Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

19:58 19.5.2020

07:32 20.5.2020

ДДСҰ ассамблеясы пандемияны зерттеуге келісті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) денсаулық сақтау министрлері деңгейінде әлем елдерінің коронавирус инфекциясымен күрес шараларын зерттеу туралы резолюцияны қолдады.

Резолюция жобасын Еуроодақ ұсынған, оны жүзден астам ел қолдады. Арасында Ресей мен Қытай да бар. Ешбір ел қарсы болған жоқ.

Құжатта індеттің тарауына халықаралық реакцияны "тәуелсіз әрі жан-жақты" зерттеу қажеттігі туралы айтылған. Алайда вирустың пайда болуын зерттеу қажеттігі айтылмаған және вирус алғаш пайда болған мемлекет - Қытай туралы да сөз жоқ.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Женевадағы конференцияда сөйлеп тұр. 18 мамыр 2020 жыл.
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Женевадағы конференцияда сөйлеп тұр. 18 мамыр 2020 жыл.

ДДСҰ ұйымының жиыны видеоконференция форматында өткен. БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш пандемияны қазіргі заманның ең күрделі мәселесі деп атады және әзірге оған қарсы тұратын тиімді құрал табылмағанын атап өтті. Гутерриштің сөзіне қарағанда "түрлі елдер вируспен әрқалай күресіп жатыр және кейде даулы стратегиялар қолданады".

ДДСҰ-ның жұмысын АҚШ президенті Дональд Трамп өткір сынаған. Вашингтон Пекин эпидемияның шынайы тарау ауқымын жасырды деп санайды. Америка билігінің ойынша, ДДСҰ Пекиннен түскен ақпаратқа сенді және індеттің қаупін дұрыс бағалай алмады деп есептейді.

Сейсенбі күні Трамп ДДСҰ-ны 30 күн ішінде "жұмысын жақсартуға шақырды". Трамптың айтуынша, егер ұйым қандай да бір нәтиже шығармаса, АҚШ бұл ұйымға мүше болу-болмау мәселесін де қайта қарастыруы мүмкін және қаржыландыруды мүлде тоқтатуы ықтимал.

Соңғы ақпарат бойынша, әлемде 5 миллионға жуық адамға вирус жұққан. 320 мыңнан астам адам қайтыс болған.

07:57 20.5.2020

COVID-19 ауруынан емделген Михаил Мишустин қызметіне оралды

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қызметіне оралды. Президент Владимир Путиннің жарлығы Кремль сайтында жарияланды.

Сәуір айының соңында премьер-министрден коронавирус табылып, Мишустин 30 сәуірден бастап емделуге кеткен болатын. Оның міндетін вице-премьер Александр Белоусов уақытша атқарған.

Михаил Мишустин.
Михаил Мишустин.

Мишустин ауруханада емделіп жатып, бірнеше рет жиын өткізген. Алайда оның міндетін орынбасары уақытша атқарғандықтан жиынға кім ретінде қатысқаны белгісіз.

Мишустиннен бөлек, үкіметте құрылыс министрі Владимир Якушев (ол қазір әлі емделіп жатыр), мәдениет министрі Ольга Любимова және ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковтан коронавирус инфекциясы табылған. Бұған қоса, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен госдуманың бірнеше депутаты COVID-19 ауруына шалдыққан.

08:30 20.5.2020

Қазақстанда бір күнде 218 адамнан коронавирус табылды, 129 адам жазылды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 218 адам анықталды, оның 50-і Шымкент қаласында тіркелген.

Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қарағанды облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 20 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы - 32

Алматы қаласы - 37

Шымкент қаласы - 50

Атырау облысы - 23

Қостанай облысы - 12

Түркістан облысы - 5

Қарағанды облысы - 24

Батыс Қазақстан облысы - 10

Қызылорда облысы - 5

Алматы облысы - 7

Жамбыл облысы - 9

Маңғыстау облысы - 1

Ақтөбе облысы - 1.

Бір күнде 129 адам жазылған.

13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 6959 адам жетті. 3598 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG