Бас санитарлық дәрігер елде "коронавирус жағдайы тұрақталғанын" айтады
Қазақстанның бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус тарауы тұрақталып келе жатқанын, кейінгі екі аптада инфекция тарауы 7 пайыздан төмен екенін айтты.
Есмағамбетованың сөзінше, наурызда дертке шалдыққандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден вирус табылса, сәуірде 1862 адамнан ( 52%) вирус профилактикалы тест алу кезінде анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз – 4 мамыр арасында 306 861 адамнан анализ алынған.
Бас санитарлық дәрігер елде карантин шарттары жағдайға байланысты біртіндеп жеңілдей бастайтынын айтты. Есмағамбетова жұртты көшеге шыққанда, спортпен шұғылданғанда маска тағып жүруге шақырды.
Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар төрт мыңға жуықтады. Мыңнан астам адам дерттен айықты. 27 адам қайтыс болды. Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды. Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.
Елде вирус жұқтырғандар 4 мыңнан асты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 4 мамыр 18.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 40 адамнан коронавирус табылды. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында - 26 адам. Бұдан бөлек, Алматы облысында алты, БҚО-да төрт, Түркістан облысында екі, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында бір-бір адам дертке шалдықты.
Қазір Қазақстанда барлығы 4028 адамнан (дүйсенбіде 108) вирус табылды. 1134 адам дерттен айықты. 27 адам қайтыс болды.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус тарауы тұрақталып келе жатқанын, кейінгі екі аптада инфекция тарауы 7 пайыздан төмен екенін айтты.
Есмағамбетованың сөзінше, наурызда дертке шалдыққандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден вирус табылса, сәуірде 1862 адамнан ( 52%) вирус профилактикалы тест алу кезінде анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз – 4 мамыр арасында 306 861 адамнан анализ алынған.
Коронавирус жұқтырған 4028 адам мына аймақтарда:
- Алматы қаласы – 1317
- Нұр-Сұлтан қаласы – 701
- Қызылорда облысы – 214
- Шымкент қаласы – 213
- Батыс Қазақстан облысы – 193
- Атырау облысы – 184
- Ақтөбе облысы – 160
- Қарағанды облысы – 159
- Алматы облысы – 156
- Жамбыл облысы – 154
- Павлодар облысы – 150
- Түркістан облысы – 143
- Ақмола облысы – 101
- Маңғыстау облысы – 74
- Қостанай облысы – 50
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 29
Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды. Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.
Қазақстанда вирус жұқтырған екі адам қайтыс болды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 4 мамыр 22.20-дағы мәліметіне сай, елде тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды. Оның бірі - Жамбыл облысында, бірі - Қарағанды облысында.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Теміртау қаласының 61 жастағы тұрғыны 20 сәуірде пневмония диагнозымен ауруханаға түскен. Екі күннен соң коронавирус табылған. Кейін жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Басқарма марқұмның бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлады.
Ал Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы аймақта қайтыс болған адам - Павлодар облысының тұрғыны. 61 жастағы ер адам жүк көлігін жүргізген. 20 наурыз-16 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғызстанда болған. Қазақстан шекарасын кесіп өткенде коронавирус табылған. 19 сәуірде ауруханаға түскен. Басқарма марқұмның жүрек ауруына, бронхитке шалдыққанын айтады.
Осылайша, елде ресми дерек бойынша, COVID-19 дертінен 29 адам көз жұмды. Олар мына аймақта:
- Алматы қаласы – 8
- Шымкент қаласы – 5
- Ақмола облысы – 4
- Нұр-Сұлтан қаласы – 3
- Қарағанды облысы – 3
- Шығыс Қазақстан облысы – 1
- Жамбыл облысы – 1
- Қостанай облысы – 1
- Маңғыстау облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
- Түркістан облысы – 1
Қазақстанның бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус тарауы тұрақталып келе жатқанын, кейінгі екі аптада инфекция тарауы 7 пайыздан төмен екенін айтты.
Есмағамбетованың сөзінше, наурызда дертке шалдыққандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден вирус табылса, сәуірде 1862 адамнан ( 52%) вирус профилактикалы тест алу кезінде анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз – 4 мамыр арасында 306 861 адамнан анализ алынған.
Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды. Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.
Apple мен Google COVID-19 жұқтырғандарды геолокациямен қадағалауға тыйым салмақ
АҚШ-тың Apple және Google компаниялары коронавирус жұқтырған адамның өзгелермен байланысын қадағалауға арналған жаңа технологиясы олардың орналасқан жерін нақты анықтауға жол бермейді деп мәлімдеп отыр. Бұл туралы компаниялар жариялаған ақпаратта айтылған.
Смартфондарға арналған операция жүйесін жасайтын, әлемдегі смартфон рыногының 99 пайызға жуығын бақылайтын екі ірі компания смартфон иелеріне коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адаммен байланыста болғанын ескертетін технология жасап жатыр. Өткен аптада технологияның алғашқы нұсқалары белгілі болды.
4 мамырда екі компания бұл технология коронавирус жұқтырғандарды геолокацияға байлап қоюға мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді. Олар осылайша өз клиенттерінің жеке құпиясын қорғауды және үкіметтен де қорғауды жоспарлап отыр деп жазады Reuters агенттігі.
Коронавирусқа қатысы бар бірнеше қосымша жасағандар "науқастарды геолокацияға байлау - вирустың таралымын бақылап, індет ошағын анықтауға ыңғайлы" деп санайды. Techcrunch басылымы коронавирус жұқтырғандардың геолокациясын қадағалау мүмкіндігі Apple мен Google жаңа технологиясын пайдаланбайтын қосымшаларда қала береді деп нақтылаған.
Дүйсенбіде компаниялар британ рыногына арналған бағдарламаның тест нұсқасын мақұлдады деп хабарлайды ВВС.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауға арналған технология жасау жөнінде корпорациялар сәуірдің басында уағдаласқан. Бастапқы болжам бойынша, смартфонды пайдаланушылардың өздері COVID-19 жұқтырғанын хабарлайды, содан кейін олардың телефондары екі апта ішінде жеке қарым-қатынаста болған адамдарына бұл жөнінде жасырын ескерту беріп тұрады.