Қазақстанда 34 адам коронавирустан жазылды
Денсаулық сақтау министрлігінің 5 мамырда сағат 13:00 кезінде таратқан мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырған 34 адам дерттен айыққан.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 22, Шымкент қаласында - 3, Қостанай облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2 және Қызылорда облысында 2 адам жазылып шыққан.
Қазақстан бойынша вирустан айыққандар 1207 адамға жетті. Елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы жиынтығы - 4160 адам. 29 науқас қайтыс болды.
Қазақстанда 91 адам COVID-19 дертінен айықты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 мамыр 16.30-ға дейінгі мәліметіне сай, елде сейсенбі күні 91 адам COVID-19 дертінен айықты. Олардың көбі - Алматы қаласы (22) мен Нұр-Сұлтан қаласында (17).
Қазір елде 4160 адамнан (сейсенбіде 111) вирус табылды. Оның 1264-і аурудан жазылды. 29 адам қайтыс болды.
Дерттен айыққандар мына аймақтарда:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 320
- Алматы қаласы – 210
- Қызылорда облысы – 140
- Ақмола облысы – 89
- Қарағанды облысы – 79
- Атырау облысы – 78
- Шымкент қаласы – 61
- Түркістан облысы – 52
- Жамбыл облысы – 51
- Батыс Қазақстан облысы – 41
- Алматы облысы – 39
- Ақтөбе облысы – 33
- Солтүстік Қазақстан облысы – 27
- Қостанай облысы – 15
- Павлодар облысы – 12
- Маңғыстау облысы – 9
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
Қазақстанның бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус тарауы тұрақталып келе жатқанын, кейінгі екі аптада инфекция тарауы 7 пайыздан төмен екенін айтқан.
Есмағамбетованың сөзінше, наурызда дертке шалдыққандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден вирус табылса, сәуірде 1862 адамнан ( 52%) вирус профилактикалы тест алу кезінде анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз – 4 мамыр арасында 306 861 адамнан анализ алынған. Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды.
Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 5 мамыр 17.30-дағы мәліметіне сай, елде тағы 19 адамнан коронавирус табылды: Қарағанды облысы - 6, Нұр-Сұлтан қаласы - 4, Алматы қаласы - 3, Алматы облысы - 3, Түркістан облысы - 1, Шымкент қаласы - 1, Жамбыл облысы - 1.
Қазір елде 4179 адамнан вирус табылды:
- Алматы қаласы – 1356
- Нұр-Сұлтан қаласы – 732
- Қызылорда облысы – 216
- Шымкент қаласы – 216
- Атырау облысы – 206
- Батыс Қазақстан облысы – 198
- Қарағанды облысы – 167
- Ақтөбе облысы – 163
- Алматы облысы – 160
- Жамбыл облысы – 159
- Түркістан облысы – 155
- Павлодар облысы – 152
- Ақмола облысы – 101
- Маңғыстау облысы – 85
- Қостанай облысы – 53
- Шығыс Қазақстан облысы – 30
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Кейбір ел COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантин тәртібін жеңілдетіп жатыр. Оңтүстік Кореяда кинотеатрлар ашылды, Қытайда ішкі туризм жанданды, ал Чехияда көшеге шығып, еркін жүруге болады.