Коронавирус жұқтырғандар 72 адамға көбейді
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 9 мамыр, таңертеңгі сағат 9:20-дағы мәліметіне сай, елде коронавирус жұқтырған 72 адам анықталған.
Алматы қаласы - 17
Атырау облысы - 9
Батыс Қазақстан облысы - 4
Қызылорда облысы - 2
Маңғыстау облысы - 10
Нұр-Сұлтан қаласы - 17
Түркістан облысы - 11
Шымкент қаласы - 2.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар 4121 адамға жетті. 1173 науқас дерттен жазылып, 29 адам қайтыс болған.
Франция сенаты елді карантиннен шығарғысы келген үкіметті қолдамады
Франция парламентінің сенаты үкіметтің 11 мамырдан бастап елді карантиннен шығару туралы жоспарына келіспеді.
Сенаттың 89 мүшесі қарсы дауыс беріп, 81-і үкіметті қолдады, 174-і қалыс қалды. Қарсы болғандар – социалистер мен коммунистер, қалыс қалғандардың көпшілігі республикашылдар. "Алға, Республика" билік партиясы премьер-министрдің ұсынысын бірауыздан қолдаған.
Өткен аптада парламенттің төменгі палатасы - ұлттық ассамблея үкімет басшысының жоспарын құптаған.
Мамырдың төртіне үкімет Францияны карантиннен шығару жобасын сенатқа ұсынып, карантин режимін әрі қарай сақтау мүмкін емес деп мәлімдеген. Премьер-министрдің сөзінше, туризм, өнер, гастрономия саласының жұмысы тоқтап қалған. Карантин жалғаса берсе, экономиканың дамуы тежеліп, Францияның ауыл шаруашылығы мен инвестициялық тартымына нұқсан келтіреді дейді үкімет.
Үкімет жоспарына қарағанда, егер карантинді тоқтатқаннан кейін алғашқы аптада санитария жағдайы нашарламаса 29 мамырдан бастап діни құлшылық рәсіміне де рұқсат беруге болады.
Сенаттың үкімет жоспарын қолдамағаны COVID-19 індеті жайлы ресми мәліметтер жарияланатын уақытпен тұспа-тұс келген. Бұл мәліметтерге қарағанда, соңғы тәулікте індет салдарынан өлгендер бұрынғыдан 306 адамға көбейген, ал коронавирустан өлгендердің жалпы саны 25 мыңнан асқан. Коронавирус жұқтырғандар Францияда 170 мың адамға жеткен.
ДДСҰ АҚШ билігінің коронавирустың төркіні жайлы болжамымен келіспейді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның "коронавирустың Қытайдың Ухань қаласындағы зертханада пайда болғаны" туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. ДДСҰ өкілдері АҚШ билігінің бұл мәлімдемені растайтын ешқандай дәлел келтірмегенін айтады.
"Біз АҚШ үкіметінен вирустың қайдан пайда болғаны жайлы болжамды растайтын қандай да бір дерек немесе нақты дәлел алған жоқпыз, сондықтан бұл бізге спекуляциялық сарындағы [мәлімдеме] болып естіледі" деп мәлімдеді 4 мамырда өткен онлайн конференцияда ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бойынша бағдарламасының директоры Майкл Райан. Ол вирустың түп-төркінін анықтау үшін саяси емес, "ғылыми тексеру" жүргізуге шақырды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 3 мамырда жаңа коронавирустың Уханьдағы зертханада пайда болғанына "едәуір дәлел барын" мәлімдеген, бірақ ол нақты мысал келтірмеді.
Кейін АВС телеарнасының тікелей эфирі кезінде Помпео оған дейін ДДСҰ мен өзге ғылыми сарапшылар жоққа шығарған әлгі болжамын қайталаған.
Қытайдың мемлекеттік CCTV 4 телеарнасы 4 мамырда "ессіз, түсініксіз" мәлімдеме деп Пампеоның сөзіне шүйлікті. CCTV комментарийінде вирус Ухань зертханасынан тарап кеткен деген болжамды "барып тұрған өтірік" деп атады.
Коронавирус жұқтырғандар 4160 адамға жетті
Қазақстан денсаулық сақтау министірлігі 5 мамыр күні сағат 12:10-да елде COVID-19 вирусы жұққан тағы 39 адам анықталғанын хабарлады.
- Алматы қаласы - 18
- Нұр-Сұлтан қаласы - 5
- Қостанай облысы - 3
- Атырау облысы - 4
- Павлодар облысы - 2
- Қарағанды облысы - 2
- Алматы облысы - 1
- Маңғыстау облысы - 1
- Ақтөбе облысы - 3.
Қазақстанда COVID-19 алғаш рет тіркелген 13 наурыздан бері елде вирус жұқтырғандар 4160 адамға жетті. 1173 адам жазылып, 29 науқас қайтыс болды.