Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:50 10.5.2020

ТЖ алынғаннан кейін де Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі сақталады

Алматыдағы көшелердің бірінде тұрған сақшы. 9 мамыр 2020 жыл.
Алматыдағы көшелердің бірінде тұрған сақшы. 9 мамыр 2020 жыл.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін де Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі сақталады. Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.

11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі аяқталуы тиіс. Әзірге оның мерзімі созыла ма, жоқ па, белгісіз. Дүйсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік ететін мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді.

Ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда блокбекеттер жұмыс істей береді, қалаға кіріп-шығуға шектеу күшінде қалады. Қалаға тек рұқсаты бар адамдар мен көліктер кіргізіледі.

Алматыда қоғамдық көлік таңертеңгі сағат 6 мен кешкі сағат 19.00 аралығында жүреді. Нұр-Сұлтан билігі 11 мамырда мемлекеттік комиссияға астанада қоғамдық көлік жұмысын қалпына келтіру туралы өтініш жасамақ.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай жарияланған. 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын. Кейінірек өзге аймақтарда шектеу шаралары енгізілді. Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемия шарықтау шегіне жетті деп мәлімдеген. Осыдан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жұмсарып, бірқатар бизнес нысандарына жұмыс істеуге рұқсат етілген болатын.

Дегенмен қазір ірі сауда орталықтары, саябақтар, университеттер, дәмхана, мейрамханалар жабық. Оқушылар мен студенттер қашықтан оқып жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 5076 адамнан коронавирус табылған. 1901 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.

22:08 10.5.2020

Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

Жүргізушілерді тексеріп жатқан мамандар. Шымкент, 30 сәуір 2020 жыл.
Жүргізушілерді тексеріп жатқан мамандар. Шымкент, 30 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр түнгі сағат 22.45-те тағы 14 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 2, Атырау облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында 5 адамға вирус жұққан.

Елде вирус жұқтырғандар 5090 адамға жетті. 1941 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.

11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Әзірге оның мерзімі созыла ма, жоқ па, белгісіз. Дүйсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік ететін мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді.

Жергілікті билік Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін де Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі сақталады деп мәлімдеді. Бұл екі қала коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алда тұр.

Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы

09:16 11.5.2020

Қазақстанда тағы 36 адамнан коронавирус табылды

Қала маңындағы елдімекендерде тұратын адамдар коронавирус карантиніне жабылған Алматыға кіреберістегі блокбекетте тұр. 11 мамыр 2020 жыл.
Қала маңындағы елдімекендерде тұратын адамдар коронавирус карантиніне жабылған Алматыға кіреберістегі блокбекетте тұр. 11 мамыр 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елдің алты облысы мен екі ірі қаласында коронавирус жұқтырған ондаған адам анықталған. Алматы қаласында - 10, Ақмола облысында - 1, Атырау облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 3, Қостанай облысында -1, Маңғыстау облысында - 8 және Солтүстік Қазақстан облысында екі адамға вирус жұққан.

Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандар 5126 адамға жетті. 1941 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.

Бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылған. Оның мерзімі созыла ма, жоқ па, ол туралы дүйсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік ететін мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болмақ.

09:33 11.5.2020

Бас санитарлық дәрігер: Ұшақ жолаушысына тест тапсыру қажет емес

Нұр-Сұлтан қаласына баратын ұшақты күтіп отырған жолаушылар. Алматы әуежайы, 1 мамыр 2020 жыл.
Нұр-Сұлтан қаласына баратын ұшақты күтіп отырған жолаушылар. Алматы әуежайы, 1 мамыр 2020 жыл.

Бүгін, 11 мамырдан бастап Қазақстанда ішкі рейстер бойынша әуе көлігі қызметін пайдаланатын жолаушылар, аэропорт қызметкерлері мен экипаж мүшелерінен COVID-19 тестін тапсырғаны туралы анықтама талап етілмейтін болды. Бұл туралы дүйсенбі күні Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Шенеунік бұған "1 мамыр мен 10 мамыр арасында ұшқан жолаушылар мен ұшқыштардан коронавирус табылмағаны себеп болды" деп түсіндірді.

Ал маска тағып жүру, әлеуметтік арақашықтық сақтау, анкета толтыру, адамдардың дене қызуын өлшеу сияқты өзге санитарлық талаптар бұрынғысынша күшінде. Дене қызуы бар немесе ауру белгілері (жөтел, ауа тарылып, демігу) байқалған адамдарды әуежай мен ұшаққа кіргізбей, карантинге жібереді.

Бұған дейін қазақстандық Air Astana әуе компаниясы ұшақ жолаушыларын COVID-19 тестінен өтуге міндеттейтін талапты алып тастауға шақырған. Компанияның айтуынша, "тест бағасы қымбат болғандықтан (11,5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін) тұрғындар ұшақ қызметін пайдалана алмай отыр".

Мамырдың 1-інен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы, кейіннен басқа да бірнеше қала арасында әуе рейстері қайта ашылып, COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы бар жолаушыларға ғана ұшуға рұқсат берілген.

Тағы

XS
SM
MD
LG