Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

19:34 18.5.2020

Алматыда тағы бір адам вирустан қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 18 мамырдағы мәліметіне сай, Алматыда 1961 жылы туған әйел адам COVID-19 дертінен қайтыс болды.

Министрлік жанындағы өлім-жітімді зерттейтін арнайы комиссия тұрғынның өліміне "коронавирус инфекциясы себеп болған" деген шешім қабылдаған. Министрлік марқұм жайлы басқа деректерді жарияламады.

Коронавирустан Алматы қаласында он адам қайтыс болды. Алматы қаласы вирус жұқтырғандар (1848), емделіп шыққандар (930) және қайтыс болғандар саны бойынша алдыңғы орында тұр.

Ал елде вриустан барлығы 35 адам көз жұмды. 6440 адам вирус жұқтырды. 3469 адам емделіп шықты.

Вирустан көз жұмған 35 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 10
  • Шымкент қаласы – 6
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 5
  • Ақмола облысы – 4
  • Қарағанды облысы – 3
  • Павлодар облысы – 2
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Қостанай облысы – 1
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1
20:13 18.5.2020

Карантинде табысынан айырылғандар қара жұмыс іздеп жүр

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда екі ай бұрын жарияланған карантин елдегі жұмыссыздар санын арттырды. Алматы көшелерінде жұмыс іздеп жүргенін, еңбекақы азайғанын айтатындар көп. Бірақ еңбек министрлігі де, статистика комитеті де нақты қанша адамның табыссыз қалғанынан хабарсыз. Әлеуметтанушы «жұмыссыздар карантиннен соң еселеп артады» дейді.​

"Жұмыссыздар еселеп артады". Табысынан айырылғандар қара жұмыс іздеп жүр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:30 0:00

20:44 18.5.2020

Ақтөбеде сатушылар көлік бөлшектерін сататын базарды ашуды талап етті

"Көл-auto" жабық базарының сатушылары сауда орнын ашуды талап етіп тұр. Ақтөбе, 18 мамыр 2020 жыл.
"Көл-auto" жабық базарының сатушылары сауда орнын ашуды талап етіп тұр. Ақтөбе, 18 мамыр 2020 жыл.

18 мамыр күні Ақтөбедегі автокөлік бөлшектерін сататын «Көл-Auto» жабық базарының саудагерлері карантин шарттарын жеңілдетіп, жабық базардың жұмысын бастауға рұқсат беруді талап етті. Сауда орталығы жанына жиналған ондаған адам 30 наурыздан бері үйде отырып, қаржыдан қинала бастағанын айтты.

«Көл-Auto» жабық базарының саудагер Мұрат Еспаев «Билік қосалқы бөлшек сататын Ақтөбедегі өзге орталықтардың жұмысына рұқсат берді. Мысалы, «Илек» сауда үйі мен «Батыс Қазақстан» жәрмеңкесі (жұрт арасында ЗапКазЯрмарка деп аталып кеткен – ред.) жұмыс істеп тұр. Олардың аумағы бұл жерден анағұрлым үлкен» дейді.

Тағы бір кәсіпкер Мария Куркунованың айтуынша, «Көл-Аuto» жабық базары да 5 мамыр күні ашылып, екі тәуліктен соң қайта жабылған. Куркунованың сөзін «Көл-Аuto» орталығының өкілі Ирина Моисейченко де растап отыр.

- Қала әкімдігінен келген комиссия сауда орталығын аралап, «санитарлық талаптарға сай» деген тұжырымға келді. Қолымызға акт берген соң кәсіпкерлер жұмысына кірісті. 7 мамыр күні санитарлық-эпидемиологиялық мамандар келіп қайта жапты, - дейді орталық әкімшісі.

Моисейченконың сөзінше, «Көл-Аuto» екі мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Орталықта жүзге жуық кәсіпкер қосалқы бөлшек сатады. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі эпидемологиялық жағдай жақсарса, аумағы екі мың шарты метрді құрайтын сауда орындарын ашуға рұқсат берген.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілі Айсәуле Оралбаева Азаттыққа «Ақтөбе қаласында COVID-19 ауруының деңгейі 10-17 мамыр аралығында 7 пайыздан асып кетуіне байланысты кейбір орындардың ашылуы кейінге қалды. «Көл-Аuto» жабық базарының қашан ашылатынын нақты айта алмаймыз. Ол облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты» деді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, қазір Ақтөбеде ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін сататын орталықтар, ғана жұмыс істеп тұр. Илек» сауда үйі мен «Батыс Қазақстан» жәрмеңкесінде де ауыл шаруашылық техникасын сататын орындар ашық.

- Бұл диқандардың қажеттілігін ескеріп, қабылданған шешім, - дейді Оралбаева.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 18 мамырдағы мәліметіне сай, Ақтөбе облысында 228 адам коронавирус жұқтырған. 147 адам емделіп шықты. Ал ел бойынша 6440 адамнан вирус табылды. 3469 адам дерттен айықты. 35 адам қайтыс болды.

08:32 19.5.2020

Атырау өңірінде COVID-19 жұқтырғандар 142 адамға көбейді

Елдімекенге кіреберістегі блокпоста отырған дәрігер. Көрнекі сурет.
Елдімекенге кіреберістегі блокпоста отырған дәрігер. Көрнекі сурет.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 311 адам анықталды, оның 142-і Атырау облысында тіркелген. Сол сияқты, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 19 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 36
  • Алматы қаласы - 24
  • Шымкент қаласы - 31
  • Атырау облысы - 142
  • Қостанай облысы - 19
  • Түркістан облысы - 18
  • Ақмола облысы - 8
  • Қарағанды облысы - 13
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 6
  • Қызылорда облысы - 4
  • Алматы облысы - 3
  • Жамбыл облысы - 3
  • Павлодар облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 1.

13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 6751 адам жетті. 3469 науқас дерттен жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG