Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:17 17.5.2020

Қазақстанда 307 адамнан коронавирус табылды, 273 адам жазылды

Қазақстанда соңғы бір күнде коронавирус жұққан 307 адам анықталды, 273 адам жазылды. Бұл туралы 17 мамырда таңертең коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Коронавирусты анықтайтын тест орталығының қызметкері. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.
Коронавирусты анықтайтын тест орталығының қызметкері. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.

Сенбі күні ең көп науқас Алматы қаласы (93), Шымкент (77) және Атырау облысынан (35) анықталған. Республика бойынша жалпы "өсім 5,2 пайызды құраған".

Елде барлығы 6157 адамға коронавирус жұққан. 2980 ​адам жазылған. 34 адам қайтыс болған.

11:07 17.5.2020

Өзбекстанда вирус жұқпағаны туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана ұшаққа міне алады

Өзбекстанның UzAirways әуе компаниясы 18 мамырдан бастап ішкі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдай бастайды, оған коронавирус жұқпағаны туралы анықтамасы бар азаматтар ғана жіберіледі.

Жолаушылар ұшу уақытына дейін 120 сағат ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығында коронавирус тестінен өтіп үлгеруі тиіс.

UzAirways әуе компаниясының ұшағы.
UzAirways әуе компаниясының ұшағы.

Әуежайға кірген кезде және ұшақ ішінде жолаушылардың қорғаныш маска тағып, қолғап киіп жүруі міндетті, сонымен бірге ұшақ салонында әлеуметтік арақашықтық сақтау керек.

"Узбекистон темир йуллари" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, пойыз жолаушыларына да осыған ұқсас талаптар қойылған. Дүйсенбі күні темір жол қатынасы да қалпына келеді.

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты өзге елдермен көлік қатынасы - 16 наурызда, ел ішінде 27 наурызда тоқтаған.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 2686 адамнан коронавирус табылған, 2 адам жазылған. 11 адам қайтыс болған.

12:54 17.5.2020

Қытай пандемия кезінде құны 19 млрд доллар болатын медициналық тауар сатқан

Әлемде коронавирус пандемиясы өршіген кезең - наурыз, сәуір және мамыр айларында Қытай шетелге құны 19 млрд доллар болатын медициналық заттар сатқан. Бұл туралы Қытайдың кеден қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Ухань әуежайында кетіп бара жатқан медицина қызметкерлері және робот полицей. Қытай, 8 сәуір 2020 жыл.
Ухань әуежайында кетіп бара жатқан медицина қызметкерлері және робот полицей. Қытай, 8 сәуір 2020 жыл.

Шетелге экспортталған тауарлар арасында 509 млн маска, 216 млн қорғаныш киім, 810 млн көзәйнек, 162 млн тест жабдығы, 727 мың жасанды тыныс алу аппараты, 10,4 млн медициналық қолғап және 264,3 млн инфракызыл термометр бар.

Бұл тауарларды негізінен АҚШ, Германия, Жапония, Франция және Италия сатып алған.

13:31 17.5.2020

Қазақстанда тағы 76 адам коронавирустан жазылып шықты

Бұл ақпаратты коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады. Елде барлығы 3056 адам жазылған. Бұл коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығын құрайды.

Соңғы бір күнде Қазақстанда 307 адамнан коронавирус табылған. Барлығы 3157 науқас болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG