Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

23:03 7.5.2020

7 мамырда 156 адамнан вирус табылды, 110 адам дерттен айықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 7 мамыр 19.00-дегі мәліметіне сай, елде тағы 48 адамнан коронавирус табылды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда (33). Бұдан бөлек, Түркістан облысы - 3, Ақмола облысы - 2, Шығыс Қазақстан облысы - 2, Батыс Қазақстан облысы - 2, Қарағанды облысы - 2, Алматы қаласы - 2, Солтүстік Қазақстан облысы - 1, Шымкент қаласы 1 адамға вирус жұққан.

Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар 4578 адамға (бейсенбіде 156 адам) вирус жұқтырды. 1518 адам (бейсенбіде 110 науқас дерттен айықты) аурудан жазылды. 30 адам қайтыс болды.

09:21 8.5.2020

Павлодарда вирус жұқтырған 57 жастағы науқас қайтыс болды. Елде барлығы 31 адам инфекциядан көз жұмды

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 57 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы 8 мамырда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің дерегінше, науқас 6 мамыр кешкі тоғызға таман көз жұмған. Марқұм бұған дейін бронхит, қан диабетімен ауырған. 26 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ведомство 2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтады.

Бұған қоса, министрліктің 8 мамыр таңертеңгі 9.30-дағы дерегіне сай, елде бірден 112 адамнан коронавирус табылған. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында (72).

Осылайша, Қазақстанда 1460 адамнан вирус анықталды. 1518 адам емделіп шықты. 31 адам қайтыс болды.

Вирус жұқтырғандар мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 1501
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 905
  • Атырау облысы – 256
  • Қызылорда облысы – 225
  • Шымкент қаласы – 224
  • Батыс Қазақстан облысы – 217
  • Қарағанды облысы – 180
  • Алматы облысы – 176
  • Ақтөбе облысы – 172
  • Жамбыл облысы – 171
  • Түркістан облысы – 169
  • Павлодар облысы – 152
  • Маңғыстау облысы – 109
  • Ақмола облысы – 106
  • Қостанай облысы – 61
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 34
  • Шығыс Қазақстан облысы – 32
11:46 8.5.2020

Елде тағы 63 адамнан вирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 8 мамыр 12.30-дағы мәліметі бойынша, елде тағы 63 адамнан коронавирус табылды. Олардың 45-і Нұр-Сұлтан қаласында. Атырау облысында жеті, Қарағанды облысында алты, Шымкент қаласында екі, Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысында бір-бір адамға вирус жұққан.

Осылайша, елде 4753 адамнан (жұмада 175 адам қосылды) коронавирус анықталды. 1582 адам дерттен айықты (жұмада 64 адам жазылды). 31 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наурыздан бері елді 370 мыңнан астам тест алынған. Билік мамырдың соңына таман күніне 25 мың анализ алуды жоспарлайды.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.

12:59 8.5.2020

Якутиядағы университеттің 34 студентіне коронавирус жұқты

Ресейдің Якутия аймағында Шығыс федеральдық университетінің (СВФУ) 34 студентіне коронавирус жұқты. Бұл туралы аймақтың губернаторы Айсен Николаев хабарлады.

“Якутияда бір күнде 52 адамнан коронавирус табылды. Оның 34-і – СВФУ студенті. Вирус тарау ошағы анықталды. Университетте студенттер арасында вирус қатты тарамайды деп үміттенеміз” деді Николаев.

4 мамырда СВФУ жатақханасында бір студенттен коронавирус табылған соң карантинге жабылған. Айсен Николаевтың сөзінше, вирус жұқтырғандарда симптом жоқ, температура көтерілмеген.

Студенттер вирусты қалай жұқтырып алғаны хабарланбады. Сәуірдің соңында Ресей денсаулық сақтау министрлігі және білім министрлігі медуниверситеттердің жоғарғы курс студенттерін коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатқан ауруханаларға тәжірибеден өтуге жіберу туралы шешім қабылдаған. Құжатта студенттер келіскен жағдайда ғана жұмысқа тартылатыны, олармен еңбек келісім-шарты жасалатыны айтылған. Министрлік осы арқылы 40 мың студентті жұмысқа тартпақ. Бірақ кейбір студент “жұмыстан бас тартсаңдар, оқудан шығарамыз” деген қорқыту болғанын айтады.

8 мамырдағы ресми дерек бойынша, Якутия аймағында 437 адамға вирус жұққан. Төрт адам қайтыс болған. Ал бүкіл Ресейде COVID-19 дертіне шалдыққандар 177 мыңнан асып кетті. 1600-ден астам адам көз жұмды.

Тағы

XS
SM
MD
LG