берген сұхбатында "Қытай билігі әлем елдері COVID-19 қаупі туралы дер кезінде білмей қалуы үшін қолынан келгенді жасауға тырысып бақты" деп мәлімдеді. Ол мұны ақпаратты бұрмалаудың коммунистік классикалық амалы екенін және ол үшін [Қытай билігі] "жауап беретінін" айтты деп хабарлайды ABC News.

Бұған дейін австралиялық Daily Telegraph басылымы құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия сарапшылары енген Батыс елдері арнаулы қызметтері одағының 15 беттік баяндамасына сілтеме жасап, Қытай коронавирустың өршігені туралы дәлелдерді әдейі жасырған деп хабарлаған.

Қытай билігі өзге елдерге қауіп төндіретін коронавирустың пайда болғаны туралы ақпаратты жасырып, дәрігерлерді үндемеуге мәжбүрлеген және шетелдік мамандарға биоматериалдарды беруден бас тартып, вакцина жасау жұмысын ертерек бастауына кедергі келтірген делінген баяндамада.

Құжат авторлары Қытай үкіметі вирустың адамнан адамға жұғатыны туралы 2019 жылдың желтоқсан айының басында білген дейді. Бірақ бұл фактіні қаңтардың 20-сына дейін жоққа шығарып келді дейді батыс арнаулы қызметтері. Олардың жазуынша, Қытайдың ұлттық денсаулық комитеті 3 қаңтарда коронавирустың үлгісін жоюға пәрмен беріп, жаңа инфекция туралы ақпаратты таратуға тыйым салған.

Deutsche Welle басылымы вирустың қалай тарала бастағаны туралы мақаласында Австралия үкіметінің Қытайдың аса қауіпті коронавирустардың генетикалық өзгеруін зерттейтін бір топ ғалымын оқытып, қаржыландырғаны туралы жазады. Мақалада бұл вирустардың жарқанаттан адамға жұғуы мүмкін екені және оған қарсы ем жоғы айтылады.

Сенбі күні әлемдік бірқатар басылымда Ухань вирусология институтындағы доктор Ши Чжэенли жетекшілік ететін қытай ғалымдары Юньнань провинициясындағы үңгірден табылған шамамен 50 вирустың кемінде біреуі COVID-19 дертін қоздыратын SARS-CoV-2 вирусына өте ұқсас екенін анықтағаны туралы хабарлады.

Батыс барлау альянсына енетін арнаулы қызметтер қарама-қайшы пікір айтады. Австралия барлау қызметі вирустың алғаш рет Ухань базарында пайда болған деп санайды, Қытай үкіметі де осыны айтады. Бірақ 17 арнаулы қызметті біріктіретін АҚШ барлау қауымдастығы, соның ішінде Орталық барлау қызметі (CIA) мен Федералдық тергеу бюросы (FBI) түпкілікті қорытындысын әзірге жариялаған жоқ.

Тағы

XS
SM
MD
LG